Қара үзген төреші Қара теңіз жағасында

Асем Утешева     28 Jun,2018        

Грузияның Батуми қаласында Халықаралық Қазақ күресі федарациясының (IQKF) аясында І-ші Еуропа чемпионаты өтті.

«Кәрі құрылықтың» 21 мемлекетінен келген 78 палуан Қара теңіз жағасында 9 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтады. Аталған доданың Бас хатшысы міндетін Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық дәрежедегі төреші Ақжігітов Болат абыроймен атқарып қайтты.

Дәстүрлі елдің асыға күтетін «Қазақстан барысы» турнирінде әділ қазылық етуіне тілектестік білдіреміз!