Кафедра меңгерушісі: Джумажанова Гульжанар Какимжановна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-93-89
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Кашаган көш. 1, 101 кабинет
E-mail: kaf.psychology@semgu,kz

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің  психология кафедрасы  білім  беру саласында жоғары білікті  мамандар  даярлайтыны мәлім.  5В010300 – Педагогика және психология, 5В050300 – Психология мамандықтарының түлектері  еңбек  нарығында  жоғары  бағаланады. Игерген мамандыққа сәйкес  білім беру (педагог-психолог) және  тағы басқада  салаларда (денсаулық, бизнес, ішкі істер министрлігінде, төтенже жағдай, әлеуметтік) жұмыс істейді. Барлық түлектер жұмыспен қамтылған.

Кафедра оқытушылары ЮНИСЕФ жобасын жүзеге асыруда қатысады: «Ауылдық жердегі мектеп жасына дейінгі балалар үшін арнайы әлеуметтік шарттар моделін дамыту ретінде Әуезов және Шелобай (Бакырчик) поселкісінде лекотекалар ұйымдастырылды»; «Қазақстанда орналасқан осал топтардың арасынан қауіп-қатер ауыртпалығын төмендету бойынша қолдау көрсету»; «Лекотека әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасын жүзеге асыру формасы ретінде», № 517504  Темпус Евроодақ «Орта Азия елдерінде  педагогика мен менеджмент оқу бағдарламаларын  жаңарту және дамыту»  және    ҚР  ғылым және білім министрлігі қаржыландарған «Қазақстан Республикасынның азаматының мінез-құлқын  әлеуметтік және саяси   психолингвистикалық әдістер арқылы түзету».

Психология кафедрасында «Жылдың үздік  оқытушысы» атты гранттының иегерлері оқу-тәрбие үрдісін іске асырады:

  • 2012 жыл – профессор Сатиева Ш.С.
  • 2013 жыл – доцент Джумажанова Г.К.
  • 2015 жыл – доцент Турсунгожинова Г.С.

Кафедра мамандық даярлауға байланысты  профессорлық оқытушылар  құрамының(ПОҚ)  жалпы саны 20 оқытушыдан тұрады:

  • 1 – профессор;
  • 7  – ғылым кандидаты;
  • 1  – PhD доктор;
  • 5 – ғылым магистрі;
  • 3 –аға оқытушы;
  • 3 –оқытушы.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілігімен студенттер ғылыми үйірмелерде, оқу-зерттеушілік топтарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді, халықаралық, аймақтық, студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға, аймақтық олимпиадаларға, студенттік ғылыми жұмыс конкурстарына қатысады.
Түлектер ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке бағытталған, өз оқуларын магистратурада жалғастырады.
Студенттер мен магистрлардың  болашақ жұмысына қажетті дағдыларды меңгеру мақсатында  оқу үрдісіне  тренингтер мен тәжірибелік  сабақтар  кірістірілген.      Сонымен қатар:

  • Өз бойындағы мықты жақтарын және ерекше қабілеттерін айқындау үшін;
  • Кез келген психологиялық  мәселелерде, кикілжіңдерде, өзін және өзгені түсініп, оңтайлы шешім  қабылдау  үшін;
  • Өзін-өзі басқарудың, сенімді мінез-құлықтың  және тиімді қарым-қатынасқа түсу дағдаларын  қалыптастыру  үшін.

Студенттердің игерген білімдері болашақ  мамандықтарындағы жетістіктеріне, ғылымда және  жеке өмірлерінде  өзіндік мүмкіндіктерін анықтауға көмек тигізеді.

Біз студенттер мен магистрларды даярлауда білім деңгейіне байланысты  психо-педагогикалық іс-әрекеттерде  ептілік пен  кәсіби құзіретті, бәсекеге қабілетті, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер министрлігі, төтенше жағдай және де  Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдарында  жемісті қызмет етуге, сонымен қатар    тәжірибелік қолданыс аймағында жүйелі ойлап және  пікірді өзгертуге қабілетті,   кәсіби және   азаматтық  жауапкершілікті   ұғынатын  жеке тұлғаның   қалыптасуын қамтамасыз етеміз.

Кафедра   кәсіби құзыретті тәжірибелік-зерттеуші, жаңашыл, кеңесші,  еңбек нарығында динамикалық шарт негізінде қажеттілікті қамтамасыз ететін жоғары маман даярлауда  өз үлесін енгізеді.

Кафедраның міндеті:

  • Бітіруші түлектің үнемі өзіндік дамуы мен шыңдалуына, психо-педагогикалық ғылымдардың жаңашыл  бағытының дамуында  жаңа  білім мен  құзіреттілік  шеберлігін  игеруге даярлау;
  • Психо-педагогикалық мәселелерді білікті әрі жүйелі түсіну, ақпараттық ресусратдағы заманауи оқытылатын құралдарды қолдануда немесе ғылыми педагогикалық  және  ғылыми зерттеу іс-әрекет негізіндегі дағдыларды игерген маман даярлау;
  • Бәсекеге қабілетті зерттеуші-маман, ғылыми іс-әрекетте құзіретті, бүкіл әлімдік тәжірибемен және білім берудегі психологиялық даму тенденцияларын игерген  түлекті  даярлау;
  • Мамандықтың пәндік аймағына байланысты жүйелі түсіну  қабілетін,   білім берудегі ғылыми қолданбалы  жұмыстарды   жүргізетін маман даярлау;
  • Отанға деген махаббат, әр түрлі мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты құрметтеу рухын тәрбиелеу.

ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ:

  • Ұйымдастыру технологиясы (заманауи психо-педагогикалық технологиялар негізінде студенттер мен магистрларға оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру);
  • Ғылыми зерттеу жұмыстары (халықаралық, аймақтық ғылыми-зерттеу  жобаларын модельдеу және жүзеге асыру,  студенттер мен магистрлармен бірлескен ғылыми жобалар даярлау,  халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру және қатысу, халықаралық бірлестіктің дамуы);
  • Жоғары оқу орыннынң білім беру кеңістігінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
  • Оқу –тәрбиесін жобалау мақсатында аймақтық білім беру  ұйымдарымен өзара қатынас,  тәрбиеленушілердің өзіндік ерекшелігі және  психо-педагогикалық зерттеудің әлеуметтік дамуы; білім алушылардің жас және өзіндік ерекшеліктерін негізге ала отырып, түзету-дамыту жұмыстарын  бағдарламасын құрастыру.
  1. Оқытушыларға, магистранттар мен студенттерге дәріс оқу үшін шет елден 1 ғалым шақыру;
  2. Кафедра бойынша профессорлық-оқытушылық құрамының басылымдары монографиялар – 3, оқу-әдістемелік құрал – 3;
  3. Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға білім алушыларды тарту деңгейін жоғарылату – 95%;
  4. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру – 1 студент;
  5. Бітірушілердің жұмысқа орналасуы – 100%;
  6. Кафедраның профессор- оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру – 30%;