БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-84-38
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш. 20а, кабинет 1003
E-mail: kaf.dezign@semgu.kz

«Дизайн және инженерлік графика»кафедрасы деп 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемелекеттік университетінің қабырғасында құрылды. Бірінші кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Уйсембаева Ш.А. болды. 2006 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Кудеринова Назира Адамбековна кафедраны меңгеріп келеді.

2012 жылы кафедра атауы «Дизайн және геодезия» болып, ал 2013 жылы «Құрылыс» және «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандықтарының ауысып келу себептерінен «Геодезия және құрылыс» кафедрасы болып ауыстырылды.

Бакалавр мамандықтарын 15 оқытушы даярлайды, 5 ғылым кандидаттары; оқу көмекшісі жоғары білімді және іс тәжірибесі бар 2 адамды құрайды.

Жоғары білімді, теориялық және практикалық білімді мен қабілетті, қолданбалы геодезия, құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру мамандықтары бойынша жоғары сапалы кәсіби мамандарды даярлау.

  • Жоғары теориялық және практикалық кәсіби қабілетті, терең білімді мамандарды дайындау,
  • Мамандарды PhD және магистратура бойынша ғылыми педогогикалық дайындықтан өткізу, кәсіби біліктілігін жоғарылату;
  • Кафедра бағыты бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
  • Тәрбие және оқу әдістемелік жұмыстарды өткізу мен ұйымдастыру;
  • Маман шығаратын кафедраның түлектерімен байланыста болу, қажеттілігі боынша анализ жүргізу;
  1. «Геодезия және картография», «Құрылыс» мамандықтары бойынша 2 студентті магистратураға жіберу, жас оқытушылардың резервін құру, білім беру курстары арқылы 1 оқытушының кәсіби біліктілігінің деңгейін жоғарылату
  2. «Геодезия және құрылыс» 5В071100, «Құрылыс» 5В072900, «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» 5В073000 мамандықтарының студенттеріне жаңа технология бойынша дәріс оқу мақсатында Сібір Мемлекеттік геожүйе және технология  университетімен және Новосібір Мемлекеттік сәулет және құрылыс  университетімен іскерлік қарым- қатынасты жалғастыру.
  3. Студенттердің практика базасын қамтамасыз ету үшін 20 кәсіпорынмен еңбек шарттарын дамыту және бекіту.
  4. Кафедра студенттерінің үлгерім деңгейін: күндізгі бөлім үшін-85%, ал сыртқы бөлім үшін-75% деңгейге арттыру.
  5. Ғылыми зерттеу жұмыстарына (халықаралық және республикалық деңгейлердегі ғылыми- практикалық конференцияларға) ПОҚ-тың 80% және студенттердің 30% қатысуларын қадағалау.