Инновационный подход в психолого-педагогическом сопровождении детей с тяжелыми нарушениями речи» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Пресс-служба     27 Jun,2018        

2018 жылдың 22 маусымында Инновациялық білім беру орталығында  «Инновационный подход в психолого-педагогическом сопровождении детей с тяжелыми нарушениями речи» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсатына сәйкес қатысушылармен тілі мен психикалық дамуында тежелуі бар, аутизм спектрі бұзылулары, сенсорлы-моторлы алалиясы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі аспектілері қарастырылды.

Семинар-тренинг барысында тілінің дамуында бұзылулары бар балалармен жұмыс істеудің әдістемелері және технологиялары ұсынылып, университеттің Инновациялық білім беру орталығы мамандарының қабылдауларында жүрген балаларды қатыстырып,  практикалық сабақтар өткізілді.

Іс-шараға логопед-дефектологтар, психологтар, білім беру мекемелерінің түзету сыныптарының мұғалімдері, сонымен қатар ШҚО және Семей қаласының арнайы қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.

Семинар-тренингті орталық логопеды А.Н.Даренских өткізді.