Кафедра меңгерушісі: Какимова Жайнагуль Хасеновна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-05-90
Ішкі телефон (ip): 2028
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, 100-лет казахстанскому футболу, 5а.
E-mail: kaf.standart@semgu.kz

1964 жылдың қыркүйек айында Шымкент технологиялық институнан Жамбыл технологиялық институтының Семей қалалық тағамдық факультетіне бесінші курстың топ студенттері: 13 адам – сүт өндірісінің технологтары және 18 адам – ет өндірісінің технологтары    ауыстырылды. Оларды мамандық бойынша жүргізілетін пәндермен оқыту үшін арнайы мамандық пәндерге арналған кафедра құрылды, оны доцент И.К.Бабич басқарды. 1964 жылдың 25 қыркүйегінде кафедраға сүт технологиясының бірінші оқытушысы Э.П.Шалапугина келді. Сол уақыттан бастап “Сүт және сүт өнімдерінің технологясы” кафедрасы құрыла бастады.
Ал 1965 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны 39 жастағы ветеринар ғылымдарының докторы, профессор  Ульянов Сергей Дмитриевич басқарды. Онымен бірге оның оқушылары да: А.Ф.Еникеев, Г.З.Аликулов, Л.В.Миранов келді.
1966 жылы кафедраға микробиология оқытушысы В.В.Шиляев, 1967 жылы В.У.Умаров және  П.Д.Недостоев, 1969 жылы М.К.Алимарданова келді.
Өткен он жыл (1970 – 80 жж.) өте жемісті болды. Осы кафедрада аспирантурада профессор С.Д. Ульянов жетекшісі болған кафедра түлектері оқыды: Умаров Ж..У., Гаврилова Н.Б., Алимарданова М.К.,  Каблова Л.И..  Шмидт Р.Ф., Ахметов С.И., Штульбой В.Б., Недостоев П.Д.. Кенжебеков П.К., Кундызбаев Д.К. және т.б.
Кандидаттық диссертацияларын табысты қорғағаннан кейін П.К.Кенжебеков  (1973), Н.Б.Гаврилова, М.К.Алимарданова (1976), П.Д.Недостоев, Ж.У.Умаров (1977) оқытушы болды, сол жылы оқытушы Д.К.Кундызбаев институттағы ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу секторына кетті.
Кафедра кәсіпорындармен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланысын үзбеді.
Семей және Шығыс Қазақстан облмолкомбинаттарының тапсырыстары бойынша шаруашылық келісімшарт жұмыстары атқарылды.
Кемеровский ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен ынтымақтаста “Сүт өнеркәсібі бойынша тезаурус” жетілдірілді, “Квантор” ақпараттық іздеу жүйесіне “тіл” құрылды.
1995 жылы “Сүт және сүт өнімдерінің технологясы” кафедрасында «Биотехнология» мамандығы ашылды. 1998 жылы кафедрадан «Стандартизация және сертификация» мамандығы бөліп алынып, кафедра құрылды.  Жетекшілік ету кафедра доценті  Сатиева Б.Г. тапсырылды.
1999 жылы кафедра жаңаша өзгертіліп, “Сүт технологиясы, стандартизация және сертификация ” деп аталынды. 2003-2005 жылдары кафедраға Овсянникова В.А. жетекшілік етті.
Университеттің ұйымдастыру структурасының жетілдірілуіне байланысты 2004 жылдың қыркүйек айында бес институт ұйымдастырылды, сонымен қатар жаңадан аталған «Стандартизация және биотехнология» кафедрасы технологиялық институт құрамына кірді.
2007 жылдың қазан айында кафедраға «Құрылыс» және «Құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау» мамандықтарының ауысуына байланысты кафедра «Стандартизация және құрылыс материалдарының технологиясы» деп қайта аталды.
2010 жылдың қыркүйек айында кафедра атауы «Стандартизация және биотехнология» атауына өзгертілді.
2013 жылдың қыркүйек айында 5В072900 «Құрылыс» және 5В050730 «Құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау» мамандықтарын ақпараттық – коммуникациялы технология факультетіне ауыстыру жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта кафедраға техника ғылымдарының кандидаты Какимова Жайнагуль Хасеновна жетекшілік етеді.
Бакалавр және магистранттар дайындығын 13 оқытушы жүзеге асырады, олардың 7 ғылым кандидаттары; мамандықтың оқу – көмекші қызметкерлері 3 адамды құрайды, жоғарғы негізгі білімдері және практикалық тәжірибелері бар.
«Стандартизация және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Какимова Жайнагуль Хасеновна Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері аталды және “2012 жылғы ЖОО ең жақсы оқытушысы” атағы берілді.

Қазіргі уақытта кафедраға техника ғылымдарының кандидаты Какимова Жайнагуль Хасеновна жетекшілік етеді. Бакалавр және магистранттар дайындығын 14 оқытушы жүзеге асырады, олардың 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаттары; мамандықтың жоғарғы негізгі білімдері және практикалық тәжірибелері бар оқу – көмекші қызметкерлері 3 адамды құрайды.

«Стандартизация және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Какимова Жайнагуль Хасеновна

2014 жылы кафедра меңгерушісі Какимов Жайнагуль Хасеновна жеделдетілген инкубация және акселерация бағдарламасы бойынша Кремнийлі алқапта тәжірибеден өтті.

2016 жылдан бері кафедрада «Тағамдық биотехнология орталығы» жұмыс істейді.

Биотехнология, стандартизация және сертификация саласында жоғарғы кәсіптік біліктілікті, терең теориялық және практикалық білімділікке, ептілікке және дағдыларға ие бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

Кәсіби және техникалық білім беру рөлі прогресс жолы бойынша қоғамның жылжу шамасы бойынша өседі. Бастапқы ретінде арнайы кәсіби құзыретке ие мамандарды дайындау алға қойылады.

Кафедраны мақсаты тағам саласы бойынша биотехнология, стандартизация және сертификация  облысында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.