Кафедра меңгерушісі: Ибраева Людмила Сабитовна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 77-33-58
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Кашаганова 1 көш., №3 корпус, 4 қабат, 410 кабинет

Кафедра тарихы сексен жылдықтан бастау алады. 1936 жылы СНК РСФСР қаулысы бойынша Семей педагогикалық институтының құрамына Петропавл институты енгізіліп, 1937 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институты ашылды. Оның құрамына тарих, география, орыс тілі және әдебиет, физика – математика, жаратылыс факультеттері енді. Химия кафедрасы Семей педагогикалық институтының жаратылыс ғылымдар факультетінің алғашқы кафедраларының бірі болып құрылды.

1938 жылы кафедраны Кредушинский В.А. басқарады. Кафедра құрамында Малахова Л.И., Сенновский В.В. сияқты оқытушылар жұмыс істейді. Ғылыми дәрежесі болмаса да Кредушинский В.А. доцент атағының иегері болды. Сонымен бірге факультет деканының міндетін атқарды. Жалпы бейорганикалық курсынан дәріс оқып, «Мектептегі химиялық зерттеудің техникасы және әдісі» тақырыбына диссертациясын дайындады. Оқытушы Малахова Л.И. органикалық химия және биохимиядан курстар оқып, «Жергілікті торф» тақырыбына диссертация дайындады. Оқытушы Сенновский В.В. аналитикалық химия курсынан дәріс оқыды. 1939 жылы Томск қаласының Мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, Царевская Галимна Борисовна келіп, аналитикалық химия курсын оқиды.

1940 жылы география факультеті жаратылыстану – географиялық деп өзгертілді. Соғыс жылдары (1940 – 1945 ж.ж.) профессорлық – оқытушылар құрамы тұрақты болмады.

1945 жылы кафедра меңгерушісі және фаультет деканы Малеванная Надежда Ильина болады.

1946 жылы соғыстан кейінгі уақытта кафедра жаңа оқытушылармен толықтырылады. Бұл кезде кафедра меңгерушісінің міндетін – Ленинград мемлекеттік университетінің түлегі – Коновалов Александр Михайлович атқарады, бейорганикалық және органикалық химия курсын оқиды. Оның басқаруымен кафедрада Царевская Г.Б., Малахова Л.И., Пинегин Б.М. (КазМУ түлегі), Бушмакин А.А. сияқты оқытушылар жұмыс істейді.

1950 жылы қайта құрау арқылы химия және ботаника кафедрасы пайда болды. Жаңадан пайда болған кафедраны тамаша педагог, Азербайджан мемлекеттік университетінің түлегі, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Рейнфельд Эльвира Адольфовна басқарды.

1953 жылы кафедраларды бөлгеннен кейін қайта құралған химия кафедрасына КазМУ (1941 ж.) түлегі, химия ғылымының кандидаты Маркелов Петр Иванович жетекшілік етті. Осы жылдары кафедраға Петренко Зоя Афанасьевна, Новикова Маргарита Ивановна, Мынжанова Зоя Касеновна сияқты оқытушылар келеді. Мектептегі онжылдық педагогикалық жұмыс стажы бар, Петренко З.А. химиядан сабақ беру әдістемесінен курстар оқып, диссертация қорғап, педагогика ғылымының кандидаты болады. Кафедраның жас оқытушылары бірнеше жылдар бойы кафедра ұжымының тұтқасын құрайды. Мынжанова З.К. жаратылыстану ғылымдар факультетін бітіргеннен кейін ассистент болып жұмыста қалып, аға оқытушыға дейін көтеріледі. Ол құрмет белгісі орденімен, КСРО ағарту үздігі және КазССР орден және медальдарымен марапатталды.

1960-1970 жылдары кафедра құрамына жаңа дарынды оқытушылар және ғалымдар келеді. Кафедра құрамы дарынды институт түлектерімен толықтырылды. Осы уақыт аралығында кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты Петренко З.А. басқарады. Кафедра құрамында келесі жас оқытушылар болады: Мынжанова З.К., Коробицина В.А., Рахимжанова К., Панин М.С., Молдагалиева К.А., Радионова В.И., Хохлова З.С., Герасенко Б.К.

Михаил Семенович Панин өзінің педагогикалық жолын біздің кафедрада аға оқытушы лауазымынан бастады. Химиялық технологиядан курс оқып, көп ұзамай кандидаттық диссертациясын қорғады. Жаратылыс ғылымдар факультетінің түлектері Молдагалиеа Кулия Абдрахмановна, Радионова Валентина Ивановна, Герасенко Борис Константинович кафедрада жұмысқа қалтырылып, ассистенттен аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі лауазымына дейін өсті. Жауапты еңбегі үшін К.А Молдагалиеваға «КСРО Ағарту Озаты» атағы берілді.     1971-1988 жылдары арасында химия кафедрасын Панин М.С. басқарды. Осы жылдары кафедрада мықты профессорлық – оқытушылық ұжым құрылады: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Петренко З.А, х.ғ.к., доцент Барановский Б.П., х.ғ.к., доцент Герасенко Б.К., аға оқытушы Мынжанова З.К., аға оқытушы Молдагалиева К.А., аға оқытушы Радионова В.И., оқытушы Семкина В.М., аға оқытушы Коробицина В.А. т.б. оқытушылар жемісті еңбек етті.

1980 – 1990 жылдары М.С. Паниннің басқаруымен химия кафедрасында бүкіл Қазақстанға және шет елдерге танымал ғылыми мектеп құрылады. Бұл педагогикалық институт түлектеріне сапалы білім беріп, магистрлік диссертацияны қорғаумен қатар ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін қорғауға мүмкіндік туғызды.1998 жылы «Арнайы химиялық пәндер» (бұрынғы Семей мемлекттік педагогикалық институттың химия кафедрасы) және «Жалпы химия» (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет ) кафедрасы бірігуінен химия кафедрасы (38 оқытушы) түзілді.

2004 жылы университет құрамынан педагогикалық институтының бөлініп шығуына байланысты  кафедра «Химия» кафедрасы болып аталды.

2004-2011жылдары аралығында кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ибраева Л.С. басқарады. Кафедра құрамында профессор, х.ғ.д., Талтенов А.А., биология ғылымдарының кандидаты, доцент Нурекенова А.Н., биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Сапакова А.К., Королев А.Н., аға оқытушылар Нуркасымова Б.Н., Онтагарова Д.Р., оқытушылар Темирбекова А.Т., Бектемирова А.Ю., Кобегенова А.И., ассистент – Сыдыкова К.Т.жұмыс атқарды.

2004 жылы «Экология және табиғатты пайдалану» кафедрасының құрамында «География» мамандығы болды. Семей мемлекттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің 24.01.2005ж. №3 шешіміне және институт бойынша 03.02.2005ж. №5 қаулысына сәйкес «Экология және табиғатты пайдалану» кафедрасы «Экология және география» кафедрасы болып өзгертілді.

2010-2012 жылдары кафедра «Экология, химия және география пәндері» деп аталды, құрамында «География», «Экология», «Химия» мамандықтары болды. Кафедраны Панин М.С. басқарды.

2013 жылы ЖОО-ның қайта құрылуына байланысты кафедра аты «Химия және география» деп өзгертілді. Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Онтагарова Динар Рахымқызы басқарады. Қазіргі таңда кафедра құрамында профессор, биология ғылымдарының докторы Панин М.С., профессор, география ғылымдарының докторы Белгібаев М.Е., химия ғылымдарының кандидаты Ибраева Л.С., доцент, биология ғылымдарының кандидаты Тулеугалиева С.С., доцент, биология ғылымдарының кандидаты Нүрекенова А.Н., доцент м.а., биология ғылымдарының кандидаты Сапакова А.К., аға оқытушы, химия ғылымдарының кандидаты Баяхметова Б.Б. аға оқытушылар – Нуркасымова Б.Н., Бурулько В.П., Акимжанова Х.Г., Кобегенова А.И., Рахимова Г.К., Жилкишинова Д.С., Нүрпейсова А.М. еңбек етуде.

2013-2014 жылдары кафедра қайта құрылуына байланысты «Химия және география» кафедрасы болып аталды. Кафедраны п.ғ.к,, Онтагарова Д.Р. басқарды. 2015ж қыркүйек айынан жаратылыстану   факультеті мен физика-математика факультетінің бірігуіне байланысты кафедра жаратылыстану-математика факультетінің құрамына енді, кафедраны қазіргі таңда х.ғ.к., доцент Ибраева Л.С. басқарып отыр. Кафедрада : профессор, б.ғ.д. Панин М.С., профессор, г.ғ.д. Бельгибаев М.Е., х.ғ.к., доцент Ибраева Л.С., б.ғ.к., Ph.D. доктор Мукаев Ж.Т., б.ғ.к., доцент Нурекенова А.Н., доцент м.а.,б.ғ.к. Сапакова А.К., доцент м.а.,п.ғ.к. Онтагарова Д.Р.,   аға оқытушылар – Кобегенова А.И., Рахимова Г.К., Нурпейсова А.М., оқытушылар – Шұлғаубаев Е.Қ., Кесебекова З.Н. жұмыс жасап отыр.

Оқыту мен тәрбиенің жоғары сапасын көтеру, қоғамдық -ғылыми және адамгершілік- мәдени құндылықтарды сақтау , жаһандық білім беру, ғылыми және ақпараттар заманында еліміздің білімділік және жоғары мәдени статусын қамтамасыз етуге үлесін қосатын, аймақтағы еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті педагогикалық, ғылыми, жоғары білікті мамандарды даярлау.

  1. Дәріс оқуға шетелдікғалымдардыңшақыру – 1 ғалым.
  2. Жоғары импакт-факторлыжурналдардағылыми мақалалардыжариялау – 1 мақала.
  3. ККСОН МОН РК ұсынған журналдарға ғылыми мақала жариялау – 2 мақала.
  4. Спортпен айналысатын студенттер – 15 %.
  5. Мамандығы бойыншажұмысқамемлекеттік келісімшартпеноқитынтүлектердіңүлесі – 100 %