Кафедра меңгерушісі: Толысбаева Алия Дюсеновна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 36-02-23
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Шугаев к-сі, 159

«Құқық және психология» кафедрасы базасында 2006 жылы құрылған «Құқықтану» кафедрасы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады. Қазіргі уақытта экономика және құқық факультетінің құрамына кіреді.

«Құқықтану» кафедрасы іштей, сырттай және қашықтықтан оқыту технологиясы мен жедел білім беру нысаны бойынша студенттерді оқытады.

Кафедра өз қызметін Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет пен факультеттің жыл сайынғы және даму жоспарына сай жүзеге асырады және өз қызметі барысында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын, профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің біліктілігін көтеру,  материалдық-техникалық базасын одан ары дамыту бойынша жұмыстар атқаруда.

Кафедрада 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша білім беріліп,  «құқықтану бакалавры» академиялық дәрежесін иемденеді.

Мамандық бойынша оқу мерзімі мынадай

– жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін – 4 жыл;

-құқықтану саласында орта кәсіби білімі бар тұлғаларға – 3 жыл;

-заң білімі жоқ, жоғары білімі бар тұлғаларға – 2 жыл.

5В030100 – «Құқықтану» мамандығы құқыққорғау органдарында, мемлекеттік билік пен басқару саласында, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, адвокатура және білім беру мекемелерінде қызмет ететін біліктілігі жоғары кәсіби мамандарды даярлауды мақсат етеді.

Кафедрада заманауи техникамен арнайы жабдықталған Криминалистика және сот сараптамасы кабинеті мен сот мәжілісі залы бар.

Криминалистика және сот сараптамасы кабинеті кабинеті № 8 оқу ғимаратының 1-қабатында орналасқан (аудитория 109).криминалистика және сот сараптамасы кабинетінің арнайы құжаты, өрт болған жағдайда өшіру құралдары, персоналдарды жеке және ұжымдық қорғау құралдары бар. Сот мәжіліс залы № 8 оқу ғимаратының 3-қабатында (каб.332) орналасқан.

Қазіргі уақытта «Құқықтану» кафедрасы Экономика және құқық факультетінің құрамына кіреді және 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап phD докторы Толысбаева Ә.Д. кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Кафедра Шығыс Қазақстан облысымен қатар Қазақстан Республикасы бойынша құқыққорғау органдары мен кеден жүйесінде қызмет ететін бәсекеге қабылетті, еңбек нарығының барлық талаптарына жауап беретін, кәсіби деңгейі жоғары, моральдық-адамгершілік қасиеттерге толықтай ие мамандарды даярлауды мақсат етеді.

«Құқықтану» кафедрасының қызметінің мақсаттары мамандардың кәсіби даярлығын одан ары дамыту.

«Құқықтану»кафедрасының негізгі міндеттері:

  • Студенттерді теориялық даярлаудағы оқу үрдісін Мемлекеттік стандарт пен құқықтану мамандығының типтік оқу бағдарламасына сай жүргізу.
  • Оқу үрдісінде студенттердің белсенділігін арттыру;
  • Кафедраның ғылыми дәрежесін арттыру (PhD докторлық диссертациясын қорғау);
  • Студенттерді сапалы даярлау үшін тиісті әдістемелік және техникалық базасын ұйымдастыру;
  • Білім берудің жаңа инновациялық технологиясын қолдану және тәрбие үрдісін дамыту;
  • Түрлі студенттік үйірмелер мен ұйымдар құру жэәне жұмысын жандандыру;
  • Оқу үрдісі мен кафедраның қызметін сапа менеджменті жүйесіне сай ұйымдастыру.

Құқықтану кафедрасының қызметі негізделген мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті  стандарттары:

а)  ҚР МЖББС 17.06. №261 – 2011 0В030100 «Құқықтану» мамандығы;

б) ҚР МЖББС 23.08. – 2012 5В030100 «Құқықтану» мамандығы

  1. Нөлдік емес импакт-фактор журналына 2 мақала шығару.
  2. «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушыларға мемлекеттік тілде 1 оқу-әдістемелік құрал шығару.
  3. Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын студенттердің санын 20 % арттыру.
  4. «Құқықтану» мамандығының күндізгі бөліміндегі көптілділік топтағы студенттердің санын 5 % арттыру.
  5. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 1 студентті оқытуды қамтамасыз ету.