«Ғылыми немесе ғылыми-техникалық жобалардың нәтижелерін коммерцияландыру»

Маржан Смайлханова     03 Jul,2017        

Жуырда Шәкәрім Университетінде “Ғылым қоры” АҚ өкілдерінің қатысуымен ғалымдар мен кәсіпкерлерге арналған семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы – гранттық қаржыландыруға арналған «Ғылыми немесе ғылыми-техникалық жобалардың нәтижелерін коммерцияландыру»  конкурсының негізгі ережелерін түсіндіру. Осы мәселе бойынша  қордың үйлестірушісі Қажкенов Г.З. сөз сөйледі. Семинар кезінде университет және басқа ЖОО мен кәсіпорындардың өкілдері қажетті мәліметтер алды, сонымен қатар әртүрлі сұрақтар қойды. Семинардың екінші бөлігінде аграрлық және инженерлік-технологиялық факультеттерде  «Ғылым қорының» мамандары дайындалған жобалар бойынша тікелей кеңестер берді. Жиын соңында, мамандар университет ғалымдарының жоғары ғылыми әлеуетін атап өтті.