Кафедры меңгерушісі: Куребаева Гульжаухар Ахметовна
БАЙЛАНЫСТАР

Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш. 20а, 6 қабат, 605 кабинет

Шетел филологиясы және аударма кафедрасы 2016 жылы 2001 жылы құрылған «Аударма ісі» және 2006 жылы құрылған «Шетел филологиясы» кафедраларының бірігуі негізінде құрылды.

Кафедра 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын, неміс, француз, қытай)», 5В021000 «Шетел филологиясы», 5В020700«Аударма ісі» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.

Кафедра миссиясы халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті және қазіргі  талаптарға сай мамандарды, аудармашыларды және жоғары білікті оқытушы филологтарды даындауға, ғылым саласындағы әр түрлі жанрдағы мәтіндермен құжаттарды аударуға  және тіл аралық қатынастар сонымен қатар білім беруде көмек көрсете алатын мамандарды дайындауға  негізделген.

  1. білім беру сапасын 100 пайызға және студенттердің үлгерім сапасын 885 пайызға көтеру.
  2. ОҚ тын 100 пайызы және студенттердің 60 пайызын халықаралық конференцияларға қатыстыру.
  3. магистратура және докторантураға түсу үшін бітіруші студенттердің 30 пайызын және ПОҚтын 50 пайызын халықаралық IELTS, TOEFL  емтихандарын тапсыруға дайындығын қамтамасыз ету.
  4. білім беру бағдарламаларыныың институционалды аккредитациячдан өту үшін кафедра жұмысын 100 пайыз қамтамасыз ету. 
  5. Тәрбие жұмысы бойынша жұргізілетін іс-шаралардың сапасыни арттыру және университет, факультет, кафедрада жұргізілетін тәрбие  және қоғамдық жұмыстарға ПОҚтын 80 пайызы және студенттердің 100 пайызы қатысуын қамтамасыз ету.
  6. 2-4 курс студенттерінің халықаралық сайыстармен олипиадаларға қатысуын 60 пайыз қамтамасыз ету.Шетел тілін меңгерудің сапасын көтеру мақсатында тілдік үйірмелер жұмысын 100 пайыз қамтамасыз ету.
  7. магистрлермен жас оқытушылардың докторантураға түсуі есебінен кафедра ғылыми дәрежесін 20 пайызға арттыру.

Қазіргі білім беру жүйесін дамытудың маңызды тендециясының бірі академиялық ұтқырлық. Ол студенттерге алыс шетелдегі алдынғы қатарлы ЖООның білім беру бағдарламаларына қатысу арқылы білімін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытудың мақсаты – білім беру сапасын арттыру, әр түрлі мәдениеттер мен халықтар арасындағы түсіністікті жақсарту және халықаралық ақпараттық қауымдастықта өмір сүру мен жұмыс істеуге дайын жаңа ұрпақты тәрбиелеу.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

Шетел филологиясы және аударма кафедрасы Джионсанг ұлттық университетімен (Оңтүстік Корея), Питтсбург мемлекеттік университетімен (АҚШ), Памуккале университетімен (Түркия), Янош Кадолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетімен (Венгрия) тығыз байланыста.

 АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

 «Бакалавриат 2+2» (1-2 курста Шәкәрім атындағы МУ+ 3-4 курста Шетелдік серіктес ЖОО-да)

Ішкі академиялық ұтқырлық – ҚР ЖОО-да 1 семестрге дейін білім алу.

Сыртқы академиялық ұтқырлық   – шетелдік ЖОО-да 1 семестрге дейін білім алу.

Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Түрік үкіметінің шәкіртақысы