Декан: Берікханова Гүлназ Еженханқызы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 77-32-29
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Қашаған көшесі 1, 316 кабинет

Қазіргі таңда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Шығыс аймағымыздағы сапалы білімнің, ғылымның және мәдениеттің орталығы, мұнда оқу-тәрбие үдерісінде және сапалы мұғалім мамандарды дайындап шығаруда барлық жағдайлар жасалған.

Егер Сіз біздің елімізге пайда әкелетін және еңбек нарығында сұранысы жоғары маман иесі болғыңыз келсе, жаратылыстану-математика факультетінің мамандықтары ғана сіздің келешегіңізге кепілдік беретінін және тек біздің мамандықтар бойынша түлектердің білім беру саласында жұмыс жасауына құқығы бар екенін жадыңызда ұстаңыз.

Оқу кредиттік жүйеде өтеді. Кредиттік жүйе – дүниежүзінде жаһандық интеграцияда болып жатқан студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету құралы ретінде аса маңызды. Оны енгізу әлемдік білім аумағындағы дараландыруға білім траекториясы кең ауқымды жол ашады.

Факультетте:

  • Профессор – 8;
  • Доцент – 21;
  • PhD – 6;
  • Ғылым магистрі – 32;
  • Студент саны – 659.

Жаратылыстану-математика факультеті төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр даярлайды:
5В010900 – Математика

5В060100 – Математика

5В011000 – Физика

5В060400 – Физика

5B011100 – Информатика

5B060200 – Информатика

5В011200 – Химия

5В011600 – География

5В011300 – Биология

5В060700 – Биология

5B010800 – Дене шынықтыру және спорт

Факультетте көп деңгейлі білім беру жүйесі негізінде
5В010900 – Математика

5В060100 – Математика

5В011000 – Физика

5В060400 – Физика

5B011100 – Информатика

5B060200 – Информатика

5В011200 – Химия

5В011600 – География

5В011300 – Биология

5В060700 – Биология

 

Жаратылыстану-математика факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамының берген білімдерінің нәтижесінде студенттер өз білімдерін академиялық ұтқырлық және екі дипломдық білім беру бакалавриаты 2+2 бағдарламалары арқылы шетел университеттерінде жалғастыра алады.

Университет Мамандықтар бойынша
Джионгсанг ұлттық  университеті (Оңт.Корея) 5В011100-Информатика (5 студент)

5В011600-География (1 студент)

Алькала университеті  (Испания) 5В011200-Химия (2 студент)

5В011300-Биология (1 студент)

Питтсбург мемлекеттік университеті (АҚШ) 5В010900-Математика (1 студент)

5В011000-Физика (1 студент)

5В011200-Химия (1 студент)

Яноша Кодолани университеті (Венгрия) 5В010900-Математика (1 студент)

Оқыту мен тәрбиенің жоғары сапасын көтеру, қоғамдық – ғылыми және адамгершілік – мәдени құндылықтарды сақтау, жаһандық білім беру, ғылыми және ақпараттар заманында еліміздің білімділік және жоғары мәдени статусын қамтамасыз етуге үлесін қосатын, аймақтағы еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті педагогикалық, ғылыми, жоғары білікті мамандарды даярлау.

 

мақсаты жоспар
1 Оқу – әдістемелік құралдар дайындау 4
2 «Математика» мамандығы бойынша оқитын студенттердің студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы 65%
3 ПОҚ білімін жетілдіру 1
4 ПОҚ республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуы 62%
5 Бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету 90 %
6 Оқу-әдістемелік журналдарға мақалалар дайындау 10
7 6М010900- «Математика»,6М060100- «Математика» мамандықтары бойынша  магистратураға түсуге тарту 6
8 Т.Аманов атындағы математикалық олимпиаданы  өткізу 1
9 Нөлдік емес импакт – факторы және дәйексөз индексі бар журналда мақала жариялау 1
10 СҒЗЖ,  дипломдық жұмыстар менмагистрлықдиссертацияларды қорғау қорытындысы бойынша  семинар ұйымдастыру 1

Факультет әрекетінің барлық бағыттары факультеттің ғылыми-білім кешенінің оқу-әдістемелік жұмыстар нәтижелерін нарықпен ұштастыра алатын және бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды қалыптастыру міндеттеріне бағытталған.

Факультетте 6 кафедра қызмет атқарады, олар:

  1. Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
  2. Физика кафедрасы
  3. Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
  4. Химия және география кафедрасы
  5. Биология кафедрасы
  6. Дене шынықтыру әдістемесі мен теориясы кафедрасы (ДШӘТК)