5B060700 – Биология

Біліктілігі – жаратылыстану бакалавры
Оқу мерзімі – 4 жыл
Тандау бойынша пән -биология
Мамандықтың қәсіби қызмет ету саласы биология ғылымдары саласы (ботаника, зоология, адам анатомиясы және физиологиясы, биохимия, биофизика, микробиология және т.б.) әртүрлі дәрежеде ұйымдасқан биологиялық жүйелер, биологиялық табиғат қорғау технологиялары.
Кәсіби қызметтінің пәні
әртүрлі денгейдегі ұйымдық биологиялық жүйелердегі процестер, микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар объектілерінің қалыптасу және тіршілік ету заңдылықтарын айқындау, биологиялық табиғатты қорғау технологиялары, білім алушылармен әдістемелік, білім беру, консультациялық жұмыстар.
Кәсіби қызметтінің объектілері: ғылыми-зерттеу институттары, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, жас натуралистер станциялары, колледждер, ұлттық парктер, қорықтар және ҚР зандарына сәйкес жоғары қәсіби білімділікті қажет ететін басқада салалар, экологиялық ұйымдар, биотехнология салалары, мемлекеттік басқарушы мекемелер және акімші-ліктер.