“Қазақ халқының бойында өзіне ғана тән ұлттық қасиеттер бар …”

Маржан Смайлханова     26 May,2017        

Шәкәрім Университеті қабырғасында Ғарифолла Есімнің 70 жас мерей тойы атап өтілген кеш барысында ғалымға арнайы әзірленген «Һакім қазақтан – жақсы қазаққа» атты фильмнің көрсетілімі болды.

Осы орайда академик: «Қазақ халқының бойында өзіне ғана тән ұлттық қасиеттер бар екендігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл ерекшеліктерді батыстың мәдениетімен салыстыруға болмайтындығын жеткізді.»

«Мемлекетімізді құрып, Астанамызды тұрғыздық. Ендігі кезде санада жаңғыру болуы керек. Сол санадағы жаңғыру реализм мен прагматизмге құрылуы қажет. Реализм – артық сөз емес, нақты іске қарау керек. Көпсөзділікті қою қажет. Ал прагматизм қарекет жасауды білдіреді. Бұл сөзді латыннан орысшаға аударған кезде мағынасы «действие» деген сөзге саяды. Қарекеттен нәтиже алу керек. Сол кезде біз жаңғырудың жоғарғы деңгейіне жетеміз», – деп түйіндеді ойын профессор.