Кафедра меңгерушісі: Маусымбаев Серикбай Салимбекович
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 77-33-58
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Е.Қашаған көшесі 1, 311 каб.
E-mail: kaf.physics@semgu.kz

«Физика» кафедрасы 5В011000 – «Физика», 5В060400 «Физика» мамандықтары бойынша академиялық дәрежесі – «физика бакалавры» және  6М011000 «Физика» мамандығы бойынша академиялық дәрежесі  – «физика магистрлерін» даярлайды.

Кафедраны әртүрлі уақыттарда Н. Н. Феденев. Н.Е. Кандауров,     С. И. Князев, А. Н. Верещагин, А. Ж. Жұмағұлов, Л. И. Калакин,                          З.А. Паримбеков,   Е. А. Кенжин басқарды.

1996 жылдан бастап педагогика ғылымдарының докторы, физика профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі  С.С. Маусымбаев басқарады.

Кафедраның құрылуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдар: ф.м.ғ.к.,  доценттер В. С. Тихомиров, А. А.  Юнусов, З. О. Токжигитова,           М. К. Естекбаев, Л.Е. Гайнова, х.ғ.к., доцент Ш. Р.  Жакупов,  аға оқытушылар                 Е. П. Червяков, Б. Ж. Жумагелдин, К.Р. Мекебаев, Т. К. Синицина,                   В. М. Лукин, С.К.Килибаева  және т.б.

5В011000 және 5В060400 «Физика»  мамандықтарының оқу процесіне қажетті аудиториялық фондпен, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу зертханаларымен, компьютерлік кластармен, әдістемелік кабинеттермен қамтамасыз етілген. 2013 жылдан бастап «3D-физика» зертханасы іске қосылды. Университет кітапханасы қажетті оқу-әдістемелік және ғылыми  әдебиеттермен, периодты басылымдармен (орыс және қазақ тілдерінде) жабдықталған.

Профессор С.С. Маусымбаев  Ы. Алтынсарин атындағы республикалық сыйлықтың иегері.

Кафедра оқытушылары С.С. Маусымбаев, Р.Р. Абдрахманова,          К.Т. Уразбаева «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»  атағымен марапатталған.

«Физика» мамандығы бойынша бітірген мамандарға деген сұраныс жоғары. Бітірушілер қала және ауыл мектептерінде, Курчатов қаласындағы ҚР ҰЯО, Семей қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде» жұмыс істейді.

Физика кафедрасында екі педагогика ғылымдарының докторы, бір педагогика ғылымдарының кандидаты, бір физика-математика ғылымдарының кандидаты, бір профессор, бір профессор міндетін атқарушы, бір академиялық доцент жұмыс істейді.

Кафедрасы оқытушылары екі ғылыми бағытта жұмыс жасайды (университеттің жоспарына енгізілген):

  1. «Жоғары оқу орны мен мектепте физиканы оқыту әдістемесін жетілдіру» (жетекшісі: физика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.).
  2. «Жоғары және орта мектепте физика-математикалық білім беруді ақпараттандырудың өзекті мәселелері»

(жетекшісі: п.ғ.д., профессор м.а. Мукушев Б.А.).

Cонымен қатар, кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С. Қазақстан инновациялық университетінің (Семей қ.) «Научно-методические основы формирования аксиологической культуры будущих специалистов в контексте «Учение о совести Шакарима» тақырыбындағы ғылыми жобаға, п.ғ.к., аға оқытушы Ж.К. Сыдыкова математика кафедрасымен бірлескен «Научно-методические основы подготовки будущих учителей естественно-математических дисциплин для малокомплектных школ» тақырыбындағы ғылыми жобаға қатысады.

Кафедраның ғылыми жұмыстары материалдары, оқытушылардың дайындаған оқу және әдістемелік құралдары сәйкес пәндерді оқыту процессіне үнемі қолданылып отырады. Мысалы, С.С. Маусымбаевтың «Электрмагниттік өрістердегі зарядталған бөлшектердің қозғалыс және сәулелену теориясы» атты жұмысы «Физика» мамандығы бойынша оқитын І курс магистранттарының оқу процессіне енгізілген. Алынған нәтижелер теориялық физика пәні бойынша дәрістер оқуда қолданылады.

Аталған ғылыми бағыттағы жұмыстарға кафедраның барлық оқытушылары қатысады. П.ғ.д., профессор Маусымбаевтың осы тақырып бойынша «International Center for Education & Technology. United States of America». For participation in “Modern Science: Problems and Perspectives” International Conference, Las Vegas, NV, April 15. 2013 журналында басылып шыққан «Idea of non-linearity in the school course in physics» атты мақаласы, п.ғ.д. Б.А. Мұқышевтың «Актуальные вопросы физического образования».- Монография-Семей.-2013-180 б. монографиясы баспадан шықты. Аталған тақырып бойынша 2013 жылы университетішілік, республикалық, халықаралық конференцияларда 50 шақты мақалалар мен баяндамалар жасалды.

Кафедра оқытушылары ғылыми-әдістемелік жұмыстарға белсене атсалысады, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына да жыл сайын қатысады. Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор С.С. Маусымбаев (2006 ж.), п.ғ.д. Б.А. Мұқышев (2007, 2012 жж.), ф.м.-ғ.к., доцент К.Т. Уразбаев (2008 ж.), Қазақстан Республикасының «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарын жеңіп алды. Қазақстан педагогикасындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін профессор                           С.С. Маусымбаев 2008 жылы Ы. Алтынсарин атындағы  республикалық сыйлықпен, ал 2012 жылы Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының «әл-Фараби атындағы Күміс медалімен» марапатталды.

Сонымен бірге, басқа да жетістіктер бар: кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С. Маусымбаев, п.ғ.д., профессор м.а. Б.А. Мұқышев «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталды (2007 ж).

5В011000 «Физика» мамандығы бойынша магистратура 2013-2014 оқу жылында ашылды. Каферада он бір магистрант оқып жатыр.

       Кафедра студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарға деген дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіледі.

Жыл сайын өткізілетін жоғары оқу орындарының НААР (ҚР БМ) қорытындысы бойынша физика кафедрасы алғашқы бестіктің құрамына, ал кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С. ҚР алдыңғы қатарлы оқытушылары құрамынан табылып, НААР бас рейтингісі қорытындысы бойынша 2014 жылы ТОР-30,   ал 2015 жылы ТОР-50 кірді.

2015 жылғы НААР рейтингісі қорытындысы бойынша 6М011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын магистранттар ҚР ЖОО-ры арасында 7 орынды иеленді.

Физика кафедрасындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жақсы жолға қойылған. Кафедрада студенттердің екі  ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды: «Студенттердің эксперименттік алаңы» (жетекшісі п.ғ.д., профессор С. С. Маусымбаев), «Физиканы оқыту әдістемесі» (жетекшісі п.ғ.к. Ж. К. Сыдыкова). Үйірме жұмыстарына «Физика» мамандығы бойынша оқитын 57 студент қатысады.

2012 жылы студенттердің 65 Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Мәскеу қ.) студент А. Жұмабеков (ғылыми жетекшілері п.ғ.д., профессор С. С. Маусымбаев, ф.-м.ғ.к., доцент Ғ. У. Нурабаева) баяндама жасап, ІІ орынды иеленіп, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2012 жылы студент А.Жұмабеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті фондысы стипендиясының иегері атанды.

2012 жылы «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттер командасы (Е.Кашикбаев, А.Шакула, М.Дуйсенбаева) республикалық пәндік олимпиадада (Ақтөбе қ.) ІІІ орынды жеңіп алды.

2013 жылы «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттер               (У. Абдульгазимов, Е. Кашикбаев, А. Жунусбекова) республикалық пәндік олимпиадада (Қарағанды қ.) II орынды жеңіп алды.

2013 году студент Е. Жұмаділов Ашық халықаралық студенттік Интернет-олимпиаданың қорытынды турында І дәрежелі дипломмен марапатталып, алтын медаль иеленді, ал 2014 жылы осы олимпиадаға қатысып ІІІ орынды жеңіп алды (Павлодар қ.).

2014 жылы республикалық пәндік олимпиадада (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.) 5В060400 «Физика» мамандығы бойынша оқитын         Е. Жұмаділов І орынды, Ф. Абдрашева және М. Мұқанов ІІІ орынды иеленді.

2014 жылы 5В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттер Абдулгазимов У., Каирханова М., Дюсенбаева А. республикалық пәндік олимпиадада (Ақтөбе қ.) командалық ІІІ орынды иеленді.

2015 жылы республикалық пәндік олимпиадада физика мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенті   Е. Жұмаділов ІІ орынды, Р. Рыспеков ІІІ орынды иеленді, ал Д.Попов алғыс хатпен марапатталды (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.).

2016 жылы республикалық пәндік олимпиадада физика мамандығы бойынша оқитын студенттер Омарханов Е., Сағынтай А., Маметекова Д. ІІІ орынды иеленді, (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.).

Кафедра Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Ұлттық зерттеу Томск политехникалық мемлекеттік университеті, Омск мемлекеттік педагогикалық университеті және т.б. ТМД ЖОО-мен байланыстар жасайды.

Халықаралық байланыстар ҚР Ұлттық ядролық орталығы (Курчатов қ.) арқылы іске асады.

Кафедра оқытушылары жыл сайын өздерінің біліктіліктерін көтеріп отырады: «Өрлеу» Ұлттық біліктікті көтеру орталығы» АҚ, «Назарбаев зияткерлік мектебі» және т.б. ЖОО-да.

2 курс магистранты Хожанов А.Р. 2014 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың қаңтары аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Питтсбург университетінде (АҚШ, Канзас қ.) оқыды.

        2015 жылы Вроцлавск политехникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы В.К. Виелеба «Физика» мамандығы бойынша оқитын магистранттар мен оқытушыларға дәрістер курсын оқыды.

Физика саласында теориялық және практикалық терең білімі бар жоғары кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық мамандар дайындау

  1. Әртүрлі деңгейдегі конференцияларға қатысатын оқытушы-профессорлар құрамын        92 %   жеткізу;
  2. Физика мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатынасуын 86 % жеткізу;
  3. Білім алушылардың ғылыми- практикалық конференцияларға қатынасуын «5В011000 – Физика» және  «5В060400 – Физика»  мамандықтары   бойынша  87 %   жеткізу;
  4. Академиялық ұтқырлық программасын жүзеге асыру: «5В011000 – Физика» мамандығы  бойынша  – 1,  «5В060400 – Физика» – 1студент,«6М 011000 – Физика» – 1 магистрант.
  5. Физика мамандықтарын бітіретін түлектердің  жұмыспен қамтылуын және жұмыс берушілердің талаптарын  қанағаттандыруды   95 % жеткізу;
  6. Кафедраның ПОҚның  монографиясын баспадан шығару – 6;
  7. Кафедра оқытушыларының оқулықтары мен оқу – әдістемелік құралдарын баспадан шығару – 6.
  8. Студенттер мен оқытушылар арасында қос тілділік программасын жүзеге асыру: 2 оқытушы, 8 студент.
  1. Әртүрлі деңгейдегі конференцияларға қатысатын оқытушы-профессорлар құрамын       90 % жеткізу;
  2. Физика мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатынасуын көлемінде 85 % жеткізу;
  3. Білім алушылардың   студенттік конференцияға қатысуын «5В011000 – Физика» – мамандығы бойынша 19 студентке, «5В060400 – Физика» – мамандығы бойынша 11 студентке жеткізу;
  4. Академиялық ұтқырлық программасын жүзеге асыру: «5В011000 – Физика» мамандығы бойынша – 1, «5В060400 – Физика» – 1студент қамту, «6М 011000 – Физика» – 1 магистрант.
  5. Физика мамандықтарын бітіретін түлектердің жұмыспен қамтылуын және жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыруды   95 % жеткізу;
  6. Кафедраның   ПОҚның монографиясын баспадан шығару – 1;
  7. Кафедра оқытушыларының оқу – әдістемелік құралдарды баспадан шығару – 5.
  8. 2015-2016 оқу жылындағы білім алушылар құрамын «5В011000-Физика» мамандығы бойынша – 20 (10- «Мәңгілік ел» бағдарламасы, 10- мемлекеттік тапсырыс), 5В060400 -Физика» мамандығы бойынша 10 студентке жеткізу.