Кафедры меңгерушісі: Жумадилова Гульнар Акановна
БАЙЛАНЫСТАР

Ішкі телефон (ip): 2020
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш. 20а, кабинет 910, 913
E-mail: zhumadil_g@mail.ru

Орыс филология кафедрасы – ежелгі кафедралардың бірі, өз тарихын 1934 жылы қыркүйек айында педагогикалық институт құрамында бастаған.

Кафедраның ұжымында алғашқы оқытушылардың бірі ретінде Д.И. Ларин, В.Е.Иванов, В.Г.Совсун, Л.И.Перелыгин, А.В.Музычка және т.б. педагогтар қызмет етті.

Мұнда үздік дәстүрлердің қалыптасуына ерекше үлес қосқан ұстаз ретінде 35 жыл бойы кафедрада педагогикалық жұмыспен айналысқан, Ленинград педагогикалық институтінің түлегі Л.И.Перелыгин есімін атап өтуге болады. Ол он бес жыл «орыс және шетел» кафедрасын басқарған. Л.И.Перелыгин Абайтану және қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілердің бірі, қырықтан астам ғылыми жұмыстарын басып шығара отырып, ғалым, әдебиеттанушы ретінде кеңес әдебиетіне үлкен үлесін қосқан.

40-шы жылдары жұмысқа біртіндеп жаңа мамандар орналаса бастады: А.П. Бормусов, А.В. Смоляков, Е.Н. Мацкий, О.Г. Ли, М.А. Семибаламут, А.М. Ислямов, И.Я. Малахов.

50-ші жылдары «орыс тілі және әдебиеті» кафедрасының құрамы басқа ЖОО тәжірибелі мамандары мен өз түлектерімен толықты. Олар: М.И. Шаталин, Бахтызин А.М., Н.М. Воинова, В.И. Травников, П.К. Бохановский, Г.М. Нестерова. Кафедра орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауда үлкен жұмыс атқарды.

 

Шаталин М.И. Травников В.И. Нестерова Г.М.

 

 

Осы кезеңде В.И.Травниковтың зор еңбегін ерекше айтып өтуге болады. Кафедрада В.И.Травниковтың педагогикалық қызметі 1955 жылдан басталып 1985 жылға дейін жалғасты. Осы кезеңде ол өзінің кандидаттық диссертациясын қорғап талай жылдар институтта проректор қызметін атқарды. Оның дәріс оқуда қабілеті өте жоғары еді.

60-шы жылдардан бастап кафедра дамуының жаңа кезеңі басталады. Ол студенттердің көбеюімен ерекшеленді. Осылайша тағы да кафедраға тәжірибелі педагогтар келеді: В.Д. Саморянова, Р.И. Кременецкая, Р.М. Абылкасымова, Л.Е. Малахова, С.Я. Левченко, А.И. Тригуб, М.В. Ковальцова, И.И. Середенко, В.В. Данилова, Н.И. Княжанская, З.М.Иванова, Баймуратова Х.В.

 

 

 

60 шы жылдар аяғында институтта алғаш рет «Қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы ашылды. 70-жылдары кафедра мамандықтары бойынша бір мезгілде күндізгі және сырттай бөлімде 1000-нан астам студенттер білім алды.

70-ші жылдарды кафедраның кейінгі шығармашылық өрлеуі деп санауға болады. Оған үлкен еңбек қосқан ф.ғ.к. В.С. Белькиндті, ф.ғ.к. Е.М. Нееловті атап өтуге болыды. Екі оқытушы да сабақ беру үрдісінде және студенттердің ғылыми жұмыстарының жетекшісі ретінде жоғары мектептерінің жаңа жетістіктерін пайдаланып, нәтижелі еңбек етті.

1971 жылдың октябрінен 1995 жылға дейін жеке орыс және шетел әдебиеті, орыс тілі, орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі кафедралары болашақ мұғалімдерді даярлады. Оларды әр жылдары Л.И. Одынец-Троицкая., В.В. Данилова, Р.М.Абылкасымова., З.А. Гиря, Д.Ж. Сулейменов, Г.М. Нестерова, Л.Е.Малахова, Г.А. Бадамбаева басқарды.

Бадамбаева Г.А.

Педагогика ғылымының кандидаты, профессор Г.А. Бадамбаева мектеп оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендерінің авторы. Қазіргі кезде ҚР он екі жылдық білім беру тұжырымдамасының талдамасына қатысып жүр. Ол өз тәжірибесін мектеп мұғалімдерімен, жас оқытушылар және магистранттармен бөлісуде.

90-шы жылдардың басында педагогикалық институттың университетке ауысуына байланысты, лингвистикалық, әдістемелік және әдебиет кафедралары бірігіп, «орыс тілі» кафедрасы деген атқа ие болды. Сол жылдары бұрынғы екі мамандыққа «орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі», «журналистика» мамандықтары қосылды.

Кафедрада еңбек жолын бастап, талай жылдар қызмет еткен , кейіннен үлкен дәрежеге жеткен бірталай түлектерді атап кетуге болады. Олар ф.ғ.д.,профессорлар П.Е. Суворова (Россия), В.И. Габдуллина (Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы,Барнаул,Ресей), Ж.Ж.Толысбаева (Ш.Есенов атындағы Актау мемлекеттік университеті), К.С. Бузаубагарова (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Ж.А.Жамбаева (Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті), п.ғ.д. А.А. Молдажанова (ҚР Білім және ғылым министрлігі), Ж.Х. Салханова (Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және т.б.

Жалпы кафедра түлектерінің   арасынан 10-ға жуық ғылым докторы, 30-дан астам ғылым кандидаттары және бірқатар мектеп мүдірлері, сондайақ Қазақстанға еңбек сіңірген мұғалімдер, саяси қайраткерлер, жергілікті ақындар мен жазушылар шықты.

Қазіргі таңда факультет қабырғасынан шыққан 6 ғылым кандидаттары (Т.М.Демежанов, И.В. Зыкова,   Солтанбекова О.Т., К.А. Рублев, Т.Д. Исабаева, Г.А. Жумадилова ) орыс филология кафедрасында қызмет атқарады.

Кафедраның тарихында мақтан тұтатын талай жетістіктер бар. Соңғы жылдары орыс филология кафедрасының студенттері республикалық пән аралық олимпиадасында үш рет (2007,2011,2013ж. ) жүлдегерлер қатарына көтерілді . «Аlma mater», «Грезофарс» әдеби альманахтар жарыққа шықты.

2005 және 2007жылдары кафедра күшімен екі халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылды.

2007 мен 2012 жылдар арасында кафедра мүшелерінің күшімен 3 докторлық диссертация қорғалды, 2 монография, ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен 4 оқулық жарық көрді, 11  магистр дайындалды.

Кафедра қазақстандық және шет елдік жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс жасайды. Атап айтқанда Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті (Барнаул), Новосибирск мемлекеттік университеті, Герцен атындағы Ленинград мемлекеттік университеттерімен түрлі бағыттағы жұмыстар жүргізуде.

2011 жылдан бастап келісім шарт бойынша кафедрада Оңтүстік Корея студенттері орыс тілін үйрену үшін дәріс алады.

Кафедра оқытушылары мемелекеттік тіл саясатын насихаттау үшін әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Атап айтқанда республикалық үш тілдің тұғырлығы бағдарламасын, ұлт аралық саясатын дамытуға ерекше көңіл аударады. Кафедра мүшелері мен студенттер халықаралық орыс өнері мен мәдениеті фестивалін, славян халқының жазуы мен мәдениеті мейрамына және т.б. салтанатты шараларға белсене ат салысады.

  1. Адилова Жанар Кадыровна Магистр
  2. Асылбекова Шынар Сериккалиевна Магистр
  3. Григорьева Галина Борисовна Кандидат наук
  4. Демежанов Тулеубек Мухамедиевич Кандидат наук
  5. Жумадилова Гульнар Акановна Кандидат наук
  6. Зыкова Ирина Владимировна Кандидат наук
  7. Иманкулова Руфия Муслимжановна Магистр
  8. Исабаева Турсын Душановна Кандидат наук
  9. Мищенко Ирина Сергеевна Магистр
  10. Мотовилина Любовь Харисовна
  11. Наревская Татьяна Александровна
  12. Нургазина Перизат Сартаевна Магистр
  13. Солтанбекова Орынбасар Туяковна Кандидат наук
  14. Шаронова Елена Николаевна
  15. Шумбасова Елена Владимировна Магистр