5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Арманыңның бүгінін бізбен баста

Құрметті жас талапкер! Сен әдебиет әлеміне қанат қақың келе ме? Сен шебер тілші маман болуды немесе журналист болуды армандайсың ба? Олай болса Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы – сенің таңдауың!
Тек қана бізде, яғни қазақ тілі және әдебиет кафедрасында, қазақ тілі және әдебиет саласы бойынша жан – жақты тыңғылықты маман болуға, өз елінің тілін, әдебиетін, ата – бабадан қалған ана тілдің бұзылмаған қаймағын, салт – сана дәстүрін қастерлеп, бүгінгі заманға сай бәсекеге қабілетті, мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар болып шығуынызға толық мүмкіндік бар. Факультет әрекетінің барлық бағыттары факультеттің ғылыми-білім кешенінің оқу-әдістемелік жұмыстар нәтижелерін нарықпен ұштастыра алатын және бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды қалыптастыру міндеттеріне бағытталған. 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті – ҚР ЖОО арасында жүргізілген тәуелсіз рейтинг бойынша Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен кейін үздік үштікті қорытындылаған мамандық.

Егер сен бізді таңдасаң:

– Ғылыми әлеуеті – 100 пайыз, халықаралық, республикалық деңгейдегі барлық ғылыми – тәжірибелік конферанцияларға белсене қатысатын, «ЖОО үздік оқытушысы» құрметті атағын алған 5 оқытушы атап айтсақ: Арап Сләмұлы Еспенбетов (2011ж), Айман Омарханқызы Тоқсамбаева (2010ж.), Айман Советқызы Ақтанова (2009ж.), Мұрат Тілегенұлы Иманжапаров (2009ж.), Бауыржан Амангелдіұлы Ерденбеков (2009ж.), сонымен бірге филология ғылымының кандидаты, профессор, ҚР және КСРО білім беру ісінің үздігі, Қазақ Білім академиясының корреспондент мүшесі Қинаят Шаяхметұлы сынды ұстаздардан тәлім аласың;
– Өз қабілеттерінізді тек қана білім жағынан емес, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу арқылы шыңдай аласыз. Сабақтан тыс уақытта біздің оқу орнындағы дебат клубтарға, әр түрлі үйірмелерге қатыса аласыз. Сондай белсене дамып келе жатқан үйірмелердің бірі ақындар мектебі. Бұл ақындық өнерді өздеріне серік етіп, талай қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары да аз емес. Мысалға: Арман Шеризат, Қуаныш Нұржанов, Нұрлан Бектібаев, Манарбек Сатыбалдин, Шаймарданова Аяулым және т.б.

– 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиетінде оқу арқылы сен:

• Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қазақ
мектебінде, колледждерде;
• Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі орыс
мектебінде, колледждерде;
• Аудармашы;
• Журналист;
• Ісқағазын қазақ тілінде жүргізуші;
• Мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тілді
• оқытушы;
• Референт -хатшы және тағы басқа қызмет атқара аласың;

5B011700
Факультет студент-ақындары ДӘУЛЕТ ЕРЛАН МЕН
АҚБАБАҰЛЫ АРДАБЕКТІҢ кітаптарының тұсаукесері

5B011700 1
НҰРЖАНОВ ҚУАНЫШ кезекті мүшәйраға қатысуда

5B011700 2
ҚАЛИЖАРОВА ЖАДЫРА«Семей аруы – 2014» байқауында

5B011700 3 5B011700 4 5B011700 5
Факультет ақындарының жыр жинақтары

5B011700 6
Ақын Тұманбай Молдағалиевпен кездесу
5B011700 7
Факультет түлегі Әзілхан ата қонақта

– Озат оқитын студенттерге президенттік шәкіртақы беріледі. Коорпоративтік стипендия және әр түрлі дарын иегерлеріне атаулы стипендиялар тағайындалады.

– Академиялық ұтқырлық жобасы арқылы Венгрия, Түркия сынды шет елдерге, Қазақстанның өзге ЖОО-да білім алуға мүмкіндік жасалған.

5B011700 8 5B011700 9 5B011700 10

Біздің түлектеріміз: Алашқа белгілі айтыскерлер Сара Тоқтамысова мен Ринат Зайытов
5B011700 11 5B011700 12

Біздің мамандық Сара Тоқтамысова мен Ринат Зайытов сынды дарындардың жұлдызын жаққан. Келесі кім? Ол сенің жұлдызың болуы мүмкін. 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті – сенің таңдауың, сенің болашағың!

Осындай факультет бар қазақы орын,
Асатын талайлардан талабы оның.
Ойланбай қызық толы ортаға кел,
Кеңейтіп біздегі алғыр бала қорын!