5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Білім траекториялары:
– «Әлеуметтік сферадағы мемлекеттік басқару»
– «Аймақтың дамуын мемлекеттік басқару»
Біліктілігі – 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры
Оқу мерзімі – 4 жыл.

Бітіруші-бакалавр кәсіби қыметінің түрлері:
– ұйымдастыру-технологиялық қызмет;
– өндірушілік-басқарушылық қызмет;
– жобалау қызметі;
– ғылыми-зерттеу қызметі;
– білім немесе педагогикалық қызмет.
Мамандықтың түлектері мемлекеттік басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Президенті аппараты мен әкімшілігінде, ҚР Парламент аппаратында, ҚР Үкіметінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде; экономика және қаржылық басқару органдарында (министрлік, ведомствалық және агенттіктерде); жергілікті басқару орагандарында (аудан, қала, облыс әкімдіктерінде), ұлттық, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындарда, кез-келген қызмет түрімен айналысатын ұйымдар мен фирмаларда, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары және ұйымдарында жұмыс істей алады.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының бакалавры әкімшілік-территориялық таксондарға басшылық етеді, ұлттық, компанияларда, кәсіпорындарда, ұйымдар мен фирмаларда менеджер және экономист болып қызмет етеді.
Кәсіби қызметі келесі сфераларда жүзеге асады: басқару, экономика, менеджмент, талдау, индикативтік және стратегиялық жоспарлау, болжау, кәсіпорын, аймақтық және ұлттық деңгейдегі қаржылық-экономикалық шешімдерді қабылдау.

20140422 094755220150204 112914acJom3cKTsIH7MJrw5QJH8IMG 20150204 WA0164IMG 20150204 WA0171IMG 20150204 WA0172IMG 20150204 WA0173IMG 20150208 WA0017IMG 20150208 WA0019IMG 8612 копияSAM 1309НА САЙТ