Кафедры меңгерушісі: Мұхаметжанова Нұргүл Ахметжановна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 44-38-26

Қазақстан тарихы кафедрасы университеттің  және тарих – педагогикалық факультетінің жетекші кафедраларының бірі болып табылады. 2013 жылдың қыркүйек айында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасы мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тарих кафедрасының бірігуі нәтижесінде Қазақстан тарихы кафедрасы құрылды.

2004 жылы жоғары оқу орындарының қайта құрылуына байланысты университетте Қазақстан тарихы кафедрасы құрылған болатын. 2006 жылдан бастап тарих және философия кафедрасы болып өзгертілді. 2008 жылы гуманитарлық факультет құрамына енген тарих және құқық кафедрасы жұмыс жасады.

2009 жылдың 29 маусымында ҚР ҒБМ Ғылым мен білім саласын бақылау Комитетінің №869 бұйрығымен 07.00.02-Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін алу үшін 14.70.01 диссертациялық кеңес ашылды.

2011 жылдың желтоқсан айы оқу орындарының бірігуіне дейін Тарих кафедрасы деп аталды.

Әр жылдары кафедраны Байсарина Қ.Қ, Атантаева Б.Ж., Мұқатаева З.Қ., Саңқайбаева П.С., Пашенцев А.П., Мұсабалина Г.Т, Сайлаубай Е.Е., Ибраемова М.С., Мухамеджанова Р.Ж., Екибаев Р.Ж.

Қазіргі уақытта кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхаметжанова Нұргүл Ахметжанқызы басқарады.

Оқытудың негізі 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 ҚР Үкіметінің Қаулысында көзделген Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнының стандартына сәйкес 2013 жылдың 28 тамызындағы № 13013970 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда келесідей міндетті бағдарламаларға сай мамандар даярлайды:

Бакалавриат – 5В020300, 5В011400 «Тарих»

Магистратура – 6М020300, 6М011400 «Тарих».

Кафедрада 18 оқытушы жұмыс жасайды. Кафедраның ғылыми дәрежесі 78% құрап отыр, яғни жоғары ғылыми әлеуетке ие деген сөз: 2 – ғылым докторы, 14 – ғылым кандидаты, 4 аға оқытушы.

Атап айтсақ, т.ғ.д., профессор Атантаева Б.Ж., т.ғ.д., профессор Байсарина Қ.Қ, ғылым кандидаттары мен оқытушылар – Исин А.И., Каримов М.Қ., Коновалов А.П., Тохметова Г.М., Мұхамеджанова Р.Ж., Ибраемова М.С., Мұқатаева З.К., Ахметова Р.Д., Пашенцев А.П., Бралинова Д.И., Қариева Т.А., Бақытжанова А.Б. Құмар А.К., Керейбаева А.С.

Кафедраның мақсаты – әлеуметтік-экономикалық жүйенің қарқынды даму жағдайына бейімделіп, тәрбие арқылы көшбасшылық және қалыптасқан ортада жұмыс істеу қабілеті бар жан-жақты дамыған тұлғаны даярлау

  1. СТ РК ИСО 9001:2009 және МС ISO 9001:2008 стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің орындалуын  үнемі арттыру;
  2. Қашықтықтан оқу жүйесі бойынша мамандықтың оқыту бағдарламасының сапасын арттыру – 100 %;
  3. Тезаурустық әдіс бойынша өткізілетін сабақ санының сапасын арттыру – 70%;
  4. Жаңа білім траекториялары анықталған модульдік білім бағдарламаларын дамыту – 2;
  5. Студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту – 40%;
  6. ПОҚ-тың академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту – 20%
  7. Шетелдік басылымдарда (импакт-фактормен) және Хирша индексіне сілтеме жасайтын ғылыми мақалалар жариялау – 3;
  8. Ғылыми монографиялар шығару – 3;
  9. Білім алушылардың СҒЗЖ-на қатысуы – 80%;
  10. Студенттерде отансүйгіштік, толерантылық және адамның құқығымен бостандығын дамыту және қалыптастыру:
    • Көркем өнерпаз және шығармашылық бірлестіктерге студенттердің қатысуы – 50 %;
    • Отансүйгіштік тәрбиені дәріптейтін іс – шараларға қатысуы – 75 %;
    • Мәдени шараларға қатысуы – 80 %;
    • Бұқаралық спорт шараларына қатысуы – 90 %.
  11. Жұмыс берушілермен ынтымақтастық арқылы түлектердің жұмысқа орналасуын арттыру – 86 %, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 78 %

Қазақстан тарихы кафедрасының міндеттері:

Қазіргі мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында ҚР  тарихы пәнін оқытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; Қазіргі ҚР  және таяу шет елдердің тарихын, қазіргі заманғы тарихи-саяси жағдайды посткеңестік кеңістіктегі проблемаларды зерттеу және оқыту әдістемесі бойынша жүйелі ғылыми зерттеулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;

Негізгі қызмет түрлері:

  • Тарих, археология және этнология шеңберінде іргелі ғылыми білімге ие, инновациялық ойлау мен белсенді өмірлік ұстанымы бар жоғары білікті педагог кадрларды және ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асыру;
  • Оқу жоспарларында бекітілген кафедра пәндері бойынша күндізгі және дистанциялық оқу нысандарында оқу процесін іске асыру;
  • Ғылыми-зерттеу қызметі мен білім беру процесін белсенді енгізуге жәрдемдесу;
  • Саясатты іске асыру, университет басшылығының сапа саласындағы;
  1. Оқытудың инновациялық әдістері мен Болон процесінің параметрлерін жүзеге асыру мақсатында кафедрада оқытылатын пәндер бойынша «Тарих» мамандығы студенттерінің үлгерім сапасын 90%-ға арттыру
  2. Қаржыландырылатын инновациялық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуы
  3. Университет студенттері арасында көшбасшылық дағдысының деңгейін арттыру және патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шараларды жүргізу
  4. 5В020300, 5В011400 «Тарих» мамандығы бойынша орыс тілі бөліміне талапкерлерді қабылдауды арттыру
  5. Тарихшы-студенттердің ағылшын тілін меңгеру дәрежесін жақсарту
  6. Студенттердің шетелдік журналдарда және халықаралық, республикалық конференцияларда оқытушылармен авторлық бірлестікте мақала жариялауды 85% -ға жеткізу
  7. Кафедра оқытушыларының импакт-факторы бар шетелдік басылымдарға мақала жариялауын арттыру
  8. Халықаралық аккредитациядан өту барысында сәйкессіздіктерді болдырмау