БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 8(7222)35-34-45
E-mail: kafedra.fizkul@mail.ru

1964 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Семей қаласындағы бөлімшесінде филиалы негізінде «Дене тәрбиесі» кафедрасы ашылды. Алғашқы кафедраның меңгерушісі болып Дехтяр Олег Владимирович болып тағайындалды.

1979 жылдың аяғында спорт ғимаратын пайдалануға беру жөніндегі актіге қол қойылып, 1980 жылдың наурызынан бастап спорт кешен студенттер мен оқытушыларға, институт қызметкерлері мен қала тұрғындарына есігі айқара ашылды. Студенттер мен қала тұрғындарына: 25×14 м жүзу бассейні, 18×12 м дайындық залы, бір мезгілде 190 адам қабылдай алатын мүмкіндігі бар кешен үлкен сый болды.

         Кафедра тарихы спорттық жетістіктер мен нақышты үрдістерге бай. Институтта дзю-до, грек-рим, қазақ-күрес, семсерлесу, шаңғы, көркем гимнастика, жүзу, үстел теннисі, баскетбол, волейбол, футбол түрлерінен құрама командалар жасақталып, жоғары нәтижелерге кол жеткізді. Командаларға білікті мамандар жетекшілік жасады, олардың ішінде Қазақстанға еңбегі сіңген бапкерлер және дене шынықтыру саласының үздіктері, спорт шеберлері – Дехтяр О.В., Амиржанов Т.Б., Кобзев А.Ф., Сидельников А.В., Астафьев В.П., Сентякова Н.В., Дукумбаев С.В., Жумадилханов А.А., Шерепов В.Б., Савостеня В.М., Ускимбаева Г.С. Губанов И.В.

         Спорт кешеннің күрес залында дзю-до күресінің бапкері Т.Б.Амиржановтың жетекшілігімен 54 «КСРО Спорт шеберлері» дайындалды, олардың ішінде Тұрмыс Халелов – студенттер арасында КСРО күміс жүлдегері, Әли Хамхоев – Еуропа чемпионы, КСРО халықтары спортакиадасының күміс жүлдегері, Вешагуров Ибрагим – Еуропа біріншілігің күміс жүлдегері, Адаев Николай – студенттер арасында КСРО жүлдегері, Муканов Қайрат – КСРО Спорт шебері, бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Семсерлесу спортының жаттықтырушысы Олег Владмирович Дехтярдың жетекшілігімен оншақты «Спорт шеберлігінен үміткерлер» мен «КСРО Спорт шеберлері» дайындалды, олардың ішінде Қазақ ССР-інің жүлдегерлері, бүкілодақтық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері – Богданов Олег, Даниленко Игорь, Елгин Андрей. Жүзу бассейінде И.В. Губанова мен А.В.Сидельниковтардың жетекшілігімен облыс, республика көлемінде жетістікке жеткен белгілі жузушілер – Сидельникова Нина – КСРО Спорт шебері, Ларкина Ирина, Перепочев Андрей, Наумов Владимир, Швец Александр – Қазақстан ЖОО арасындағы спартакиадасының жүлдегері дайындалды.

Спорт кешенінде әр деңгейде қалалық, облыстық, республикалық бүкілодақтық жарыстар өткізіліп келеді. 1983 жылы ең алғашқы жарыс еркін күрестен жастар арасында КСРО ауыл спортшылары ойындары өткізілді. 1985 жылы самбо күресінен жасөспірімдер арасында бүкілодақтық кәсіподақ ерікті спорт қоғамының біріншілігі өткізілді (ВСДСО) жүзуден, күрес түрлерінен, семсерлесуден, футбол, волейбол, баскетболдан студенттердің Қазақ ССР-і финалдың жарыстары өткізілді.

         1984 жылы кафедрада «Қазақстанның ЖОО студенттерінің дене тәрбиесін жетілдіру жолдары» атты республикалық ғылыми практикалық конференция өткізілді. 1990 жылы Қазақ ССР-і халыққа білім беру Министрлігінің дене тәрбиесі жөнінде оқу-әдістемелік республикалық пленум өтті.

         Кафедра оқытушылары дәрістік, ғылыми-әдістемелік бағытта және жоғары кәсіби білімдегі педагогикалық проблемалар жөніндегі республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға жүйелі түрде қатысты.

         Кафедра ұжымы «Студент жастарының дене шынықтыру саласындағы салауатты өмір салты» атты халықаралық әлеуметтік ізденіс жұмысына қатысты. Есебі БҒІИ-орталығына жіберіліп, қортындысы әр деңгейдегі ғылыми форумдарда жарияланды.

         Кафедра оқытушылар С.Н. Королева мен Б.Т. Сақаев Халықаралық Олимпиада Комитетінің аясында «Қазіргі заман Олимдиадалық спорт және спорт барлығы үшін» атты халықаралық ғылыми конгресске қатысты.

Спорт кешенінде көптеген халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізілді: Олардың бірі Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына орай Халықаралық көркем гимнастикадан турнир өткізіліп, бұл жарысқа Орта Азия елдері және Қазақстанның түпкір-түпкірінен ғана емес, сонымен қатар шет елдерден қонақтар келді. Әлем кубігінің иегері, олимпиаданың күміс жүлдегер, совет одағының тоғыз дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыхановтың Әлем чемпионы турниріне Оңтүстік Корея, Қытай, Иран, Ресей, Беларуссия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан спортшылары қаттысты.

         1995 жылы қаланың беделді үш оқу орны (технологиялық институты, педагогикалық институты және зооветеринарлық институты) біріктіріліп университет мәртебесі берілді. Кафедра оқытушылары 60-қа жетіп, көлемі ұлғайды. Оған доцент О.В. Дехтяр меңгерушілік етті. Әр жылдарда кафедраны А.В. Голубев, Е.М. Мұхамеджанов, Б.М. Тусеев, С.Н. Королева, Т.А. Калияуов басқарды. Кафедра құрамында тұнғыш Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы Ж.Үшкемпіровтің жаттықтырушы, «КСРО-ға Еңбегі сіңген бапкері» Р.Х. Ильматов, «ҚР Еңбегі сіңген бапкерлері» –                              С.С. Коржикенов, «ҚР Спорт шебері», самбодан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Ш.Б. Тұрсынов. Университеттегі оқуын бітіргенен кейін   кафедраға самбо күресінен Әлем Чемпионы Қ.М. Кунсафинты жұмысқа қабылдады. Семей Мемлекеттік университеті кезінде де талай ірі жарыстар мен турнилер өткізілді. Күрес түрлерінен Халық Қаһарманы А.И.Атмачиди, Қазақстанға Еңбегі сіңірген бапкері Болат Тұрлыханов, Социалистік Еңбек Ері, құрметті ұстаз Ж. Шәйжунісов атындағы турнирлер өткізілді.

         2005 жылдан осы уақытқа дейін жыл сайын дәстүрлі түрде баскетболдан алғашқы кафедра меңгерушілерінің бірі Е.М. Мұхамеджановты еске алуға арналған халықаралық турнир өткізіліп келеді. Ол кісінің басшылығымен университет құрама командасы ҚР жазғы Универсиадасында жүлдегерлер қатарында болды. Бұл турнирде студенттер командасымен қатар Ресейдің Рубцовск қаласынан ардагерлер құрамасы және ҚР-ның барлық аймақтарынан құрама командалар қатысуда.

         2009 жылы жасанды көгал алаң төселген футбол алаңы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда студенттер мен футбол сүйер қауымға қызмет көрсетуде. Онда әр деңгейдегі турнирлер мен спорттық-сауықтыру шаралары жиі өткізіліп тұрады.

Студенттер мен оқытушылар арасында бұқаралық спорты дамыту мақсатында жыл бойы әр түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Спорт кешен көптеген студенттерге, профессорлық-оқытушылар құрамға және қызметкерлерге оқу мен жұмыстан бос уақыттарында жаттығу залдарында спорттың кәсіби деңгейлерін көтеруге және көптеген жарыстарға қатысуларына мүмкіндік береді.

         Қазіргі таңда кафедрада 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 ҚР Еңбек сіңірген бапкері, 1   ФИФА төрешісі, 2 Спорт шебері.

01.09.2014 жылы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы төмендегідей:

Сақаев Б.Т. – кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент м.а.

Тұрсынов Ш.Б. – доцент, ҚР Еңбек сіңірген бапкері, қазақ-күресінен халықаралық деңгейдегі төреші

Тұрашов Д.К. – аға оқытушы, КСРО СШ, самбо күресінен Республикалық дәрежедегі төреші

Вдодович И.В. – аға оқытушы, ҚР полиатлон бойынша СШ

Королева С.Н. – аға оқытушы

Орлов В.Г. – аға оқытушы

Шкода И.В. – оқытушы

Қожабаев Б.Ж. – оқытушы

Қажиякпаров Н.Б. – оқытушы

Мустакаев Р.Н. – оқытушы

МохирА.А. – оқытушы

Мұқажанов Н.К. – оқытушы

Барило А.М. – бапкер-оқытушы, ҚР биатлон бойынша Еңбек сіңірген бапкері, Халықаралық дәрежедегі төреші

Заякин В.Г. – бапкер-оқытушы, футболдан ФИФА төрешесі

Абаков Р.А. – жеңіл атлетикадан бапкер-оқытушы, Халықаралық дәрежедегі төреші

«Дене тәрбие» кафедрасы Университетің бөлімшесі бола тұрып өзінің қызметінде университет жұмысының жарғысы мен регламентіне, сонымен қатар сапа саласының саясатына сүйенді.

Дене шынықтырумен айналасу білімділік және салауаттандыру міндеттерін алға қояды:

  • дене шынықтыру мен спортпен шұғылданудың өмірлік маңызды физикалық сапаларды дамыту мен жетілдірудің, көпжылдық денсаулық пен жұмысқа қабілетті қалыпты сақтау туралы ғылымға сүйенген жалпы білім беру қажет, және де дене шынықтыру жаттығулардың және спорттың жүйелі қажеттелігін жайлы мақсатты құндылықтарды қалыптастыру керек;
  • дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік–мәдени тәжірбиесі мен әлеуметтік-мәдени құндылығын, физикалық қабілеттердің дамуын және жан-жақты дағды мен қабілетті қалыптасуын қамтамасыз ету;
  • дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекеттін әр түрлі формаларын пайдалана отырып ұйымдастырушылық қабілеттін дамыту;
  • дене тәрбиесінің амалдары мен әдістерін пайдалана отырып, психикалық күйді басқаруды үйрету;
  • жеке биологиялық мүмкіндікті, кәсіби қабілетті ескере отырып, физикалық жаттығу жүйелері мен қоршаған орта фактірлерін қолдану арқылы ағзаның физикалық қорын дифференциалдық басқаруды ғылымға сүйенгенін қамтамасыз ету;
  • бос уақытында спорт түрлерімен салауатты өмір салты мен физикалық жаттығуларды үйрену;
  • кәсіби аурулардың алдын алу профилактикасы ретінде дене шынықтыру амалдарын салауаттандыру-сауықтандыруды, спорттық-сауықтандыру туризмді,   жаттығулар жүйесін (дамыту, қалыпқа келтіру, алдын алу) қолдануды үйрету.

Студент пәнді игеру нәтижесінде білулері қажет:

білу – жеке дене сапасынның дамуы негізін;

меңгеру – өзін-өзі бақылауды және өз ағзасының функционалдық қалпын бағалай алудың дағдысын;

игеру – дене тәрбиесінің жаттығуларының физиологиялық және функционалдық мағынасын;

істей алу – дене тәрбиесінің амалдарын қолдана отырып, өз бетінше бос уақытын ұйымдастырудың дағдысын қалыптастыру;

түсіну – дене тәрбиесі амалдарын қосымша қолдана отырып ауруды емдеу және алдын алумен қатар денсаулығын нығайту;

болуы – болашақ кәсіби маман ретінде дайындық деңгейі мен физикалық тұрғыдан дайындығы дәрежесі қанағаттандыралық;

алуы тиіс – дене тәрбиесі саласындағы негізгі білім және тәжірибеде қолдана алу дағдысын.

Осы міндеттерді шешу жолында кафедра келесі функцияларды атқарады:

  • білім алудың барлық формаларын қолдану арқылы оқу түрлері мен оқу жұмысының барлық түрлерін өткізу;
  • жұмыс бағдарламасы мен жұмыс жоспарын құрастыру;
  • жоғарғы кәсіби білімнің педагогикалық, ғылыми-әдістемелік бағыттарының және ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, теориалық мәселелердегі қиыншылықтары туралы университет ғылыми кеңесіне қаттысып, оны талқылау;
  • оқу үрдісінде студенттерге арналған дене тәрбиесі саласындағы ғылыми-әдістемелерді құрастырудың және шығарудың жоспарларын дайындауды қамтамасыз ету;
  • тәжірибелік, секциалық білімін, студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың жоғарғы деңгейде болуын қамтамасыз ету;
  • студенттердің ҒЗЖ ұйымдастыру мен бақылау, студенттердің жұмыстарның жарыстары мен байқауларын өткізу:

Студенттерді жинауды қамтамасыз ету үшін үгіт және насихат жұмыстарың ұйымдастыру.

Спорттық секция мен тренажерлар жұмысы арқылы салауатты өмір салтын жүргізу қажеттілігін түсінуді тәрбиелеу.

Студенттердің жан-жақты тұлға ретінде дамуын қалыптастыру үшін, олардың сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету.

Спорт клуб жұмысын ұйымдастыру арқылы студенттер мен оқытушылардың физикалық және психофизикалық калпын оптимизациялау.

Дене тәрбиесі мен спорттық іс-шаралар мен спорттық жарыстар өткізу арқылы студенттер мен оқытушыларды салауаттандыру.

Мамандық бағытына байланысты сапаны жоғарлату міндеттері КҚДД (кәсіби колданбалы дене дайындықтарын) қолдана отырып, әр мамандыққа сәйкес ғылыми зерттеулерді тақырып бойынша семинар өткізу.

Кафедраның басты мақсаттары:

  • студенттердің жүйелі білім мен тәжірибелік дағды мен қабілеттерді меңгеруі арқылы физикалық тұрғыдан жетілдіруді қамтамасыз ету, салауаттандыру, жоғарғы кәсіби шығармашылыққа белсенділікке даярлау;
  • дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданудың өмірлік маңыздағы физикалық сапаның жетілдіруді, денсаулық пен үйлесімді кәсіби жұмысқа қабілеті қалыпты сақтау, ғылымға сүйене отырып негізгі білім беру қажет;
  • дене тәрбиесі мен физикалық жаттығуларды және спорттың жүйелі қажеттелігін және мақсатты құндылықтарды қалыптастыру;
  • дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік–мәдени тәжірбиесі мен әлеуметтік-мәдени құндылығын, физикалық қабілеттердің дамуын және жан-жақты дағды мен қабілетті қалыптасуын қамтамасыз ету;
  • дене тәрбиесі-спорттық қызметтінің әр түрлі формаларын пайдалана отырып ұйымдастырушылық қабілетті дамыту;
  • дене тәрбиесінің амалдары мен әдістерін пайдалана отырып, психикалық күйді басқаруды үйрету;
  • жеке биологиялық мүмкіндікті, кәсіби қабілетті ескере отырып, физикалық жаттығу жүйелері мен қоршаған орта фактірлерін қолдану арқылы ағзаның физикалық қорын дифференциалдық басқаруды ғылымға сүйенгенін қамтамасыз ету;
  • бос уақытында спорт түрлерімен салауатты өмір салты мен физикалық жаттығуларды үйрену;
  • кәсіби аурулардың алдын алу профилактикасы ретінде дене шынықтыру амалдарын салауаттандыру-сауықтандыруды, спорттық-сауықтандыру туризмді,   жаттығулар жүйесін (дамыту, қалыпқа келтіру, алдын алу) қолдануды үйрету.

 

 

Аты-жөні Қызметі Біліктілікті арттырудың түрлері (БАФ, сынақ, біліктілікті арттыру курсы, басқа курстар, атауын көрсету) Біліктілікті арттыру курстарын өту мерзімі

 

Ұйымның атауы, біліктіру арттыруды өткен қала

 

Сақаев Б.Т.

 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі

 

 

 

 

Біліктілікті арттыру
курстары 

 

 

 

 

«ҚР интеллектуалды меншікті қорғау және сақтау» оқыту семинары

 

31.05. 2013 ж.

 

 

 

 

 

 

06.12.2013 ж.

 

 

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі
орталығының құрылымы» (ҰҒПДТОҚ) 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Вдодович И.В.

 

Аға оқытушы «ҰҒПДТОҚ» біліктілікті арттыру курстары 31.05. 2013 ж.

 

ҰҒПДТОҚ

 

Королева С.Н. Аға оқытушы «ҰҒПДТОҚ» біліктілікті арттыру курстары

 

«ҚР интеллектуалды меншікті қорғау және сақтау» оқыту семинары

 

31.05. 2013 ж.

 

 

06.12.2013 ж.

 

 

 

ҰҒПДТОҚ

 

 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тұрашов Д.К. Аға оқытушы «ҰҒПДТОҚ» біліктілікті арттыру курстары 31.05. 2013 ж. ҰҒПДТОҚ

 

Орлов В.Г. Аға оқытушы Педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілікті арттыру курстары 12.10.2013 ж. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамның филиалы
Шкода И.В.

 

Оқытушы

 

«ҰҒПДТОҚ» біліктілікті арттыру курстары 31.05. 2013 ж.

 

ҰҒПДТОҚ

 

Қожабаев Б.Ж.

 

Оқытушы

 

«ҰҒПДТОҚ» біліктілікті арттыру курстары 31.05. 2013 ж.

 

ҰҒПДТОҚ

 

Қажиякпаров Н.Б.

 

Оқытушы

 

«ҰҒПДТОҚ» біліктілікті арттыру курстары 31.05. 2013 ж.

 

ҰҒПДТОҚ

 

 

Оқу жұмыс 2014-2015 оқу жылына арналған оқытушының жеке жоспарларына және кафедраның даму жоспарына сәйкес жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағы бойынша 1-3 курс студенттері арналған жиынтық оқу бағдарламасы оқу-әдістемелік комплекспен жасалады. Оқу бағдарламасына өзгерістер еңгізіліп жасалды: оқу үрдісі кестесі бөлім, курстар және спорттық тұрғыдан жетілдіру тобы, физикалық сапа дамуы үшін жеке жаттығулар, өндірістік гимнастиканың жаттығулар кешені. 2014-2015 оқу жылына 02.09.2014 жылы №1 хаттамамен бекітілген кафедраның ғылыми-әдістемелік семинар жұмысының жоспары бар.

Автор аты-жөні Атауы Баспа немесе қолжазба Басылым, журнал

(номері, жылы)

 

 

Сақаев Б.Т.,

Жұмадилханов А.А.

Мотивационные аспекты мини футбола, способствующие познавательной деятельности студенческой молодежи  

 

 

Басылымда

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан футболының 100 жылына арналған «Қазақстан футболы және оның болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 2013 жылдың 21 қыркүйек
 

 

Сақаев Б.Т.,

Королева С.Н.,

Мустакаев Р.Н.

 

Формирование и совершенствование умений по управлению футбольной командой

 

 

 

Басылымда

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан футболының 100 жылына арналған «Қазақстан футболы және оның болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 2013 жылдың 21 қыркүйек
 

Сақаев Б.Т.,

Королева С.Н.

Психолого-педагогические основы гуманизации образования и воспитания гендерной культуры  

 

Басылымда

«Ғылым және білім берудің өзекті мәселелері», Халықаралық деңгейдегі             2-ші Бүкілрессейлік ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары «УРАО» Рубцовск филиалы, 2012 ж.
 

 

Королева С.Н.

 

Основы здорового образа жизни студентов и физическая культура в обеспечении здоровья

 

 

Басылым

«Ғылым және білім берудің өзекті мәселелері», Халықаралық деңгейдегі                 2-ші Бүкілрессейлік ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары «УРАО»   Рубцовск филиалы, 2012 ж.
 

 

Королева С.Н.,

Сақаев Б.Т.,

 

 

Факторы, влияющие на формирование ценностей физической культуры студентов

 

 

Басылым

«Ғылым және білім берудің өзекті мәселелері», Халықаралық деңгейдегі         3-ші Бүкілрессейлік ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары «Си-пресс» баспасы, Барнаул қаласы, 2013ж.
 

Королева С.Н.,

Сақаев Б.Т.

 

 

Физическая культура в реальных потребностях студенческой молодежи

 

 

 

Басылым

«Ғылым және білім берудің өзекті мәселелері», Халықаралық деңгейдегі          3-ші Бүкілрессейлік ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары «Си-пресс» баспасы, Барнаул қаласы, 2013ж.
 

 

Шкода И.В.

 

Особенности образа жизни студентов вуза и их отношение к физической культуре

 

 

Басылым

«Ғылым және білім берудің өзекті мәселелері», Халықаралық деңгейдегі             2-ші Бүкілрессейлік ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары «УРАО»   Рубцовск филиалы, 2012 ж.
 

 

Вдодович И.В.

Процесс адаптации и пути повышения эффективности физического воспитания специальных медицинских групп  

 

Басылым

«Ғылым және білім берудің өзекті мәселелері», Халықаралық деңгейдегі               2-ші Бүкілрессейлік ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары «УРАО»   Рубцовск филиалы, 2012 ж.
 

 

Орлов В.Г.,

Шкода И.В., Вдодович И.В.

 

 

Основы методики обучения и тренировки юных футболистов

 

 

 

Басылымда

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан футболының 100 жылына арналған «Қазақстан футболы және оның болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 2013 жылдың 21 қыркүйек
 

 

Қажияқпаров Н.Б., Қожабаев Б.Ж.,

Абылқасимов Е.А.,

Тұрашов Д.К.

 

 

 

Краткая история футбола

 

 

 

Басылымда

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан футболының 100 жылына арналған «Қазақстан футболы және оның болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 2013 жылдың 21 қыркүйек
 

Тұрашов Д.К.,

Қожабаев Б.Ж.,

Абылқасимов Е.А.,

Қажияқпаров Н.Б.

 

 

Футбол тарихына қысқаша шолу

 

 

 

 

 

Басылымда

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан футболының 100 жылына арналған «Қазақстан футболы және оның болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 2013 жылдың 21 қыркүйек
 

 

Қожабаев Б. Ж.,

Абылқасимов Е.А.,

Тұрашов Д.К.,

Қажияқпаров Н.Б.

 

 

 

Особенности проведения детских турниров

 

 

 

Басылымда

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан футболының 100 жылына арналған «Қазақстан футболы және оның болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 2013 жылдың 21 қыркүйек
2013 жылы барлық жарияланған 12 бірлік, басылым беттінің көлемі 1.7__

 

Кәсіби білім беру саласында «Ресейлік білім беру академия Университеті» Рубцовскның мемлекеттік емес жоғарғы кәсіби білім беру мекемесінің филиалымен халықаралық байланыс туралы бір келісімшарт бар.

Әр түрлі бағыттағы үгіт-насихат жұмыстар ұйымдастыру арқылы студенттерді жинау жүргізіледі. Оқытушылар профориентация мақсатында өзіне бекітілген мектептерде бітіруші сыныптарда үгіт-насихат жүргізіп тұрады.   Әрдайым айтулы күндерге арнап, Тәуелсіздік Күніне, Наурыз-Мейрамына, Жеңіс Күніне арналған бұқаралық-спорттық іс-шаралары өткізіледі.

Спорттық-сауықтандыру, бұқаралық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәрбиелік міндеттері толығымен шешуге мүмкіндік берді, сонын ішінде:

–   студенттерді дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;

–   студенттердің дене тәрбиелік және спорттық әрекетке белсенді қатысу мақсатында, күнделікті өмірде қолдану үшін дене тәрбиесінің құндылықтарын меңгеру мен тәжірибені жинақтау;

  • спортшы-студенттердің спорттық шеберлігін жетілдіру;
  • салауатты өмір салтын ұстану мен өзін жеттілдірудің қажеттілігін тәрбиелеу;
  • денсаулықты сақтау, сауықтандыру мен аурудың алдын алу үшін дене тәрбиесінің амалдарын толығымен қолдану.

         Университет оқытушылары әр түрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге қаттысты.

2014-2015 оқу жылына бұқаралық-спорттық және сауықтандыру жұмыстарының жоспары, университеттің студенттері мен ПОҚ және қызметкерлер арасындағы II Спартакиадасын өткізу жөнінде ереже құрастырылды .

Бекітілген жоспарға сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:

  • Бүкілқазақстандық «ҚР Денсаулық Фестивалі» университеттің студенттері, ПОҚ және қызметкерлері қаттысуымен Ертіс жағалауында 06.09.2014 ж. (1000 астам студенттер, ПОҚ және қызметкерлер қаттысты);
  • Педагогикалық Институттың 80-жылдығына арналған университетінің факультеттері арасындағы мини футболдан жарыс 23-26.09.2014 жылы өтті;

Жыл сайын жатақханада тұратын студенттерге әр сенбі сайын бұқаралық-спорттық және сауықтандыру іс-шаралары өткізіледі. Спорттық кешен кестесінде «Денсаулық Күні» қарастырылады.

Демалыс күндері кафедра оқытушылардың бастауымен секциялар, спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.

         ПОҚ пен қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу үшін «Денсаулық» тобы сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұйымдастырылды.

Университетің волейболдан, жеңіл атлетикадан, жүзуден, футзалдан-футболдан, күрестен, үстел теннисінен, биатлоннан құрама командаларының спорттық секциалары сабақ уақытынан тыс жүргізілді.

Университетің құрама командалары спорт түрлерінен қалалық, областық, республикалық жарыстарға, ЖОО арасындағы ҚР Универсиадаларына қаттысты.

Университетің мақтаныштары Әлем Чемпионатының, Азия Чемпионатының, Халықаралық жарыстардың, ҚР Чемпионатының   алдынғы қатарлы спортшылар мен жүлдегерлер болып табылады.

Біздің ең жақсы спортшы-студенттерімізді әртүрлі деңгейдегі жарыстарға шығып тұрады: Әлем Чемпионатарына, Азии Чемпионатарына, Халықаралық жарыстарға, ҚР Чемпионатарына және т.б.:

  1. Қабдоллаев Мерей – АФ студенті, ҚР самбо күресінін кубогінің жеңімпазы, ҚР Спорт шеберінің нормативтерін орындады.
  2. Алимбаев Еркебұлан – ИТФ 3 курс студенті, таэквон-додан ҚР Спорт шебері, қара белбеу иегері, 1-дан, Азия және Әлем Чемпионатының қола жүлдегері.
  3. Дюсембеков Темірлан – тэквандодан 1-дан спорт шебері, төрт дүркін Қазақстан Чемпионы, он бес дүркін областық бәсекесінің жеңімпазы, 8 дүркін халықаралық бәсекенің жеңімпазы, 2010 жылы Минск қаласында тэквандодан өткен жарыста Әлемдік қола жүлдегері.
  4. Королева Ольга – магистрант, ФИКТ 1 курс студенті, Спорт шебері, ҚР семсерлесуден бірнеше дүркін чемпионы, Азия Чемпионатының қола жулдегері, Әлем біріншілігі және Әлем Кубогіне қатысушысы.
  5. Ахметов Санжар – Қазақстан біріншілігінің кекушинкай каратэдан 3 орын жүлдегері.
  6. Бесетаев Ернур – кекушинкай каратэ, 1-дан, қара белбік иегері, 2010-2011 жылдарының ҚР Чемпионата жеңімпазы, 2010 жылғы Халықаралық Сібір–Азия турнирінің жеңімпазы. Халықаралық турнирлердің жүлдегері, ШҚО-ның 6-дүркін чемпионы, 2010 жылғы ТМД Кубогінің жеңімпазы, ҚР кекушентай каратэдан XIII Чемпионатының 3 орын жүлдегері
  7. Турыспекова Асель – армреслингтен спорт шеберлігінің кандидаты, 2013 жылғы ҚР чемпионатының 2 орын жүлдегері, АФ.
  8. Мырзағалиев Оңғар – Дайдо Джуку Кудудан спорт шеберлігінің кандидаты, жасыл белдік иегері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы.
  9. Хамитова Альфия – ИТФ 2 курс, 2014 жылғы шинкиокушинкай каратэдан Азия Чемпионатының жеңімпазы.
  10. Бикиров Ғалымжан – ИТФ 2 курс, биатлон бойынша СШ, РҚ бірнеше дүркін чемпионы.
  11. Нұрғазы Болат – ИТФ 3 курс, қазақ күресінен және самбодан облыс Чеспионы.
  12. Кеңесов Ернат – АКТФ 2 курс, қазақ күресінен және самбодан облыс Чеспионы.
  13. Тұрсынғазиев Нұрғали – ИТФ 2 курс, Республикалық Жас – Барыс турнирінің жеңімпазы, және де басқа Республикалық турнирдердің жеңімпазы
  14. Дюсембаева Аида – ФФ 4 курс, кекушенкай карате бойынша ҚР Кубогінің иегері.
  • жылғы ҚР V Қысқы универсиадасынына қатысқан студенттер:
  1. Бикиров Галымжан –2 курс ИТФ, 2-3 биатлон, Спринт, 1 орын, масстарт, 1 орын, гонка с преследованием, 1 место, эстафета, 3 орын
  2. Турысбекова Асель – 3 курс АФ, армреслинг, 3 орын

3. Рамазанов Әкижан – 2 курс ПФ, тоғыз құмалақтан Спорт шебері