Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ., Глинки көш., 20 А, телефон: 31-87-79

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы қорының стипендия иегері

Асем Утешева     28 Nov,2017        

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры жыл сайынғы республикалық студенттік шәкіртақы сайысының қорытындысы шығарылды.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандағы 2 курс магистранты Махметова Надира Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы қорының стипендиаты атанды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы қорының студенттік шәкіртақы сайысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты да білімді жастардан 650-ден астам өтініш түскен. Соның ішінде 80 студент жеңімпаз атанды.

Махметова Надира Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы қорының стипендиаты атанбас бұрын өте үлкен байқаудан өтті. «Университет қабырғасында оқығанда қатысқан түрлі облыстық, республикалық олимпиада, конференциядағы жетістіктерім көп септігін тигізіп осы үздіктер қатарынан көріндім. Осы сайыста үздіктердің қатарынан көрініп, стипендиат атанғаныма өте қуаныштымын. Ең бірінші ата-анама рахмет айтамын. Сондай-ақ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Ескендіров Мейір Ғариполлаұлына және ғылыми жетекшім Атантаева Бақыт Жұмағазықызына алғыс айтамын. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы қорына осындай сайыстар ұйымдастырып, жастарға серпін беріп, ары қарайда білімдерін шыңдауға үлкен қолдау көрсетеді.» – деп Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы қорының стипендиаты Махметова Надира өз ойымен бөлісті.