Кафедра меңгерушісі: Мусатаева Июнгуль Сулжанқызы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 36-02-16
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Қашаған көшесі 1, 201 кабинет
E-mail: kaf.info@post.semgu.kz

1996 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы «Қолданбалы математика және информатика» болып құрылды.

2004 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты (СМПИ) бөлінуіне байланысты физика-математика факультетінде «Информатика» кафедрасы болып жұмыс істей бастады. 2007 жылы «Информатика және ақпараттық технологиялар» болып өзгертілді.

Осы жылдары кафедрада к.ф.-м.н., доценті Айтов Жұмабек Айтұлы (1996-2000 жылдар аралығы), т.ғ.к., доцент Есенбекова Гульжанат Жұмағазықызы (2000-2001 жылдар аралығы), п.ғ.к., доцент Макамбаев Мұрат Болатұлы (2001-2008 жылдар аралығы), п.ғ.д., профессор Мұқұшов Базарбек Ағзашұлы (2008-2010 жылдар аралығы), п.ғ.д., профессор Маусымбаев Серікбай Салимбекұлы (2010-2012 жылдар аралығы), п.ғ.к., доцент м.а. Мусатаева Июньгул Служановна (2012-2013 жылдар аралығы), Абишова Айнур Аханқызы (2013-2014 жылдар аралығы), және 2015 жылдың қыркүйегінен бастап п.ғ.к., доцент м.а.  Мусатаева Июнгуль Сулжанқызы жетекшілік етеді.

Кафедраның құрылуына және дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар; к.ф-м.н., доценті Айтов Ж.А., п.ғ.к., доцент Макамбаев М.Б., к.ф.-м.н., Аукенов Б.М., т.ғ.к., доцент Есенбекова Г.Ж., т.ғ.к., Жаманов К.Х., э.ғ.к., доцент Ли Е.Ф., т.ғ.к., доцент Жунусова Л.Х. және т.б.

Әр жылдары кафедрада к.ф.-м.н., доцент Тохметов А.Т., аға оқытушы Асенов Т.О., Алексеенко Т.О., Байғабылова М.И., Жұмаханова А.С., Жараспаева З.Ю., Кабланбекова Б.А., Нурбекова А.Х., Қозыбаева А.А., Абдуалиева Г.К., Танченко Л.А., оқытушылар Азизова А.А., Балғожина Г.Б., Женсеханова А.М., Рахматулина З.Т., Орынбаев Б.Н., ф.м.ғ.д., профессор Бектемесов М.А., п.ғ.к., доцент Турғанбаева А.Р. атаулы тұлғалар жұмыс атқарды.

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы физика-математика факультетіндегі «5В011100-Информатика», «5В060200-Информатика» және магистратура мамандықтары «6М011100-Информатика», «6М060200-Информатика» бойынша педагогикалық кадрлардың дайындығын жүргізеді.

Педогогикалық жұмыспен қатар оқытушылар кафедраның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысады

Кафедра ғылыми зерттеу жұмысын «Информатиканы мектептерде және ЖОО – да оқыту әдістемесі» бағытында жүргізеді.

Жыл сайын кафедра оқытушылары ҚР басқа ЖОО-ң сонымен қатар, алыс және жақын шетел ұйымдастырған конференцияларына қатысады.

ЖОО оқытушылары кафедраның негізгі  пәндері бойынша оқу әдістемесінің функционалды жүйесі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде  құралдар дайындайды . Информатиканы  оқытудың қиындықтары  бойынша  арнайы курстар жөнінен оқу әдістемелік  нұсқаулар жүргізіледі. Барлық материалдар студенттермен пәнді оқу барысында табысты қолданылады

Жыл бойында институтта  төмендегідей ПОҚ қа арналған  семинарлары жүргізілді.

  • Оқыту процессінде электронды оқытудың ресурстары және оларды қолдану жүйесіндегі оқыту әдістемелері.
  • e-learning оқыту жүйесінде дамыту
  • Оқыту жүйесіндегі қашықтықтан оқыту процессі

Педагогикалық кадрлердің біліктілігін  көтеруге арналған  мұғалімдерге  семинарлар өткізу.

  • АКТны аз қамтылған мектептерде қолдану
  • Білім беру мекемелеріне информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану»
  • «Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану әдістері»

Кафедра Инновациялық технологиялар орталығымен бірлесе отырып университеттің ПОҚ, қаланың және аймақтың жалпы білім беру мекемелерінің оқытушыларына түрлі семинарлар мен курстар өткізеді.

 

Оқытушы қызметімен қатар кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады.

Кафедра «ЖОО және мектепте информатиканы және ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесін жетілдіру» бағытында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді.

Информатика және АТ кафедрасының ғылыми – зерттеу жұмысы жыл сайынғы ҒЗЖ жұмыс жоспары негізінде іске асады  және келесі ғылыми жұмыс түрлерін мазмұндайды, кафедараның ғылыми – әдістемелік қорын дамытуға бағытталған: монографияны, ғылыми мақаланы шығаруға жазу және дайындау,  студенттік топтарда ғылыми жұмысты ұйымдастыру, олимпиадаға қатысу, ғылыми конференцияларды өткізу.

Оқытушылар жыл сайын өзге ЖОО, ҚР білім беру мекемелері, жақын және алыс шет елдер ұйымдастыратын ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысады.  Зерттеу нәтижелері ғылыми жұмыстар мен жарияланымдарда бейнеленеді.

 

Кафедра  С.Аманжолов атындағы ШҚМУмен, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУмен, Абай атындағы ҚазҰПУ, Омск ұлттық педагогикалық университетімен тығыз ғылыми байланыста.

Информатика және информатикалық технологиялар кафедрасының оқытушылары өз дәрежелерін көтеріп, «Ұлттық біліктілікті арттыру орталықтарында » және басқа ЖОО тәжірибеден өтеді.

Кафедрада академиялық ұтқырлық бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Акадамиялық ұтқырлық бойынша 5В011100-Информатика мамандығының студенттері Жунусова Зауреш және Даулетова Зарина  2012 – 13 оқу жылының 2 семестрінде, студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Корея – Джионгсанг Ұлттық Университетінде оқып келді.

2013 – 14 оқу жылының 1 семестрінде 5В011100 «Информатика» мамандығының 3 курс студенттері Малгаждаров Мирас және Максымбаев Мадияр , студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Корея – Джионгсанг Ұлттық Университетінде оқып келді

2013-14 оқу жылынан 5В011100 «Информатика» мамандығының студенттері Садыкова Жанара және Карим Асхат қосдипломдық бағдарламалары бойынша (2+2) Оңтүстік Корея – Джионгсанг Ұлттық Университетінде оқып келді. Осы бағдарлама бойынша студенттер қос диплом алады: Оңтүстік Корея – Джионгсанг Ұлттық Университетінен және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен

 

Информатика және жаңа ақпараттық технологияларды оқытудың жүйелік-тұтас, тұлға-қызметтік тұрғысынан ғылым және білім беру мекемелерінде қызмет ете алатын IT-саласындағы жоғарғы сапалы мамандарды даярлау.

  • Отандық және шет елдік ғалымдарды ОЖ жүзеге асыруда жетекшілік ету-1;
  • Кафедра бойынша  ПОҚ тематикалық ғылыми зерттеу жұмысына қатысу-100%;
  • Импакт-фактормен ғылыми мақалаларды жаурналдарда жарыққа шығару (индекс Хирша, Скопус, Томсон Рейтерс)–1 мақала;
  • Кафедрадағы 5В011100 Информатика мамандығы бойынша көптілділік оқытуды енгізу-2 топта;
  • Шетелдік ұйымдармен білім жүйесінде ПОҚ-ң біліктіліктерін көтеру-1;
  • ПОҚ ағылшын тілінде сабақ өткізуге жетілдіру (ПОҚ шет тілін оудағы деңгейлерін көтеру)-80%;
  • Оқу жүйесінде ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін енгізу-5 актілерді енгізу;
  • Білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлықтарын дамыту-2.