Кафедры меңгерушісі: Ақтанова Айман Советқызы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-60-29
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш. 20а, кабинет 913

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылымындағы негізгі буындардың бірі ретінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 1939 жылы ашылған. Казақ тілі мен әдебиеті мамандарын дайындауда алғашқы ұстаздар ретінде Семейге арнайы келген белгілі ақын, жазушы Сәбит Дөнентаев пен Сәбит Мұқановтардың еңбектерін ерекше атауға болды. 1973-1977 жылдар аралығында кафедраны филолгия ғылымдарының докторы, профессор  Қуандық Жүсіпов басқарды.  1978-2004 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы деп аталған кезде кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлы басқарған. 1992- 1996 жылдары  қазақ әдебиеті өз ішінде екі кафедра болып қызмет етті. «Қазақ әдебиеті тарихы» кафедрасын филология ғылымдарының докторы, профессор   Еспенбетов Арап Сләмұлы басқарса,  «Қазіргі қазақ әдебиеті»  кафедрасын филология ғылымдарының докторы, профессор Жүсіп Қуандық Пазылұлы басқарған еді. Қазақ әдебиеті кафедрасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің құрамындағы іргелі кафедралардың бірі. Қазақ әдебиеті кафедрасы 2004 жылы қайтадан жеке бөлінгенде  кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент  Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай  болды. 2006 жылдан бері кафедраны  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақтанова Айман Советқызы басқарып отыр.