Кафедра меңгерушісі: Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы
БАЙЛАНЫСТАР

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Ә. Тәңірбергенов көшесі 1, 304 кабинет

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылымындағы негізгі буындардың бірі ретінде қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы 1939 жылы ашылған. Кафедра қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын    Семей қаласында мұғалімдер институтының құрылған уақытынан   бастап дайындап келеді.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі (1939-1941) – қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі – Рахым Барлыбаев.   Қазақ тіліндегі саяси-әлеуметтік лексика бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. Кафедраның келесі басқарушысы –   Қазақстанның және КСРО  білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Жұмағали Шәкенов.  Қазақ тіліндегі сын есім категориясы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, доцент.

1978 жылдан 2008 жылдар аралығында   кафедраны   филология ғылымының кандидаты, профессор, ҚР және КСРО білім беру ісінің үздігі Қинаят Шаяхметұлы басқарды. 2008 жылдан кафедра меңгерушісі – филология ғылымының кандидаты, доцент Бибеков Қаныш, 2014 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраны п.ғ.к., доцент Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы басқаруда.

Кафедрада дайындалатын мамандықтардың білім бағдарламасын жүзеге асырушы ПОҚ толық қалыптасқан. Кафедра профессор-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежесі 100% құрайды. 3 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты қызмет көрсетеді. Кафедра құрамының мұндай сипатының алғышарты әуелден орныққан. Бұрынғы жылдарда осында тәлімі зор, тағлымы мол, өнегесі өлшеусіз, үлгісі үзіліссіз нағыз асыл адамдар еңбек етіп, мектеп қалыптастырды. Олар:   Рахым Барлыбаев,  Жұмағали Шәкенов, белгілі абайтанушы, академик Қайым Мұхамедханов, түркітанушы-ғалым Асан Ісләмов,    филология ғылымының кандидаты  Тұрсынбай Ерғалиев. Бүгінгі таңда осы  қалыптасқан мектепті жалғастырушы  филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов,  филология ғылымының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлы, филология ғылымының кандидаты, доцент Фарида Жақсыбаева, философия докторы Арай Жундибаева сияқты ғалымдарды атап өтуге болады.

б) Кафедра дайындайтын мамандықтар

Мамандарды даярлау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асады:
Бакалавр мамандығы бойынша:

  1. 5В020500 “Филология”
  2. 5B012100 “Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті”

Жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар:
Магистратура
6М020500 “Филология”

Қазақстан Респуликасының ел басқару ісінен бастап, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілге деген сұраныс артып тұрған кезеңге лайықты кәсіби біліктілігі жоғары филолог маман мен бұқаралық ақпарат құралдарында шығармашылық тұлға ретінде әлеуметтік мәселелерге тенденциясын білдіруде бәсекелестікке қабілетті тіл маманын дайындап шығару.

  1. 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 499 Қаулысымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі»;
  3. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2013 жылғы 12 шілдедегі №531 бұйрығымен бекітілген;
  4. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сапа саласындағы Саясаты;
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарты»;
  6. Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурызындағы №94 бұйрығымен бекітілген;
  7. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 198 бұйрығымен бекітілген;
  8. Оқу жұмысы мәселелері жөніндегі университет бойынша бұйрықтар мен өкімдер;

Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті  тілдік құзіреттіліктерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатар меңгерген ұтқыр, әлемдік білім беру кеңістігінде және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті   педагог мамандарды дайындау болып табылады.

  1. ПОҚ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысуын 100%-ға, студенттердің қатысуын 60%-ға  көтеру .
  2. Білімалушылардың білім сапасын 100%, үлгерім сапасын 90%  түсірмеу.
  3. 5B020500–«Филология», 5В012100 – «ҚТОМ Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлектерін магистратураға түсуін  10 жеткізу.
  4. Қоғамдық-саяси белсенділікке, азаматтық жағынан жетілуге, болашақ мамандардың патриоттылығы мен интернационалдығын қалыптастыруға бағытталған тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
  5. Қала мен облыстың мектептерінде оқушыларының ғылыми жобаларына жетекшілік етіп, кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу. Күндізгі бөлімге түсетін студенттердің санын 30 %-ға арттыру.
  6. Импакт-факторлы журналға ғылыми мақала жариялау – 1мақала.
  7. ККСОН тізіміне енген журналға ғылыми мақала жариялау – 3 мақала