5В072300 – Техникалық физика

Мамандануы – Төменгі температуралар техникасы және физикасы; Ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғылар;
Біліктілігі – Техникалық физика бакалавры;
Оқу мерзімі – 4 жыл;
Кәсіби қызметінің саласы:
Зерттеу жұмыстарын игеру, жаңа материалдарды пайдалану және іске асыру, технологиялар, аспаптар және қондырғыларды жасауды қоса алғанда, ғылым мен техника саласы.
Кәсіби қызметінің пәндері:
Аспаптар мен құрылғыларды жасау және игеру, талдау әдістерін үйрену, материалдардың қасиеттерін сараптау, болжау және басқару, технологиялық процестерді, жоғары технологиялық өндіріс салаларын техникалық жабдықтауды игеру.
Кәсіби қызметінің объектілері:
Физикалық процестер және құбылыстар, физикалық және физика-технологиялық аспаптар, жүйелер мен кешендер. Сол сияқты ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік, жобалау-конструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, орталық және жоғары оқу орындары болып табылады.

10.Посещение атомной станции в Японии16.Экскурсия по атомной станции Японии
18. Магистранты и студенты на крыльце Парка ядерных технологийIMG 2445

Кафедраның Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында филиалы бар. Кафедрада ғылым және білім саласында Ұлттық ядролық орталығы, Томск политехникалық университетімен және Томск ядролық физиканың ғылыми-зерттеу институтымен серіктестік жөнінде келісім-шарт бар. Келісім-шарт бойынша осы ғылыми орталық мамандары арнай пәндер бойынша дәріс береді.
Кафедра студенттері ҚР ҰЯО-да өткен «Жас ғалымдардың ІІ Евразиялық жаздық мектебіне» қатысты.
Кафедра ғалымдары мен студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері Қазақстан Республикасының және де шетел баспаларында басылып шығуда.
Дипломдық жобаларды қорғау ҚР-ң алдынғы қатарлы ғалымдарын тарту арқылы ҚР ҰЯО-да өтеді.
Кафедра студенттердін арасында Республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары бар.
«Техникалық физика және Жылуэнергетика» кафедраның түлектері магистратура бағдарлама бойынша оқуын жалғастырады.

656

 

«Atameken Startup» бизнес-иядеялар конкурсыныңжеңімпаздары Жумагажинов А. Т. («Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы), Мұхамедқалиева Б. («Техникалық физика» мамандығының магистранты), Жамбаева М. («Техникалық физика» мамандығының студенті).