Кафедры меңгерушісі: Султанова Нургуль Камильевна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 77-32-04
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Кашаганова 1 көш.

1989 жылы 80 жылдық тарихы бар сол кездегі Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетіндегі «Педагогика және психология» кафедрасы қармағынан «Бастауыш  оқыту әдістемесі және Музыка» мамандығы ретінде ашылады.  1990 жылы «Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі»  кафедрасы өз алдына жеке ұжым болып бөлініп шығады. Қазіргі таңда «Педагогика» факультетінің қарамағына қарасты «Музыкалық білім»  кафедрасы 25- жылдық тарихы бар қала көлемінде ғана емес облыс, республика аумағына танымал ұжымға айналған.

Кафедра құрамында 3 педагогика ғылымдарының кандидаттары- доцент Н.К.Сұлтанова, Т.Ш.Ахметова, Б.Қ.Бодауова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, А.Т.Бейсембеков, Еңбек сіңірген қайраткері О.Ж. Сейтқазы, аға оқытушылар: Е.В. Колбина, Ж.Н. Айтжанова, А.А.Саткенова және т.б. тәжірибелі ұстаздар  қызымет атқарады.

Арнайы пәндерді оқытуда қалыптасқан дәстүрді жоғары деңгейде жалғастырып келе жатқан ұстаздар: Ж.Т.Тыныбаева, Е.Е.Какимов,  Төребаева А.М., А.С.Серіков,  Н.Б.Сағындықова, О.А.Ковешникова, талмай еңбек етуде.

Кафедраның бірқатар білікті ұстаздары өнердің дамуына және қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқандары үшін мемлекеттік және салалық марапаттарға, дипломдар мен алғыс хаттарға ие болуда.  Сонымен қатар Т.Ш.Ахметова, Ж.Т.Тыныбаева және Н.К.Султановалар биылғы жылы «Өрлеу» кәсіби біліктілігін көтеру орталығының ұсынысымен Португалия елінде өз біліктіліктерін көтеріп қайтты. Аталмыш мамандықта көршілес Қытай, Монғол елдерінің азаматтары да білім алуда.

Бүгінгі таңда білім берудің кредитті жүйесіне көшкен кафедра 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша мамандар дайындайды.

  1. 5В010600Музыкалық білім мамандықтарының түлектерін кемінде 90% жұмысқа орналасуға қамтамасыз ету
  2. 90% кафедра студенттерін ғылыми үйірме қатыстыру
  3. Импакт-фактор журналына 2 мақала кафедра оқутуышылар әзірлеу
  4. Ағылшын тілінен мамандық бойынша 1 оқытушы дайындау
  5. Дәріс-вебинар Омским ГПУ бірлесе оытрып
  6. Кафедра оқытушылары 4 әдістемелік-құрал баспадан шығару
  7. Балалар музыка мектебі мен ЖББОМ арасында 2 семинар, 2 байқау өткізу