«Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының ХІV Республикалық шақырылымы

Асем Утешева     04 Dec,2017        

Қараша айының 24-26 аралығында Тараз қаласында «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының дәстүрлі ХІV шақырылымы өтті.

  Шақырылымға 14 өңірден 150 студент қатысты. Университетіміздің, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің 4 студенті, атап айтсақ «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының Семей қалалық бөлімшесінің көшбасшысы Төлеуқадыров Ерасыл, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ университетіміздің көшбасшылары Жайлауғалиев Темірлан, Қайратұлы Бекзат, университет ҚСА белсендісі Шағанұлы Ілияс бұл шақырылымға делегат болып қатысып келді.

  

         Республикалық ҚСА штабы ұйымдастырған көшбасшылар кеңесі, семинар-тренингтер, еркін кездесу, пікір алмасу шақырылымда орын алды. Аталмыш іс – шараларға қатысқан біздің студенттер сертификаттармен марапатталды. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетілдіруі, өңірлік штабтардың жұмыс жүйесі жаңа қабылданған «Қазақстан студенттерінің Альянсы» 2018-2019 жылдары аралығындағы стратегиясында белгіленді.