Қазақстанның құрметті журналисі – 60 жаста!

Асем Утешева     06 Dec,2017        

30 қарашада ҚР Журналистер Одағының мүшесі, журналистика кафедрасының аға оқытушысы Дәулетхан Тілеубердиевтің 60 жасқа толу мерейтойына орай қазақ филологиясы факультетінің салтанатты кеші өтті.

Факультет деканы Айбар Қабыкенұлы мерейтоймен құттықтай келе, Дәулетхан Рамазанұлының журналистика кафедрасындағы радио, телестудия, газет ашу жұмыстарына зор еңбек сіңіргенін айтты.

Университет проректоры Марат Орынтайұлы, ақын Құсмилия Нұрқасым, Орталық мешіттің бас имамы Мақсат Алтыбай, ҚР журналистер одағының мүшесі Мұрат Кенемолдин, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері салтанатты жиынның құрметті қонақтары болды. Дәулетхан Рамазанұлының шәкірті, белгілі журналист Жанжігіт Омархан да тосын сый жасап, меймандар арасынан табылды. Бірі мерейтой иесінің діни журналистикадағы орнын, бірі ұстаздық жолын, енді бірі азаматтық қасиетін сөз етті. Семей қ. ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағын табыстады. Шара барысында республикалық БАҚ саласында қызмет етіп жүрген шәкірттердің құттықтау видеохаты көрсетілді. Әсем ән шырқалып, арнау айтылды.