5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Сапалы білім бізден –таңдау сізден!

Университет
Ш – шәкірттік өмірмен қоштасып
Ә – әлемге жаңадан қадам бас
К – кемел біліммен достасып
Ә – әр күнге жалынды алау қос
Р – риясыз жастық шақ өтеді
І – ілім мен болса егер адал дос
М – мектептен бізге кел замандас

Қоғамдық шаралардың бел ортасында болғың келсе,
Келешекте еліміздің белсенді тұлғасы болғың келсе,
Онда 5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына кел!

Осынау шаңырақ төрінде,
Білімнің шыңына шығайық.
Жалынды жастықтың уақытын,
Қызықты, белсенді қылайық.
Өзге де ұлт білсін бұл тілді,
Қазақ тіл құрметке лайық.
Өзге жұрт білуге тиісті,
Қадірін бірлікте ұғайық.
Осында келіңдер жас түлек
Тілім деп тұғырда тұрайық!

Студенттік кездің жарқын сәттерін бізбен өткіз!

5B012100 1 5B012100 2 5B012100 3 5B012100 4

Траекториясы: Кәсіби білім және біліктілік
Біліктілігі – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің бакалавры
Оқу мерзімі – 4 жыл;
Бітіруші бакалаврдың қызмет аумағы:
Білім беру (педагогикалық), ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу, құжаттар тілін жүргізу, аударма
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
а) Білім беру (педагогикалық)
– білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
– филологиялық пәндерді оқыту;
– мәдениет саласы бойынша рухани мұраларды жинау жұмыстары.
б) Ұйымдастыру-басқару
– білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру;
– мәдениет және білім беруді басқару-ұйымдастыру саласындағы ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру;
в) Ғылыми-зерттеу
– жоғары оқу орындарында зерттеу бағдарламалары аясында ғылыми зерттеулер жүргізу;
– ғылыми зерттеулер мен халықаралық бағдарламаларға жетекшілік ету аясында ғылыми тұрғыдан ынтымақтастық орнату;
д) Құжаттар тілін жүргізу
– ресми-іскерлік құжаттарды дайындау;
– білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында ресми-іскерлік құжаттармен қамтамасыз етеді.
е) Аударма
– білім беру және мәдениет саласында аудармашылық қызмет атқару;
– басқару мекемелерінде аудармашылық қызмет атқару.

5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдасаңыз

1. Дипломы бар Сізді кез келген мектеп мұғалім ретінде шақырады;
2. Ғылыми жоба қорғап, ғылыми атық алып, ғалым бола аласыз;
3. Кез келген газетте редактор қызметін атқара аласыз;
4. Мемлекеттік мекеменің іс-қағазын жүргізе аласыз;
5. Аудармашылық қызметті де атқара аласыз:
6. Хатшылық қызметті де қосып қойыңыз;
7. Тілші бола аласыз;

Жас ұрпақ келелі білім іздесеңіз, жаңа әсер алғыңыз келсе, тың бағыттарды игергіңіз келсе, болашағыңыз өз қолыңызда. Шәкәрім университетінің филология факультететінің есігі сізге айқара ашық!