5В010600 – Музыкалық білім

Құрметті дос!

Егер де сіз ән салып, әр түрлі аспапта ойнасаңыз, онда сіз ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА болғандығыңыз және сіз міндетті түрді бізбен бірге болуыңыз керек!

Бойында өнері бар талантты мамандар әр қашанда бізбен бірге, 25 жылдық тарихы бар «Музыкалық білім » кафедрасында жұмыс істейді және білім алады.

muz3001 1muz3001 2

muz3001 3muz3001 4muz3001 5

Сіз ЖЕКЕ ДАРА шығармашыл тұлға болғыңыз келе ме?

Біздің төмендегі мамандықтарға түсу арқылы өзіңіздің шығармашылық қабілетіңізді дамытуға және шыңдауға болады:

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУбакалавриат, мамандық шифры, мамандық атауы: 5В010600 – Музыкалық білім
оқу мерзімі: 4 жыл
оқу нысаны: күндізгі және сырттай
білім беру деңгейі – жоғары кәсіби білім;
академиялық дәрежесі/квалификациясы: білім беру бакалавры
Мамандықтың ерекшеліктері – осы мамандықты аяқтаған соң жалпы орта білім беру жүйесінде педагогикалық және ұйымдастыру, басқару қызметін атқара алуы, әртүрлі мекемелерде (мектеп, гимназия, лицей) музыка мұғалімі қызметінде сабақ беруі және таңдаған мамандығы бойынша қосымша педагогикалық қызметтерді атқаруы. Сонымен қатар таңдаған траекториялары бойынша қосымша қызмет атқара алады. (Музыкалық-көркем жұмыстарды ұйымдастырушы-педагог және музыка мұғалімі, қосымша білім беру педагогы және музыка мұғалімі, балалар мектепалды білім беру мекемесінің музыка жетекшісі және музыка мұғалімі).

muz3001 6 muz3001 7

Сізді МУЗЫКА ӘЛЕМІ қызықтырады ма?

Онда сізге кафедраның профессорлары, еліміздге белгілі өнер қайраткерлері мен тәжірибелі оқытушылары музыка өнерін меңгеруге көмектеседі.
Сіздер біздің мамандықтан мынаны үйренесіздер: – Әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауға (фортепиано, баян, домбыра), балалар хорына жетекшілік етуге, халық ұлтаспаптар оркестрін ұйымдастыра білуге және фольклорлық ансамбльге жетекшілік ете білуге, академиялық және эстрадалық бағытта ән айтуға үйренесіздер.

muz3001 8 muz3001 9

muz3001 10muz3001 11

БІЗДІҢ ТАНЫМАЛ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ:
1. Тұрсынғазы Рахимов – дәстүрлі ән өкілі, композитор, ҚР мәдениет қайраткері
2. Толғанбай Сембаев – дәстүрлі әнші, ҚР мәдениет қайраткері
3. Нұриден Иманбаев – әнші, Семей қалалық мәдениет сарайының директоры.
4. Әсел Омарова –Москва қаласында өткен «Хрустальный звон» (1-орын), Сочи қаласында өткен «Молодая звезда» (2-орын) Халықаралық байқаулардың лауреаты, Астана қаласында өткен Республикалық «Жас канат» байқауының «Гран-При» және Павлодар қаласында өткен «Жас толкын» байқауларының жүлдегері
5. Ноғайбаева Гулдана – Ш.Қалдаяков әндері, Ә.Найманбаев, «Шабыт» және «Майра әндері» атты Республикалық байқауларының лауреаты

muz3001 12 muz3001 13

muz3001 15muz3001 16

Бізде ТЕГІН ОҚУҒА мүмкіндік бар, ол үшін:
– мемлекеттік гранттар;
– облыс, қала, аудан әкімдерінің гранттары қарастырылған.

Сіз ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕКТІҢ төмендегідей түрлерін ала аласыз:
– мемлекеттік шәкіртақы/стипендия/;
– облыс, қала, аудан әкімдерінің шәкіртақылары;
– оқу ақысын төлеуде біршама жеңілдіктер қарастырылған.

Университеттің ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРЫ мен КІТАПХАНАДАҒЫ кітаптар қорымен шектеусіз қолдана аласыз

muz3001 18 muz3001 19

Өзіңізді ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН қоғамдық жұмыстармен айналысуыңызға жағдай жасалған.
– көңілді тапқырлар клубы /КВН/;
– көркем-шығармашылық үйірмелері: вокал, би, әзіл- сықақ театры;
– сән театры;
-спорттық секциялар және т.б.

muz3001 20 muz3001 21

muz3001 22muz3001 23

muz3001 24muz3001 25

muz3001 26muz3001 27

Әр түрлі қоғамдық ҰЙЫМДАРДЫҢ мүшесі бола аласыз!
– жастар ісінің комитеті;
– Қазақстан студенттерінің Альянсы;
– студенттер кеңесі және т.б.

Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Тәнірбергенов көшесі, 1, №2 оқу ғимараты, 110 кабинет
Телефон.: +7(722 2) 30-43-20. E-mail: muz_kaf@mail.ruЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ мамандығы– жәй ғана мамандық емес, ол өмір мен өнердің үндестігі, тек өзіңнің ғана емес, басқада адамдар мен балалардың ерекше шығармашылық қабілеттері мен жан сұлулықтарын дамытуға ықпал ететін КӘСІП!

muz3001 28

ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҢЫЗ,
БІЗБЕН БІРГЕ МУЗЫКА ӘЛЕМІНІҢ ЕСІГІН АШЫҢЫЗ!
ҚОШ КЕЛДІҢІЗ ТАЛАПКЕР!