Құрметті талапкер!
Егерде сізді компьютермен жұмыс және программалауқызықтырса, онда сіз «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқуға лайықтысыз және сіз бізбен бірге болу керексіз!
Біздің төмендегі мамандықтарға түсу арқылы өзіңнің біліміңді, қабілетіңді дамытуға және шыңдауға болады:
Мамандық 5В070300– «Ақпараттық жүйелер»
Білім беру траекториясы: Бизнестегі ақпараттық жүйелер және технологиялар; Ақпараттық жүйелер және WEB-технологиялар.
Академиялық дәрежесі: техника және технология бакалавры
Оқу мерзімі: 4 жыл
Таңдау пәні: физика
Осы мамандықтың түлектері есептеу техникасын пайдаланылатын барлық сфераларда табысты жұмыс істейді:
– өндірістік, сауда, қаржылық компаниялар;
– банктер, сақтандыру компаниялары, қаржылық және консалтингтік фирмалар;
– ірі кәсіпорындардың ақпараттық және қаржылық-экономикалық қызметтері;
– акционерлік қоғамдар және жеке фирмалар;
– ақпараттық бизнес сферасындағы әртүрлі ұйымдар;
– мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік мекемелер;
– құқық қорғау органдары;
– ғылыми-зерттеушілік және жобалық институттар;
– жоғары және орта-арнайы оқу мекемелері.
Біздің университетте оқып жүріп, сіз мына жерлерден
практикадан өте аласыз!
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Семей қаласының «Экология Департаменті», АҚ «Семей Инжинеринг», ЖШС «Казақстандық ақпараттық технологиялар», ЖШС «Силикат» және де тағы да басқа көптеген ұйымдарда кәсіби тәжірибеден өте аласыз.
Университеттің ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРЫМЕН ЖӘНЕ КІТАПХАНАДА кітаптар қорын және СПОРТ КЕШЕНІН шектеусіз қолдана аласыз.
Өзіңді ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН кез-келген іспен айналысуыңызға болады:
– көңілді тапқырлар клубы /КВН/
– вокал, би
-спорттық секциялар және т.б.
Әр түрлі қоғамдық ҰЙЫМДАРДЫҢ мүшесі бола аласыз:
– жастар ісінің комитеті
– Қазақстан студенттернің Альянсі
– Студенттер Кеңесі және т.б.
ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!