5В072800 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы

Мамандануы – Нан өндірісі және астықты өңдеу технологиясы;Тері мен былғары бұйымдарының технологиясы;

Біліктілігі –– Өңдеу өндірістерінің бакалавры;

Оқу мерзімі – 4 жыл;

Бакалаврдың кәсіптік қызметінің саласы болып өңдеу өндірістерінің барлық дайындау және технологиялық процестерді жасауды қамтамасыз ету салалары, өңдеу өнімдерін өндіру өндірістері, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары және әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар болып табылады.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет пәні болып: дәнді және жарма дақылдары, ұн, жарма, нан, нан өнімдері, қант, крахмал-сірне, крахмал шырыны, модификаицияланған крахмалдар, декстриндер, картоп, жүзім, құлмақ, уыт, сыра, шарап, коньяк, және басқа компоненттер, сонымен қатар астықты дайындау және сақтаудың, ұн, жарма, құрама жем зауыттарының, макарон және кондитер фабрикаларының, қант, крахмал-сірне зауыттарының, ашытқы өндірісінің кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары болып табылады

 Бітірушілердің кәсіптік қызмет ету объектілері: элеватор, ұн, жарма, құрама жем зауыттары, нан, макарон және кондитер фабрикалары, қант, крахмал-сірне зауыттары, ашыту өндірісінің кәсіпорындары болып табылады.

IMG 20611IMG 20631IMG 22051IMG 35701