Академиялық дәрежесі мен біліктілігі: информатика бакалавры
Оқу мерзімі: 4 жыл;
Мамандық түлектерінің кәсiптiк қызмет көрсету саласы: информатика және қолданбалы математика; ақпараттық технологиялар, жергілікті және жаһанды ақпараттық жүйелер мен Internet-технолиялар.
Кәсіби қызметінің пәні:
- жергілікті және жаһанды ақпараттық жүйелер мен Internet-технолияларды дамыту үшін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету;
- ғылым мен техниканың мәселелерін компьютерлік визуализациялау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерде және педагогикалық қызметте шынайы процестерді, абстрактілі түсініктерді анимациялау;
- мәліметтер қорын басқару жүйелерін проектілеудегі заманауи тәсілдер, түпнұсқаларды айырып тану, жасанды интеллект жүйелері мәселелері;
- ғылым, техника және білім берудегі есептерді шешудегі заманауи математикалық әдістерді, қолданбалы математика және информатика әдістерін пайдалану;
- білім беру мекемелерінде информатиканы оқыту әдістемесі.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысанасы болып табылады: жобалау және ғылыми-зерттеу институттары, басқару ұйымдары, ақпараттық технологиялар департаменттері, бизнес құрылымдар, білім беру мекемелері, өндірістік кәсіпорындар.
Жаратылыстану бағытындағы бакалавр мамандығының түлектері төмендегідей қызмет істей алады:
- объектілі – бағытталған бағдарламалау саласындағы мамандар, программистер;
- компьютерлік дизайн бағытындағы мамандар, WEB – программистер;
- интеллектуалдық жүйе және ақпараттық іздеу жүйесін жобалау және дайындау мамандары;
- ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында кіші ғылыми қызметкер;
- компьютерлік желі бойынша жүйелік программист, жүйелік администратор
- кәсіптік орта білім беру орындарында, орта мектептерде, лицей мен гимназияларда және басқа да білім алу мекемелерінде информатика мұғалімі.
Бакалавры специальности 5В060200 – Информатика мамандығының бакалавры мынадай кәсиби іс-әрекеттерді орындай алады:
- ғылыми-зерттеу салаларында компьютерлік технология және қолданбалы математика әдістемелерін қолдану;
- тұтынушылардың сұранысы негізінде кәсіби іс әрекет талаптарын және мамандандырылған жеке компоненттерді жоспарлау, техникалық құралдар мүмкіншіліктері және пәндік саланы модельдеу;
- жоспарлау үрдісін ұйымдастыру, кәсіби объекті белгіленген уақытта сапалы орындау
- педагогикалық іс – әрекетті мультимедиялық және т.б. IT-технологияларды кең қолданып іске асыру;
- жұмыс берушілердің талаптарына сай келу: