5B050300 – Психология

ps2801 1 1Сен дұрыс таңдау жасадың!

Себебі «Психология» кафедрасы болашақ психологтарды дайындауда жүйелі ұйымдастыру қабілеттері мен бейімділіктеріне қарай ғылымның, өндірістің, өнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қолжеткізе алатын мамандықты таңдауға бағыттайды. Студенттердің оқудағы, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік қызмет саласындағы құзіреттілігін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз бейінін айқындау мен шыңдай түсуде оқытудың жаңа формалары мен психологиялық қызметті құру әрі оның жан – жақты жұмыс жасауы көптеген тиімділіктерді береді.

БІЗДІҢ БАСЫМ ЖАҚТАРЫМЫЗ:
– Түлектердің еңбек нарығында қажеттігі;
– Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша отандық және шетелдік ЖОО-да білім алу мүмкіндігі;
-Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетіндегі белсенділік;
– Білім беруден тыс университет өмірі (КВН, спорттық, шығармашылық шаралар);
-Студенттердің түрлі психологиялық тренингтерге, клубтарға, дәрістерге, іс-тәжірибелерге, орталықтарға қатысуы.
– Бітірушілер өз білімдерін магистратурада жалғастыра алады.

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МҮМКІНДІКТЕРІ:
– ЖОО мен ғылыми-зерттеу орталықтары;
– Оқу-тәрбиелік кешендер, мектептер, бала бақшалар;
– Медициналық ауруханаларда;
– Әлеуметтік ұйымдарда;
– Арнайы білім беру ұйымдарында;
– Қызметке қабылдау ұйымдарында;
– Құқық қорғау органдарында;
– Әскери бөлімдер мен арнайы бөлімшелерде;
– Басқару сферасында.

БАКАЛАВРИАТ
Оқыту траекториясы:
– Практикалық психология
– Арнайы психология (дефектология)

ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫ:
-Күндізгі (іштей)- 4 жыл,
Қашықтан оқыту технологиясы (сырттай):
-екінші жоғарғы білім – 2 жыл
-орта арнаулы білімнен кейін – 3 жыл
КВАЛИФИКАЦИЯ:
5В050300-Психология бойынша әлеуметтік білім бакалаврі

МАГИСТРАТУРА
Оқыту траекториясы:
– ғылыми-педагогикалық;
-ғылыми-зерттеушілік

КВАЛИФИКАЦИЯ:
6М050300-Психология
бойынша әлеуметтік ғылым магистрі

Оқу тілі: қазақ,орыс тілінде
ҰБТ бойынша таңдау пәні – БИОЛОГИЯ

«Психология» мамандығының студенттерінің қызыққа толы сәттері

ps 1 ps 2

ps 3

Қызықты кездесулер, сабақтар мен тренингтер!!!

ps 4 ps 5

ps 6ps7

ps8ps9

ps10ps11ps12

Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық

ps2801 13 ps2801 14 ps2801 15

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетелдік ғалымдар студенгттер мен оқытушыларға арнап мастер-класс және дәріс жүргізу үшін арнайы шақыртылды. Әлемдік білім беру жүйесіне интеграция психология кафедрасының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Мамандарды дайындап, бірлестіктерді дамыту, ғылыми – педагогикалық біліктіліктерін жоғарылату жұмыстары бойынша университет жетекші ғылыми орталықпен келісім жұмыс жасауда. Психология кафедрасында 2-7 желтоқсан аралығында Питсбург мемлекеттік университетінің психология ғылымдарының PhD докторы Гвендолина К. Мердоки, Туркияның Мармара университеті,Түркітану ғылыми-зерттеу институтының Phd. докторы, Ниргис Бирай магистранттарға психология практикумы, психодиагностика, эксперименталды психология, психологиядағы математикалық зерттеу әдістері пәндерінен дәріс жүргізді.

Президенттік степендия иегерлері: ПХ-015 студенті Абдулова Дана, ПХ-215 тобының студенті Жоламанова Айым.

ps15

Жоламанова Айым – «Психология» кафедрасының
ПХ-215 тобының 3-ші курс студенті, президент степендиясының иегері.

ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР…
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Психология кафедрасының студенті Абдрасилова Айдана Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2012-2013 оқу жылының 1-ші семестірінде білімін алды.
5B050300 15

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті
Гуманитарлық педагогикалық факультеті
Психология және педагогика кафедрасының студенті Мухаметқалиева Еркежан Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінде 2014-2015 оқу жылының 1-ші семестрінде «Психология» кафедрасында білімін алды.

ps13ps14

Нурсадыкова Жайдары «Психология» кафедрасының ПХ-215 тобының 3-ші курс студенті. 2014-2015 оқу жылының 1-ші семестрінде Турция елінің Памукалле университетінде оқып келді.

БАРЛЫҒЫ СЕНІҢ ҚОЛЫНДА!
БІЗ СЕНІ КҮТЕМІЗ – БІЗГЕ ҚОСЫЛ!