5В050400 – Журналистика

Мамандандыру –Журналистика
Біліктілік – Журналист;
Оқу мерзімі – 4 жыл;

1999 жылдан бастап университетте журналистика мамандығының негізі қаланды. Бүгінде қазақ-орыс бөлімдерінде 150-дей студенттер оқиды. Кафедрада білімді тәжірибелі оқытушылар, ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, доценттер мен аға оқытушылар қызмет етеді.
«Журналистика» мамандығын бітіруші түлектер баспасөз бен теледидар аясында қызмет атқара алады. Студенттер тәжірибеден қаламыздағы ‘Семей таңы’, ‘Ертіс өнірі’, ‘Спектор’, ‘Арна’ газеттерімен ТВК-6 арналарында өтеді. Біздің түлектер республикамыздың әр аймағында БАҚ-та қызмет атқарып жүр. Бүгінде «Қазақстан телеарнасындағы» «Иман айнасы» бағдарламасының жүргізушісі Жанжігіт Омархан, КТК телеарнасының корреспонденты Олжас Нүрекенов, «Еуразия-1» арнасының тілшісі Берік Қасенов, «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Л. Тілеубаева т.б. біздің түлектеріміз.
Журналистика мамандығында оқитын студенттерге Қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік ғалымдар дәріс оқиды. Түркия республикасы Стамбул университетінің докторы Хаяти Тюфекчиоглу, Помукалле университетінің докторы Нергиз Бирай, Ресей ғалымы Кипрас Мажейка келіп, дәріс оқыды.
Журналистика мамандығының 3 курс студенттері Айдынқызы Айдана мен Сайлаубаева Ақбота Түркия Республикасы, Помукалле университетіне оқуға 1 семестрге барып қайтты.
«Журналист» мамандығы бүгінде сұранысқа ие мамандықтардың бірі. «Журналистика» мамандығына келіп оқуға шақырамыз!

002 14 11 2013 14 02 17 14 11 2013 14 02 51IMAG1087group fotoIMG 3822P1015947P1015951P2270905 DSC0164Дака1384 MG 6772