Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ., Глинки көш., 20 А, телефон: 31-87-79

5В070100 – Биотехнология

БіліктілігіБиотехнология бакалавры;

Оқу мерзімі – 4 жыл;

Мамандықтың кәсiптiк қызмет көрсету саласы – әртүрлі мақсаттағы биотехнологиялық өнiмдердi өндiрiстiк жолмен алу және жаңа биотехнологиялық процестердi өңдеу; микроорганизм, өсiмдiк және жануарлар селекциясы; білім саласы.

Кәсіби қызметінің пәні:

Биотехнологияда биотехнологиялық процестерді, биологиялық нысаналарыі, табиғи органикалық және бейорганикалық биологиялық белсенді заттарды қолдану мақсатында зерттеу.

         Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысанасы болып табылады:

– ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-дағы маман;

– өндiрiстiк зертханалардағы технолог;

– биотехнологиялық өнеркәсiптердегi технолог-маман;

– ауыл шаруашылық биотехнологиясының маманы;

– тамақ өнеркәсiбiнiң маманы;

– биотехнолог-селекционер;

– экологиялық мекемелердiң маманы;

– орта мектеп, гимназия және колледждердегi биология пәнiнiң оқытушысы т.б.

5B070100 15B070100 2 5B070100 5 5B070100 65B070100 75B070100 8