Кафедра меңгерушісі: Кеңесбаева Шынар Сакеновна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 36-02-25
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Танибергенов көш. 1, 410 кабинет

5В050400 – «Журналистика» саласы бойынша мамандар даярлау Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде   1999 жылдан бастап қолға алынды. 1999 жылдан 2010 жыл аралығында мамандық екі кафедра аясында даярланды: қазақ филологиясы кафедрасы–қазақ тілді мамандарды, орыс филологиясы кафедрасы – орыс тілді мамандарға білім берді. 2010 жылдан бастап екі тілде де (қазақ, орыс тілінде) журналист мамандар даярлау қазақ филологиясы кафедрасында жүргізілді, ал 2013 жылдан бастап болашақ журналист мамандар «Журналистика және практикалық қазақ тілі» кафедрасында оқытылса, 2016 жылдан бастап мамандық Қазақ филологиясы факультетінде оқытылатын болды. Мамандар даярлауға әрқашан біліктіде тәжірбиелі мамандар   атсалысады. Олардың қатарын ғылым кандидаттары мен доценттер және аға оқытушылар, оқытушылар құрайды. Сондай-ақ аймақтық БАҚ-ның өкілдері де журналист-практик ретінде өз үлестерін қосып келеді. Аталған жылдар аралығында кафедра 300-ге жуық журналист мамандар даярлап шығарды. Олардың басым бөлігі Қазақстан қалаларында, жақын шетелдерде корреспондент, репортер, пресс-секретарь, продюссер, редактор, қоғамдық байланыс маманы, жарнама агенттіктерінде қызмет атқаруда. Мәселен, Омархан Жанжігіт, Олжас Нұрекенов, Берик Хасенов, Мухамедрахимов Рүстем, Қосанов Айбек  т.б.

Қолданбалы журналистика саласында жоғары мамандандырылған бәсекеге қабілетті мамандар дайындай отырып, қоғамға деген өзіндік көзқарас қалыптастыратын, міндеттерді сауатты орындай білетін, ақпаратты өңдеу мен жинауда заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланатын, сондай-ақ саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық мәселелерге талдау жасай білетін, мәдениетті, білімді, тәрбиелі азаматтық көзқарасы бар тұлға дайындау.

  1. Оқу үрдісінде «Moodle» жүйесі мен басқа да коммуникациялық және интерактивті технологияларды қолдану.
  2. «Журналистика» мамандығының студенттеріне дәріс оқуға елімізден  ғалым (1),  онлайн дәріс оқуға ғалым (2) шақыру.
  3. Кафедрада оқытушылар құрамының ғылым-зерттеу жұмыстарын жандандыру (импакт факторлы журналдарға (1 мақала), мерзімді басылымдарға (15 мақала) жариялау, оқу-әдістемелік құралдар (3) шығару.
  4. Кафедра оқытушылар құрамының 20%-ын біліктілік көтеру курсына жіберу.
  5. Оқу радиостудиясын құру.