5В071700 – Жылу энергетика

Біліктілігі – Жылуэнергетика бакалавры;
Оқу мерзімі – 4 жыл;
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
Кәсіптік қызмет саласы болып жылуды өндіру мен қолдану үшін, оның ағындарын басқару және энергияның басқа түрлерін жылуға айналдыру үшін құрылған адам қызметінің құралдарының бірлігінен, тәсілдері мен әдістерінен тұратын техниканың құраушы бөлігі ретіндегі жылуэнергетика жатады.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет орындары болып:
– жылу электр станциялары;
– өндiрiстiк және жылыту қазандары;
– жылу технологиялары;
– өнеркәсiп орындары мен ұйымдарды орталықтандырылған және дербес энергиямен жабдықтау;
– энергиякөздерін өндіру және тарату;
– жылыту және жылу желілері;
– су және отын дайындау;
– жылу технологиясы және жылу энергетикалық нысаналарды автоматты түрде басқару жүйелерi табылады.

IMG 2449Кафедраның филиалы “Теплокоммунэнерго” КММ бар. Кафедрада ғылым және білім саласында Ұлттық ядролық орталығы, Томск политехникалық университетімен және Томск ядролық физиканың ғылыми-зерттеу институтымен серіктестік жөнінде келісім-шарт бар. Келісім-шарт бойынша осы ғылыми орталық мамандары арнай пәндер бойынша дәріс береді.
Кафедра студенттері ҚР ҰЯО-да өткен «Жас ғалымдардың ІІ Евразиялық жаздық мектебіне» қатысты.
Кафедра ғалымдары мен студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері Қазақстан Республикасының және де шетел баспаларында басылып шығуда.
Дипломдық жобаларды қорғау ҚР-ң алдынғы қатарлы ғалымдарын тарту арқылы ҚР ҰЯО-да өтеді.
Кафедра студенттердін арасында Республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары бар.
«Техникалық физика және Жылуэнергетика» кафедраның түлектері магистратура бағдарлама бойынша оқуын жалғастырады.

IMG 2441 20141103 15424820141103 153738 IMG 2443

5B071700 5

 

«Жылуэнергетика» мамандығының магистранты Исахан Жолбарысов АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» демеушілік қолдауымен «KAZENERGY» Ассоциациясының білім беру бағдарламасы аясында өткізілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистранттарына стипендия беру конкурсының жеңімпазы атанды.