БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 53-03-16, 32-25-31
E-mail: kaf.economy@semgu.kz

“Экономика ” кафедрасы  1998 жылы технологиялық, зооветеринарлық және қаржы институттарының экономикалық кафедралары негізінде құрылды. Кафедраны ұйымдастырудың алғашқы жылдары  “Халықаралық  экономикалық қатынастар” “Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар”, “Кеден ісі”, “Маркетинг және коммерция”, “Еңбек ресурстарын басқару”, “Мемлекеттік муниципальды басқару”, “Кәсіпорындағы экономика және менеджмент” мамандықтары бойынша инженер – экономист, экономист-бухгалтер,  мамандандыруды дайындау жүргізілді.
2002 жылдан бері 5В050600 «Экономика», ал 2013 жылдан – 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бакалаврды дайындау жүргізіледі.
01.01.16 жылы кафедра ПОҚ 15 адамнан тұрады, олардың 2  PhD докторлары, 1 ассоцияландырылған профессор міндетін атқарушы, 4 ғылым кандидаттары,  8 магистр.

Өндірісті үздік және құзырлы ұйымдастыратын, нарықтың конъюнктурасын анықтайтын, әртүрлі жағдайлық міндеттерді шешуде шығармашылық және жасампаздық көрсетететін, кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдайтын және болжайтын және әлемдік экономиканы жахандандыру жағдайындағы экономиканы дамытудағы сапалық ілгерілеуді  дұрыс бағалай алатын жоғары білікті экономистер дайындаудағы қоғам мен мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру.

Кафера қызметінің мақсаты
Кафедра қызметінің негізгі мақсаты оқу және ғылыми қызметті тиімді басқаруды қамтамасыз ету, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.

Міндеттері:

Оқу әдістемелік жұмыс:

  1. Оқу әдістемелік құжатпен қамтамасыз ету
  2. ПОҚ педагогикалық жүктемені орындауы
  3. Әдістемелік семинарларды, секцияларды ұйымдастыру
  4. Кафедра ішілік бақылауды ұйымдастыру
  5. Студенттердің танымдық қызметін белсендендіру құралдарын, оқытудың жаңа әдістерін және қазіргі педагогикалық технологияны енгізу
  6. СӨЖ, СОӨЖ ұйымдастыру және сапасын жақсарту және студенттерді жеке дайындауды күшейту
  7. Оқу және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру
  8. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру

Тәрбие жұмысы

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кәсіби-бейімдеу жұмысы.

Қызметтің негізгі түрлері:

  • Мамандарды дайындау және шығару;
  • Оқу процессін жүзеге асыру;
  • Ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • Университтет басшылығының сапа саясатын жүзеге асыру;
  • Білім-ғылым қызметі үрдісіндегі зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамытудағы оқушының жеке тұлғасының қажеттілігін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.
  1. 2 монографияны басып шығару
  2. Ұштұғырлы білім беру мамандығы бойынша білім алушылардың үлесін 10% дейін жоғарлату
  3. Кафедра түлектерінің қажеттілігін 80% қаматамасыз ету
  4. ҚР-ң жетекші ЖОО ғалымдарын онлайн лекцияларын өткізуге шақырту
  5. Импакт- фактор көрсеткіші бойынша шетелдік журналдарды ғылыми мақалаларды басып шығару- 1 мақала