5В010900 – Математика

Біліктілігі – математика бакалавры;
Оқу мерзімі – 4 жыл;
Мамандық түлектерінің кәсiптiк қызмет көрсету саласы: жалпы білім беретін мекемелерінде және орталықтарда балалар мен оқушыларға білім беру және дамыту, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды және технологияларды пайдаланатын мекемелер, кәсіпорындар және ғылыми ұйымдар.
Кәсіби қызметінің пәні: білім беру процесінің құндылықты-мақсаттың бағытының, мазмұнының, әдістерінің, формалары және нәтижелерінің бірлігі; информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызметі; бағдарламалық, математикалық және ақпараттық қамтамасыз етуді енгізудің, жобалаудың технологиялық процесі.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысанасы болып табылады: мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыруындағы білім беру мекемелері, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, мектептер, лицейлар, гимназиялар, колледждар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері; математика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістері саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары; мемлекеттік білім беру басқармалары, департаменттері; ғылыми-зерттеу институттары және лабораториялар; өз жұмысында математика, қолданбалы математика әдістерін және компьютерлік технологияларды пайдаланатын әртүрлі меншіктегі ұйымдар.