Қалалық Жайдарман ойынының Жоғары лигасына университетіміздің «Филологтар» командасы жолдама алды

Пресс-служба     03 Mar,2019        
Елбасы жариялаған  «Жастар жылы»  аясында 2019 жылдың 1,3-наурызында қалалық мәдениет сарайында «Маусымашар – 2019»  жайдарман  фестивалі өтті. Маусымашарға  24 команда қатысты. Бұл қатарда жаңа топтар мен жайдарман ойынының ардагерлері де бар.
Ойын нәтижесі бойынша Шәкәрім университеті, қазақ филологиясы факультетінің қыздардан құралған «Филологтар» жайдарман тобы жоғары лигаға жолдама алды. Сонымен қатар «Жыл жаңалығы» номинациясына да ие болды. Команда мүшелері жақсы ойын өрнегін көрсете білді.
Тартысты да қызықты ойын әлі алда. Университет намысын қорғап жүрген қыздарымызға сәттілік тілейміз!