Кафедра меңгерушісі: Мырзаканов Мадвакас Сексенбаевич
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 53-37-60

Студенттерді оқыту 1969 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтында басталды, 1973 жылдан физика-математикалық негізінде  сурет-кескіндеме факультеті құрылған. 1996 жылы екі жоғарғы оқу орнының бірігуіне байланысты  «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы өз жұмсысын  Шәкәрім атындағы  Семей мемлекеттік университеттінде басиау алып, 2013 жылдан бастап Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеттінде  жұмысын жалғастырды. Алғашқы мамандар 1973 жылы даярланып шығарылды. Білім беру бағдарламалары бойынша мамандар мына мамандықтар бойынша  оқытылды: 5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу»  1969 жылдан бастап; 5В012000 «Кәсіптік оқыту» 2007 жылдан;  5В042100 «Дизайн» 1998 жылдан.

Білім беру қызметі университетте білім беру министрлігінің бекітуімен  қабылданған құжаттар бойынша  іске асырылды.

Арнайы білім алу қосымша жұмыс жасап жүрген жастарға еш кедергі келтірмейді. Сырттай бөлімде оқитын  студенттерге  қашықтан оқыту технологиялары даярланған. Қашықтан оқыту үшін даярланған оқыту- әдістемелік кешендер Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеттінің  порталына енгізілген.

Кафедра жоспарлы түрде     өз түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал жасау жұмыстары  іске асырылды. Осы мақсатта бітірушілердің түйіндемелері университет порталына енгізілген. Жыл сайын жұмысқа орналасу бойынша  «түлектердің жәрмеңкесі» ұйымдастырылады. Бітіруші мамандар осы жәрмеңкелер негізінде 100% жұмысқа орналасқан.

Жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру мақсатында ұзақ мерзімді  келісімшарттар  жасалады.. диплом жұмыстарының  тақырыптарын, элективті пәндерді, оқу жоспарларын дайындау кезінде жұмыс берушілердің  ұсыныстары мен ескертулері ескеріледі.

Кафедра мақсаты- жоғары білімді  білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап шығару.

Білім беру бағдарламалары мамандықтар бойынша құрылып, оқыту технологиясы әдістемелік қолдау және ғылыми-дәлелдеу, көзқарастар негізінде қалыптасып бекітілген.

Бұл оқу жұмыс жоспарын, пәннің ғылыми әдістемелік кешенін, типтік оқу бағдарламаларын, мемлекеттік білім беру стандарттарының сабақтастығын қамтамасыз етеді. Бұдан шығатын  нормативтік және оқу құжаттарының академиялық тұтастығы, білім беру бағдарламаларының тиімді басқару механизімімен, білімберу бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын мақсаты – бейнелеу өнері, сызу, технология бойынша жоғары, білікті педагогикалық кадрлар дайындау, сонымен қатар төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызмет етуге қабілетті, жоғары-әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, дизайнерлік қызметке шығармашылық кадрларды даярлау:

  • Білім алушыны жан-жақты тәрбиелеу және қалыптастыру;
  • Бейнелеу өнері, сызу дизайн және технология жөнінде жүйелі білім қалыптастыру;

Заманауи ғылыми деңгейде бейнелеу өнер, дизайн, сызу және технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру, ғылыми зерттеуді қалыптастыру.

  • Орта білім беретін мекемеде кафедраның филиалын ашу
  • Жоғарғы импакт-факторы бар шет ел журналдарына ғылыми мақалалар жариялау
  • Күндізгі бөлім студенттерін ғылыми ізденіс жұмыстарына (студенттік ғылыми үйірме жұмыстарына, конференцияларға, жобаларға) тарту
  • Күндізгі бөлім студенттерін шығармашылық жұмыстарға тарту
  • Кафедраның профессорлы оқытушылар құрамы оқу-әдістемелік құралын дайындап, баспадан шығару.