6М060200 – Информатика

Бағыты: ғылыми-педагогикалық

Педагогикалық бағыттағы магистратура мамандығының түлектері қызмет ете алады:

  • Мемлекеттік және білім беру мекемелерінде;
  • Жоғары және арнайы орта оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде және білім беруді ақпараттарндыру орталықтарында;
  • Өз жұмысында компьютерлік технологияларды қолданатын әр түрлі жеке меншік ұйымдарда.

6М011100–Информатика мамандығының түлектері келесі кәсіби іс – әрекет түрлерін орындай алады:

  • Орта және жоғары оқу орындарында компьютерлік ғылыми пәндерді оқытуда қазіргі әдістер мен әдіснамаларды қолдану
  • Информатиканы оқыту әдістемесі және теориясы саласында ғылыми зерттеу бағдарламасын құру, ЖОО ІТ – технологиялар құралдарын оқытуда қолдану туралы әдістемелік құрал жасау
  • Білім беруді ақпараттандыруда нәтижелі бағыттар ұсыну, кәсіби іс –әрекетте заманауи әдістерді қолдану, олардың салыстырмалы талдауын жасау, қоғамды ақпараттандыруда өз позициясын құру

Мамандығы 6М060200 – Информатика (жаратылыстану ғылымының магистрі)

Академиялық дәрежесі мен біліктілігі: жаратылыстану ғылымының магистрі

Жаратылыстану магистратурасының  түлектері мынандай бағыттармен жұмыс істей алады:

Ғылыми зерттеу институттарында, басқару бөлімдерінде, ақпаратты технологиялар департаменттерінде, қаржы басқармасы, бизнес құрылымдарда, білім беру орталықтарында, жоғарғы оқу орындарында өндіріс орындарында және де басқа беделді отандық және шетелдік IT компанияларында.

6М060200 – Информатика мамандығының түлектері мынадай кәсіби жұмыстарды атқара алады:

  • Жаңа ақпараттық технологияларды құрастыру, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді автоматизациялау
  • Жаңа ақпарат өңдеу амалдарын құрастыру, шынайы тілдік технологияларды құрастыру
  • жаратылыстану тілдік интерфейсі ақпараттық технологияларды қолдану үшін