Кафедра меңгерушісі: Молдабаева Жанар Калибековна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-48-56
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Қазақстан футболына 100 жыл (бұрынғы Физкультурная) 4 көшесіндегі, 2 қабат, №213 кабинет.
E-mail: kaf.tmmpp@semgu.kz

«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жетекші кафедралардың бірі. 1963 жылы құрылып білім беру әрекетін бастады, тамақ өнеркәсіптеріне арналған жоғары мамандырылған, бәсекеге тұратын инженер-технологтар және бакалаврлар дайындауда көп жетісмтіктерге жетті.        1993 жылдан 2010 жылға дейін 05.18.04 – «Ет, сүт, балық өнімдерінің және тоңазыту өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңес қызметін атқарды, 2008 жылдан  05.18.04, 05.18.12 мамандықтары бойынша докторлық диссертациялар қорғау бойынша БД 14.50.13 Біріккен диссертациялық кеңес өз қызметін бастады.

2004 жылдан 6М072700 – «Азық-түлік тағамдары технологиясы» и 6М072800 – «Өндеу өндірістерінің технологиясы» магистратура және PhD докторантура 6D072700 – «Азық-түлік тағамдарының технологиясы» және 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша дайындық жасалады, 2012 жылда 6М073500 – «Тағам қауіпсіздігі» магистратура мамандығы және 5В072600 – «жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» бакалавр мамандығы ашылды. Осы уақытқа дейін кафедрамен 4000 астам маман шығарылған, олар өнеркәсіптердің әртүрлі салаларында жұмыс істейді.

2016 жылы 6D072700 – «Азық-түлік тағамдарының технологиясы» және 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңес ашылды. «Кондитер-микс» ЖШС, «Семей тері-үлбір комбинаты» ЖШС, «Мусабалина» ЖК. сияқты Семей қаласының жеңіл және тамақ өндірісі өнеркәсіптерінде кафедра филиалдары бар.

Кафедра жоғарғы білім берудің барлық деңгейлері бойынша келесілерді дайындайды:

Бакалавриат:

5В072600 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы;

5В072700 – Азық-түлік тағамдары технологиясы;

5В072800 – Өндеу өндірістерінің технологиясы.

Магистратура:

6М072700 – Азық-түлік тағамдары технологиясы;

6М072800 – Өндеу өндірістерінің технологиясы;

6М073500 – Тағам қауіпсіздігі.

Докторантура:

6D072700 – Азық-түлік тағамдары технологиясы;

6D073500 – Тағам қауіпсіздігі.

Тамақ өнеркәсібінің әр саласына жоғары білікті, жаңа білімге сай, тамақ өнеркәсібі технологиясы аумағында кәсіпке дағдылы мамандарды дайындау.

 

  • Студенттер және магистранттар үлгерім сапасын 6%-ға арттыру.
  • Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап кәсіптік бейімдеу жұмысын 12%-ға дейін жандандыру арқылы магистратура және докторантура мамандықтары бойынша білім алушылардың контигентін арттыру.
  • ҚР жоғары оқу орындары және алыс-жақы шет елдер арасында магистратура және бакалавриат студенттерінің академиялық мобильдігін дамыту бойынша жұмысты арттыру – 2 студент.
  • Оқу әдістемелік құралдардың мемлекеттік және шетел тілінде басып шығарылуын 12 %-ға арттыру.
  • Тезаурус әдісімен өтетін пәндердің санын 75% -дан асыру
  • Нольдік импакт-фактормен және дәйексөз индексімен (Хирши – 2 мақала) шетелдік және ресейлік журналдарда ғылыми мақалалар жариялау.