5B050700 – Менеджмент

Білім траекториялары:
– «Ұйымдағы менеджмент»
– «Процестер мен жобаларды басқарудағы іскерлік әкімшілік»

Біліктілігі – 5В050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

Оқу мерзімі – 4 жыл.

Бітіруші-бакалавр кәсіби қыметінің түрлері:
– ұйымдастыру-технологиялық;
– жобалау;
– өндірушілік-басқарушылық;
– ғылыми-зерттеу;
– білім немесе педагогикалық қызмет;
– коммерциялық.

Мамандықтың түлектері мемлекеттік басқару органдарында, кәсіпорындарда, кез-келген қызмет түрімен айналысатын ұйымдар мен фирмаларда, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары және ұйымдарында жұмыс істей алады.
Менеджмент бакалавры стратегиялық шешімдерді қабылдауға қатысты ұйымның қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша басқару зерттеулерін жүргізе алады, стратегиялық және тактикалық жоспарлау кезіндегі процедуралар мен ережелерді, әдіс-тәсілдерді толықтай меңгереді, экономика, маркетинг, қаржы, инновациялық менеджмент, персонал менеджменті салаларында жоғары кәсіби біліктілігі негізінде іскерлік белсенділік көрсете алатындай дағдыны қалыптастырып шығады.
Кәсіби қызметі келесі сфераларда жүзеге асады: басқару, экономика, менеджмент, талдау, индикативтік және стратегиялық жоспарлау, болжау, кәсіпорын, аймақтық және ұлттық деңгейдегі қаржылық-экономикалық шешімдерді қабылдау.

20140422 0947552 20150204 112914 acJom3cKTsI H7MJrw5QJH8 IMG 20150204 WA0164 IMG 20150204 WA0171 IMG 20150204 WA0172 IMG 20150204 WA0173 IMG 20150208 WA0017 IMG 20150208 WA0019 IMG 8612 копия SAM 1309 НА САЙТ