Кафедры меңгерушісі: Джанбубекова Мейрамгүл Зейнеғабылқызы
БАЙЛАНЫСТАР

E-mail: kaf.pedpsiholog@post.semgu.kz

Мұғалімдер кадрларын дайындаудағы маңызды рөл педагогика кафедрасына тиесілі. Бұл кафедраның құрылуына профессорлар мен білім саласындағы көрнекті өкілдер: Ж.Даукеев, Нечаев А.П.., доценттер  Алеев И.В., Ужгина З.Ч., Журавлев В.И., Романов А.П., Есекеев Ж.Е., Ахтамбеков К.А., Айманов Г.И. және т.б. үлкен еңбек қосты.

Педагогика кафедрасының дамуы Сағындықов Е.С., доценттер педагогика ғылымдарының докторы Магауова А.С., п.ғ.к., Буланова Ф.З., п.ғ.к. доцент Абдикаримов М.О., п.ғ.к., доцент Избасарова Ф.Д., п.ғ.к., доцент Дуйсембекова Ш.Д.,  п.ғ.к.,  доцент Аубакирова Р.Ж., есімдерімен байланысты. Қазіргі уақытты педагогика кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы Джанбубекова Мейрамгүл  Зейнеғабылқызы.

 

БӨЛІМШЕ ТУРАЛЫ

Кафедрада 12 оқытушы бар, оның ішінде 1 педагогика ғылымдарының докторы,  5 педагогика ғылымының кандидаты, 7 аға оқытушы, 4 педагогика ғылымының магистрлары қызымет атқарады.

Мамандықты даярлау барысынды кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы  үнемі кәсіби біліктілігін арттыру жұмысымен шұғылданады.

Педагогика  кафедрасы 5В010200 –Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу  мамандығын дайындауда келесі нормативтік-құқықтық құжаттарға сүйене отырып жүзеге асырады: ҚР «Білім туралы» Заңы, «ҚР ЖОО жалпыға бірдей мемлекеттік стандарты»,  құқықтық сапа менеджменті құжаттары.

Оқу процесінде білім берудің классикалық үлгілері дәріс, семинар, лабораториялық және тәжірибелік сабақтар сонымен қатар жаңа іскерлік ойын, шеберлік класс, қашықтықтан оқыту технологиялары сияқты формалары қолданылады. Сабақты  білікті жоғары оқытушылар ғылыми-әдістемелік деңгейде жүргізеді.

Педагогика  кафедрасы жоғары деңгейлі 5В010200 –Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу  мамандықтары бойынша кіріктірілген оқыту үрдісінде жаңа технология жетістіктері мен ғылыми зерттеу негізінде Қазақстан Респубикасының нарықтық сұранысына сәйкес даярлайды.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • Жоғары білімді педагогикалық профильді және ғылыми педагогикалық бағыттағы мамандырды қоғам және мемлекет үшін даярлау.
  • Жоғары білім беру мәселелері бойынша және кафедраның ғылыми зерттеу бағыты бойынша зерттеулер жүргізу, ғылыми қолданбалы  іргелі , ізденушілік, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • Басқарушы және педагогикалық кадрларды дайындау және біліктіліктерін арттыру.
  • Қазіргі заманауи жағдайында  білімалушы студенттерді еңбекке және өмірге қабілеттілігін қалыптастыру.
  • Қоғамның адамгершілік, мәдени және ғылыми құндылықтарын сақтау және жаңғырту.
  • Қоғамда білімді тарату және біліми-мәдени деңгейін көтеру.
  • Педагогика кафедрасының алдына қойған міндеттері:

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

Педагогика кафедрасы факультетте педагогикалық мамандарды даярлауда оқу әдістемелік, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын  ең негізгі бөлімше болып саналады.

Педагогика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы университтеттің барлық педагогикалық мамандықтарына қызмет көрсетеді және олардың кәсіби өсуіне үзіліссіз жұмыс атқарады.

Оқу үрдісінде оқытудың классикалық формалары: дәріс, семинарлар, зертханалық және тәжірибелік сабақтар,  сонымен қатар жаңа заманауи формалары: іскерлік ойындар, мастер-кластар, қашықтықтан оқыту технологиялары  қолданылады.

Сабақты жоғары білікті оқытушылар ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді.

Оқыту үрдісінеде инновациялық білім беру технологиялары белсенді қолданылады. Кафедра оқытушыларымен электронды оқу құралдары, бейне-дәрістер, слайд-дәрістер,  оқытудың ақпараттық құралдары және де студенттерге халықаралық сапалы білім алып өзіндік оқу траекторияларын таңдауға мүмкіндік береді.

  1. Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамының оқу-әдістемелік құралдарын баспаға дайындау және шығару-1;
  2. Профессорлық-оқытушы құрамының біліктілігін көтеруді ұйымдастыру-3 оқытушы;
  3. Шет ел ғалымдарын шақыру. Дәріс оқуға- 1 ғалым;
  4. Қаланың оқу орындарымен байланысты дамыту және нығайту;
  5. Жұмыс жоспары негізінде Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті мен өзара қарым-қатынасты дамыту;
  6. Мамандық студенттерін ғылыми студенттік конференцияларға және түрлі деңгейдегі ғылыми жобаларға қатыстыруды 75% көтеру.
  7. Кафедра мамандықтары бойынша бітіруші түлектерін жұмыспен қамтуды 92% көтеру.
  8. Кафедра мамандықтары студенттерінің академиялық ұтқырлықпен қамтуды – 1.
  9. Мамандық студенттерін университет және факультеттің қоғамдық өміріне және іс-шараларға қатысу санын көтеру 92 %.