5В011600 – География

Мамандануы: экология және өлкетану, биология
Біліктілігі: география бакалавры
Оқу мерзімі: 4жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
– білім беру (педагогикалық): әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) география пәнінің мұғалімі, мектепте экология мен экономика негіздерінен факультативтік сабақ және туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастырушы ретінде;
– ғылыми – зерттеу: әртүрлі бағыттағы (география, геология, экология, картография, гидрология, сейсмология, топырақ географиясы, туризм, экология және т.б.) мекемелерде ғылыми зерттеулерді орындау;
– жобалау: инженер ретінде жобалау мен конструкторлық ұйымдарында жалпы және арнайы жұмыстарды (топографиялық түсірілім, карталар жасау, метеоалаңдарды, экологиялық соқпақтарды, рекреациялық, суландыру, реконструкциялық, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, басқа да табиғат және әлеуметтік-экономикалық нысандарды аудандық жоспарлау);
– әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім беру басқармалары, әкімшіліктер, табиғатты қорғау және жер ресурстары бөлімдерінде, туристік-өлкетану мекемелерінде және т.б.) өндірістік-басқару іс-әрекетін атқару;
– сараптама жасау: аймақтардың (ел, аудан, қалалар мен ауылдық округтердің) дамуын болжау мен халықтың орналасуын бағдарлау, бағалау процедуралары мен құндылықтарды саралау, жобаларды негіздеу, табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, т.б. мәселелер бойынша сарапшы ретінде;
– ұйымдастыру-технологиялық: табиғат ортасындағы мониторинг жүйесінде инженер ретінде, жер ресурстары мен табиғатты қорғау ұйымдарында, туристік-өлкетану және экологиялық, т.б. ұйымдарда қызметкер ретінде.

Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
– Жалпы білім беру ұйымдарында (мектеп, гимназия, колледж, ЖОО, университет, институт және т.б.);
– Назарбаев Интеллектуалдық мектебі;
– Тарихи-өлкетану музейлерде
– Туристтік компанияларда

5B011600 2 5B011600 1 Изображение 020