5В012200 – Орыс тілі мен орыс әдебиетін қазақ мектептерінде оқыту

Траекториясы: Кәсіби білім және біліктілік
Біліктілігі – Орыс тілі мен орыс әдебиетінің қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі бакалавры
Оқу мерзімі – 4 жыл;
Бітіруші бакалаврдың қызмет аумағы:
Білім беру (педагогикалық), ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу, құжаттар тілін жүргізу, аударма
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
а) Білім беру (педагогикалық)
– білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
– филологиялық пәндерді оқыту;
– мәдениет саласы бойынша рухани мұраларды жинау жұмыстары.
б) Ұйымдастыру-басқару
– білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру;
– мәдениет және білім беруді басқару-ұйымдастыру саласындағы ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру;
в) Ғылыми-зерттеу
– жоғары оқу орындарында зерттеу бағдарламалары аясында ғылыми зерттеулер жүргізу;
– ғылыми зерттеулер мен халықаралық бағдарламаларға жетекшілік ету аясында ғылыми тұрғыдан ынтымақтастық орнату;
е) Аударма
– білім беру және мәдениет саласында аудармашылық қызмет атқару;
– басқару мекемелерінде аудармашылық қызмет атқару.