Государственный университет имени Шакарима города Семей осуществляет прием документов для участия в конкурсе на присуждение государственных образовательных грантов с 18 по 26 июля 2018 года. Наш адрес: г. Семей, ул. Глинки 20 А, телефон: 31-87-79

5B050200 — Политология

Құрметті талапкер!

Қандай да бір оқиғаға әрбір адам баға бере алады. Бірақ олардың әрқайсысы оқиғаны жан-жақты талдап, жоғарғы деңгейде айтып беруі мүмкін емес. Әсіресе ол САЯСАТҚА БАЙЛАНЫСТЫ болса. Ол өз заңдылығына сәйкес әрдайым өзгеріп отырады, өзгерістер әрқашан да бір-біріне қарама-қайшы. Айтылған саясатқа қажетті деңгейде сараптама жасайтын адамды саясаттанушы деп атайды. Сондықтанда болашақта осы маман иесі болып, МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМҒА, САЯСАТ ПЕН БИЛІККЕ ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОСҚЫҢ, осы мамандықты таңда!

politology2901 1politology2901 2

Бұл мамандық иелері ҚОҒАМДА БОЛЫП ЖАТҚАН ОҚИҒАЛАРДЫ тыңғылықты талдап және болашаққа дәл БОЛЖАУ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ САЯСАТКЕРЛЕР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ұтымды кеңестер айта алады.

politology2901 3

Сен болашақта САЯСАТТАНУШЫ маман иесі болсаң:
-мемлекеттік қызмет;
-әкімшілік;
-агентіктер, саяси консалтингпен айналысушылар және сайлаушы технолог;
-қоғаммен байланыс бөлімдері;
-ірі корпорациялардың баспа орталықтары
-РR-мамандары (мекемелердегі қоғам мен мекеме байланысын үйлестіруші мамандар, менеджерлер)
-бұқаралық ақпарат құралдары;
-ғылыми орталықтар;
-саяси және қоғамдық ұйымдарда қызмет ете аласың.

politology2901 4

Бізде ТЕГІН ОҚУҒА болады, ол үшін:
— мемлекеттік гранттар
— облыс, қала, аудан әкімдерінің гранттары
— Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің гранттары бар.

politology2901 5

Сен ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕК ала аласың:
— мемлекеттік шәкіртақы/стипендия/
— облыс, қала, аудан әкімдерінің шәкіртақылары
— оқу ақысын төлеу кезіндегі зор жеңілдіктер бар.
Өзіңді ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН кез-келген іспен айналысуыңа болады.
— тапқырлар клубы
— дебат клубтары
— Ән, вокал,
— спорттық секциялар және т.б.

politology2901 6politology2901 7

politology2901 8politology2901 9

Әр түрлі қоғамдық ҰЙЫМДАРДЫҢ мүшесі бола аласың
— жастар ісінің комитеті
— Қазақстан студенттернің Альянсі
— Студенттер Кеңесі және т.б.

politology2901 10politology2901 11

ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДА,
БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕ ТАСЫН БІРГЕ ҚАЛАЙЫҚ!
ҚОШ КЕЛДІҢ!