Кафедра меңгерушісінің м.а.: Тулекова Меруерт Кыдырбековна.
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 36-02-25

Көптілді білім беру кафедрасы 2016 жылдың қыркүйек айында құрылды. Кафедрада 13 оқытушы жұмыс істейді: 1 филология ғылымдарының кандидаты, 5 аға оқытушы, 6 филология ғылымдарының магистрі. «Көптілді білім беру» кафедрасы университеттің барлық  мамандықтары бойынша  күндізгі оқу бөлімі және қашықтан оқыту технологиясы  студенттеріне «Шетел тілін( Ағылшын тілін)»  жүргізеді.

Күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолдану үшін тұрмыстық –сөйлеу тілі мен мамандық тілі практикалық тұрғыда меңгеру дағдылары бар, өз білімдерін үздіксіз жетілдіре алатын, болашақта шетел тілдерін білудің арқасында өз арқасында өз біліктіліктерін көтере алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

  • көптілді академиялық бакалавриат топтарын құру;
  • студенттердің шетел тілін үйренуге ынталарын арттыру;
  • білім мазмұнын модернизациялау, оқу үрдісіне қазіргі заманғы технологияларды қолдану;
  • студенттердің көп мәдениетті құзырлықтарын қалыптастырып, дамыту үшін жағдай жасау;
  • көптілді топттар студенттері үшін оқулықтар, оқу-құралдары , пәннің оқу-әдістемелік кешендерін жасауды ұйымдастыру;
  • шетел тілін оқыту әдістерін алдыңғы қатарлы педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу арқылы тереңдету.
  1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Көптілділік бағдарламасының» жүзеге асырылуына белсене қатысу.
  2. IELTS және TOEFL халықаралық емтихандарын тапсыру.
  3. PhD доктарантура арқылы кафедраның ғылыми деңгейін көтеру.
  4. Кафедраның ғылыми тақырыбы бойынша мақалалар жариялау.
  5. Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін көтеру.