Кафедра меңгерушісі: Золотов Александр Дмитриевич
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-84-38

Кафедра 1977 жылы ет және сүт саласындағы Семей институтының инженерлік-технологиялық факультетінің құрамында құрылған. Кафедраның ұйымдастырушысы мен бірінші басшысы техника ғылымдарының докторы,профессор Фрезоргер Анатолий Давыдович болды. Кафедра «Автоматты және автоматтандырылған басқару жүйелері» деп аталды және жалпытехникалық дәрежеде болды.
1981 жылы 0639 «Өндірісті және технологиялық процесстерді автоматтандыру» мамандығы бойынша студенттерді қабылдау жүргізілді. 1986 жылы ең бірінші автоматтандыру бойынша инженер квалификациясымен мамандар шығарылды. Содан бастап 1000 жуық мамандар даярланды.
2004 жылдан бастап Автоматтандыру және басқару кафедрасы 050702 «Автоматтандыру және басқару» және 050704 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағыты бойынша бакалаврларды шығарды.
Қазіргі уақытта кафедраны техникалық ғылымдардың кандидаты,доцент,ақпарат бойынша халықаралық академияның корреспондент мүшесі Золотов Александр Дмитрийұлы басқарады. Берілген мамандықтар бойынша жаттықтырылған кафедра түлектері ақпараттық технологиялармен байланысты қызметтің ең түрлі-түрлі бағыттарында өз білімдерін пайдалануға мүмкіндіктер таба алады.
Осындай профиль маманының сұранысы айтарлықтай барлық қызмет салаларында жүйелер мен бағдарламалық-техникалық заттардың белсенді дамуымен анықталады.
Қазіргі уақытта кафедра құрамында Томск университетінің басқару жүйесі және радиоэлектроника, Павлодар университетінің,Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлектері жұмыс істейді. Кафедраның негізгі құрамы түгелдей ғылыми-зерттеулік және педагогикалық тәжірибеге ие өз түлектерімен толықтырылған.
Оқу жұмыстарында кафедра оқытушылары интерактивті оқу әдісіне көп көңіл бөледі. Оқу процесінің компьютеризациясы жергілікті желіге қосылған және оқытылатын,ақпараттық бағдарламалармен байытылған компьютерлермен қамтамасыз етілген және кафедраның барлық компьютерлік кластарында интернетке шығу мүмкіндігі бар.
Ғылыми-зерттеулік жұмыстар — басқару және бақылау жүйелерін жобалау әдістері мен теориясының,ақпараттық-коммуникациялық технологиялар төңірегінде әр-түрлі бағыттар бойынша жүргізіледі. Кафедрада студенттермен ғылыми-зерттеулік жұмыстар белсенді жүргізіледі. Жоғарғы курс студенттері ғылыми жұмысты кафедра оқытушыларының басшылығымен орындайды. Студенттердің үздік ғылыми жұмыстары СМУ-нің жылдық конференциясында таныстырылады.

Мемлекеттік деңгейде басекелестікке қабілетті және заманауи компьютерлік техниканы меңгерген,өндірісті және технологиялық процестерді автоматтандыру төңірегінде жоғарғы квалификациялы мамандарды даярлау.

  1. Кафедраның оқыту бағдарламасының ұлттық арнайы аккредитациядан өту.
  2. Кафедрадағы өтілетін пәндер бойынша мультимедиалық және бейнекурстардың, арнайы программалық қамсыздандыру деңгейін 30 % көтеру.
  3. Студенттердің адамгершілік құндылықтары мен патриотизмді, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жалпы университеттік өмірге 100% қатысуда өзін-өзі жетілдіруге және дамытуға қолайлы жағдай жасау.
  4. Профессорлық –оқытушылық құрамның ғылыми және педагогикалық біліктілігін , біліктілік жоғарылату және ПОҚ тәжірибеден өту жолымен, ПОҚ – ның жалпы санынан 20% көтеруді қамсыздандыру.
  5. Импакт-факторлы журналға 2 мақала баспадан шығару.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы түрлі республикалық және халықаралық ұйымдарда квалификация жоғарылату курстарын өтеді

Оқу-әдістемелік жұмыс –оқу процесін жүргізу үшін көрнекі және оқу-әдістемелік жәрдемақылармен кафедра мамандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.Кейінгі үш жылда 3 оқу-әдістемелік жәрдемақылар,6-электронды кітаптар,лабораториялық практикумдар , практикалық сабақ және СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жасалған.

Ғылыми бағыттар:
• Заманауи технологиялар базасының өндіріс автоматтандыруы.
• Технологиялық процестермен басқару үшін бағдарламалық қамсыздандыру жұмыстары.

Королева О..ВТ-012 тобы  – Қылыш сермеуден жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионатының алтын жүлдегері золотой 2012 ж., жасөспірімдер арасындағы жеке есепте  3-дүркін Казахстан чемпионы,ҚР чемпионаты мен турнирлердің  көпдүркін жүлдегері, қылыш сермеуден Москва қаласындағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері наурыз-сәуір  2012ж.
Жумадилова С..АУ-923 тобы – тоғызқұмалақтан спорттық жарысқа қатысуы 2011-2012 жылдар, 1,2 – орын.
Өмірбеков А..АУ-823 тобы, Касимов К.АУ-109тобы – университет ішінде ректор чемпионатында 1-орынға ие болды.Ганза Т. АУ-010 тобы – Нурмахановты еске алу халықаралық турнирінде 1-орын алды 2012ж ,Нурмагамбетов  халықаралық турнирінің финалисті  ,бокстан 2012ж 1-орын алды.
Турчанов Т..ВТ-918с  тобы – ғылыми-практикалық конференциядан 2011ж 1-орын алды.
Рахметуллин Р..ВТ-928 тобы– ғылыми-практикалық конференциядан 2011ж 2-орын алды.
Алимбаева Г.,Ихсанова А..АУ-923 тобы – ғылыми-практикалық конференциядан 2011ж 1-орын алды.