Кафедры меңгерушісі: Мұсабаева Бинұр Хабасовна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-05-90; 36-02-15
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Қазақстан футболына 100 жыл к., 4
E-mail: chremistvko@mail.ru

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының  көпжылдықтарихы бар. Бұлтарих 3 институттыңхимиялықкафедраларыныңжетістіктері мен тәжірибесінентұрады. 1996 жылы университет құрылғанда «Жалпы химия» кафедрасытехнологиялықжәнезоотехникалық-малдәрігерлікинституттардыңбарлықхимиялықкафедраларынқосыпалды. 1998 жылы химия кафедрасы (38 оқытушы) түзілді, оныңқұрамына  «Жалпы химия» кафедрасыжәне «Арнайыхимиялықпәндер» кафедрасы (бұрынғыпедагогикалықинституттың химия кафедрасы) кірді.

2004 жылы университет құрамынанпедагогикалықинститутыныңбөлініпшығуынабайланысты  кафедра «Химия жәнесараптау» кафедрасыдеп атала бастады. 2008 жылы кафедра қайта «Химия» кафедрасы болып аталды.2016 жылдан бастап «Химия және химиялық технологиялар» болып аталды.

Институттардың химиялық кафедраларының жұмысына келесі оқытушылар мол  үлестерін қосты: Ермеков М.А., Пауль И.И., Қайырханов К.К., Ахметжанова С.Г., Бочкарева И.В., Бояубаева Е.Р., Алжанова М.К., Дакиева М.Р., Морозов А.З., Коровина Э.К., Семибаламут П.С., Падерина Ф.П., Гавриленко., А.Г.Бояринова Л.Г., Павлова Л.Г., Потылицина З.В., Балтабаев Е.Б., Ибраимова Т.Н., Искакбаева Т.У., Иванова В.А., Корсунская Е.Е., Телегина Н.А., Микрюкова Н.П., Садыкова М.М.,Барановский Б.П., Топшиноев А.П., Воробьева В.И.,Панин М.С., Панина Р.И., Яшкарова М.Г., Носырева В.Ф.Үтепбаева А.С., Кенжебаева Қ.К.

«Химия және химиялық технологиялар»кафедрасы – үлкендер тәжірибесі мен жастар талабының үйлесімі. Қазіргі күні кафедрада 16 оқытушы,соның ішінде 2 ғылым докторы, профессорлар, 8 ғылым кандидаттары, доценттер, 3 химия магистрлері қызмет етеді.

Университет құрылған күннен бастап кафедрада 2докторлық диссертация (Панин М.С., Яшкарова М.Ғ.), 14 кандидаттық диссертация қорғалды. Кафедра оқытушысы Абылайхан А., «Болашак» стипендиясын жеңіп алып, Германияда білім алып, PhD ғылыми дәрежесін иеленді, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде қызмет істейді.

Сапалы химиялық білім беру және химия мен химиялық технология саласында білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғам мен мемлекеттің  қажеттілігін қанағаттандыру

«Химия жәнехимиялық технологиялар» кафедрасы 2007 жылдан бастап инженерлік-технологиялық факультет құрамына кіреді. Кафедра 3 химиялық мамандықтың білім бағдарламалары бойынша: 5В060600 – «Химия», 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырып, іске асырады. Сонымен қоса басқа факультеттердің мамандықтарының білім бағдарламасын іске асыруға химиялық пәндерді оқыту арқылы қатысады: инженерлік-технологиялық, аграрлық, ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар. «Фармацевтикалық компания Ромат» ЖШС Медициналық препараттар зауытында кафедра филиалы жұмыс істейді.

Бакалаврлар мен магистрлер дайындаудың екі деңгейлі жүйесі жұмыс істеді. 6М060600- «Химия» мамандығы бойынша магистратура бар.

Кафедра қызметінің бағыттары:

-кредиттік технология бойынша және ЖБМББС және оқу жоспарларына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыру;

-оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу;

-келісімшарттар бекіту арқылы өңірдің кәсіпорындарында  өндірістік және оқу практикаларын өтуді ұйымдастыру;

-магистратурада оқу үдерісін ұйымдастыру;

-мамандықтарды оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру;

-кафедра пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру;

-ГЗЖ жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулерді жүргізу;

-әр түрлі сайыстар мен жобаларға қатысу;

-студенттерді кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, СҒҚ кружоктар жұмысының тиімділігін арттыру;

– магистратура, докторантура, тағылымнамалар арқылы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру;

-мектептер мен колледждерде кәсіби бағдарлау жұмысын өткізу;

-қала мен ауыл мектептерінің мұғалімдерімен бірлесіп ғылыми-әдістемелік жұмыстыр жүргізу;

– өз отанына, халқына сүйіспеншілікке баулуға, жалпы адамдық және рухани-адамгершілік құндылықтарды бағалауға бағытталған студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу

-кафедраның материалдық-техникалық базасын жақмарту және дамыту.

  1. Аккредиттелген 3 білім бағдарламасы бойынша постаккредиттеу мониторингісінен өту.
  2. Мамандықтар бойынша түлектердің  жұмысқа орналасуы –  85% кем емес.
  3. PhD атағын иелену үшін 1 диссертация қорғау.
  4. Ғылыми монографиялар басып шығару – кем дегенде 1.
  5. Мемлекеттік тілде 2 оқу құралын басып шығару.
  6. Импакт-факторы нольден жоғары журналдарда 3 ғылыми мақала жариялау.
  7. Спорттық-бұқаралық жұмыстарға қамтылған студенттер үлесін 2% -ке арттыру.

Барлық мамандықтар үшін оқытудың кредиттік технологиясы ендірілген.

Мамандықтар бойынша келесі білім беру траекториялары ұсынылады:

5В060600-Химия – аналитикалық химия, химиялық сараптау;

5В072000- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы – электрохимия өндірісініңтехнологиясы, силикатты және тұтқыр материалдар технологиясы;

5В072100- Органикалық заттардың химиялық технологиясы – мұнай химиясы өндірісінің технологиясы, химико-фармацевтикалық препараттар технологиясы, полимерлер мен пластмассалар өндірісі технологиясы

6М060600 –Химия – ЖМҚ физикасы және химиясы; радиохимия

 

Жалпы химиялық дайындықты технологиялық, инженерлік, биологиялық, ауыл-шаруашылықтық мамандықтар студенттері өтеді.

 

Оқу үдерісі кезінде қолданылатын кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері басылып шығарылған монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар көлемімен анықталатын ғылыми-әдістемелік жұмыстардан байқалады.

 

Соңғы жылдары кафедрада келесі оқу құралдары баспадан шығарылды:

  • Мұсабаева Б.Х., Қалиясқарова Б.А. Табиғи нысандар анализі. Оқуқұралы.РОӘКгрифіменбаспағаұсынылған. //Семей, Интеллект баспасы.-2015.-101б.
  • Мұсабаева Б.Х. Аналитикалық химия әдістері. Оқуқұралы.РОӘКгрифіменбаспағаұсынылған. // Семей, Интеллект баспасы.-2015.-161б.
  • Мұсабаева Б.Х., Оразжанова Л.К. Полимерлер ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттері. Оқу құралы. // Семей, Интеллект баспасы.-2015.-100б.
  • Касымова Ж.С. Введение в специальность для студентов специальности «5В072000-Химическая технология неорганических веществ». Учебное пособие. Рекомендовано к печати под грифом РУМС МОН РК, 2014.–245 с.
  • Лебаева Ж.Т., Касымова Ж.С. Химическая технология глинозема и силикатных материалов. Учебное пособие. // Семей, Интеллект, -2015.- 120 с.
  • Кабдулкаримова К.К., Касымова Ж.С. Оқупрактикасы. Оқуқұралы. РОӘК грифіменбаспағаұсынылған // Семей, Шәріматындағы МУ баспасы.- 178 б.
  • Лебаева Ж.Т., Касымова Ж.Т., Қасенова Н.Б. Глинозем және силикат материалдарыныңхимиялықтехнологиясы. Оқуқұралы. // Семей, Интеллект. -2015. -80 б.
  • Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Жалпы және бейорганикалық химия курстарынан есептер мен жаттығулар. Оқу құралы. РОӘК грифімен баспаға ұсынылған // Фолиант баспасы.-2015.-344б.
  • Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Органикалық химиядан практикум. Оқу құралы. РОӘК грифімен баспаға ұсынылған // Фолиант баспасы.-2015.-198б.
  • Бектуров Е.А., Кудайбергенов С.Е. Краткий курс физико-химии полимеров. Учебное пособие. // Семей,  – 191с
  • Мұсабаева Б.Х. Химиялықсандық анализ. Оқуқұралы. РОӘК грифіменбаспағаұсынылған // Шәкәріматындағы МУ баспасы. 2016. -111 б.
  • Касымова Ж.С. Мамандыққакіріспе. Оқуқұралы. РОӘК грифіменбаспағаұсынылған // Ақнұрбаспасы. 2016. -265 б.
  • Оразжанова Л.К. Основы фармацевтической технологии. Учебное пособие. Рекомендовано к печати под грифом РУМС. // Изд. ГУ им. Шакарима. 2016. -130 с.
  • Кабдулкаримова К.К., Касенова Н.Б., Серікханова Н.Н. Бейорганикалықхимияданзертханалықжұмыстар. Оқуқұралы.// «Семей көркем» баспасы. 2017. -162 б.
  • КабдулкаримоваК.К., Aubakirov E.A., Orazbaeva G.D. Electrochemical production technology. PlasmaChemistry. Учебное пособие. Рекомендовано к печати под грифом РУМС // Almaty. Qazaquniversity. – 318 p.
  • Баяхметова Б.Б. Физикалықхимияныңнегізгітараулары. Оқуқұралы. РОӘКгрифіменбаспағаұсынылған // Семей: Интеллект.-2017. – 115 б.
  • Динжуманова Р.Т., Абекова Р.С., Касенова Н.Б. Гетероциклдықосылыстархимиясы. Оқуқұралы // Семей: Интеллект», 2017. – 116 б
  • Динжуманова Р.Т., Абекова Р.С. Көпядролыконденсирленгенжәнеконденсирленбегенқосылыстар. Оқуқұралы. РОӘКгрифіменбаспағаұсынылған // Семей: Интеллект», 2017. – 108 б

Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Аналитикалықхимиядан практикум. Оқуқұралы. РОӘКгрифіменбаспағаұсынылған // Фолиант баспасы. 2017. -232 б.

«Химия» кафедрасында келесі бағыттар бойынша ҒЗЖ жүргізіледі:

  • «Нанобөлшектерді «жасыл химия» әдістерімен синтездеу»
  • «Семей өңірінің жіпше тәрізді балдырларын пайдаланып, ауыл шаруашылығы малдары үшін биологиялық белсенді қоспалар дайындау бойынша ғылыми ұсыныстар мен практикалық іс-шаралар әзірлеу»
  • «ШҚО қоршаған орта объектілерінің химиялық-экологиялық мониторингісі».

 

Кафедрада  ҚР БжҒМ қаржыландыратын  жобалар орындалады:

  1. «Өмірлік маңызды микроэлементтердің тұрақтандырылған нанобөлшектері – тасымалдағыштар негізінде жаңа туберкулезге қарсы препараттар әзірлеу» (2012-2014 жж)
  2. «Дәрілік-төзімді туберкулезді емдеу үшін туберкулезге қарсы жаңа препараттар әзірлеу» (2015-2017 жж)

3.«Жердің шөлейттенуін болдырмау үшінинтерполимерлі комплекстерді қолдану технологиясын әзірлеу» (2018-2020 жж)

 

Кафедрада ұйымдастырылып, өткізілді:

  • «Био- және наноматериалдар үшін арнайы полимерлер» халықаралық ғылыми семинар, 23 – 24 мамыр 2011жыл
  • «Биоматериалдар, наноматериалдар және наномедицинаның қазіргі кездегі мәселелері» І Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, сәуір 2012 жыл.
  • «Қоршаған ортаны қорғау, мұнай саласы, био-, нанотехнология және медицина саласындағы арнайы полимерлер» VІ  халықаралық семинар, қыркүйек 2015 жыл.

 

Қорғалған диссертациялар бойынша мәліметтер

 

2010 жылы  «Комплексы линейных и слабосшитыхполиамфолитовбетаиновой и чередующейся структуры с комплементарными полимерами, ионами металлов и поверхностно-активными веществами и перспективы их использования»тақырыбынаЯшкарова М.Ғ. докторлық диссертация қорғады.

 3 кандидаттық диссертация:

  1. 2008 жылы «Комплексы нового полиамфолита карбоксил–3– аминокротоната/акриловой кислоты с комлементарными макромолекулами и их использование для агрегирования радиационно-загрязненных почв Семипалатинского региона»Оразжанова Л.К.;
  2. 2009жылы«Физико-химические и каталитические свойства полимер-протектированных и гель-иммобилизованных наночастиц металлов»Доля Н.А.;
  3. 2009жылы «Биологиялықбелсендізаттарды рН- жәнетермосезімталполимерлі гидрогель матрицасынаиммобилизациялау» Татыханова Г.С.

Химия кафедрасында ғылыми зерттеулерді халықаралық қатынастар аясында жүргізу дәстүрге айналды. Профессор Құдайбергенов С.Е. Италия (A. Ciferri), Германия (J. Koetz), Ұлыбритания (С. Михайловский), Корея, Ресей, және т.б. елдердің ғалымдарымен бірлесіп, зерттеулер жүргізуде. Халықаралық конференцияға қатысу және дәрістер оқу үшін университетте: профессор В. Хуторянский (Ұлыбритания, Рединг университеті), профессор И. Галаев, (Нидерланды, DSM компаниясы), профессор Михайловский (Ұлыбритания, Брайтон университеті), профессор Р.Летфуллин(АҚШ, Роуз Хулман технологиялық институты) болды.

 

Кафедра келесідей шетелдік әріптестермен байланыс орнатты:

  • KyongpookNationalUniversity, Korea;
  • Lund-University,Sweden;
  • TU Chemnitz, Germany;
  • UniversityofPotsdam, Germany;
  • М.В. Ломоносоватындағы ММУ, Ресей;
  • Т. Шевченко атындағы Киевуниверситеті, Украина
  • Rose-Hulman Institute of Technology (USA)
  • Новосибирский государственный университет, Ресей
  • UniversityofReading, UK
  • Massachusetts Instituteof Technology, USA
  • К. Лейбниц атындағы полимерлерді зерттеу институты, Дрезден, Германия
1

 

Мұсабаева Бинұр Хабасовна Химия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к., доцент
2

 

Қудайбергенов Сарқыт Елекенович х.ғ.д., профессор
3 Мұрзагулова Күнназ Баймұхановна х.ғ.д., профессор
4

 

Кабдулкаримова

Күлбану Кабдулкаримовна

х.ғ.к., доцент
5

 

Абекова Рысжан Сармұрзановна п.ғ.д., доцент міндетін

атқарушы

6

 

Оразжанова Ләззат Каметаевна х.ғ.к., доцент міндетін

атқарушы

7

 

Қасымова Жанар Сайлаубековна б.ғ.д., доцент
8

 

БаяхметоваБулбулБаяхметовна х.ғ.к., доцент міндетін

атқарушы

9

 

Кливенко Алексей Николаевич PhDдокторы, аға оқытушы
10

 

СабитоваАльфираНуржановна PhDдокторы, аға оқытушы
11

 

Лебаева Жеміс Темірғалиевна аға оқытушы
12

 

Гайсина БалжанСайлауовна химия магистрі, аға оқытушы
13

 

ҚасеноваНазымБекболатовна химия магистрі, аға  оқытушы
14 Абекова ТоғжанБейбітқызы химия магистрі,  оқытушы
15 Қаджияқпарова

Айгүл Рахметуллаевна

оқу шебері
16 Акишева Гульнар Хабасовна лаборант
17 ИгеноваАсимаСобедказыевна қосалқы жұмысшы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын 3 доцент иеленді: Мұсабаева Б.Х. (2013 жыл), Кабдулкарима К.К. (2014 жыл), Қасыма Ж.С. (2015 жыл).

2016 жылғы ПОҚ ТОП-50 рейтингісінде (НААР) кафедра профессоры Құдайбергенов С.Е. 3-орынды алды.